Химиялық пәндер кафедрасы

 

1219 1

 

КАФЕДРА ТАРИХЫ

Химиялық пәндер кафедрасы 2018 жылдың 14 сәуірінде ұйымдастырылды. Конкурс бойынша кафедра меңгерушісі х.ғ.к., профессор м.а Дәуренбеков Қ.Н. тағайындалды.

Бейорганикалық және химия кафедрасы 1979 жылы тамызда Алматы мемлекеттік медицина институтынының филиалы (АММИ филиалы) ашылған жылы ұйымдастырылды. Бейорганикалық химия кафедрасының алғашқы кафедра меңгерушісі болып АММИ филиалының директоры, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент Тегісбаев Е.Т. тағайындалды.

1980 жылы мына кафедралар ашылды:

– бейорганикалық және физколлоидты химия – кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.к., доцент Тегисбаев Е.Т.

– аналитикалық және токсикологиялық химия – кафедра меңгерушісі фарм.ғ.к., Байзолданов Т.Б.

– органикалық және биологиялық химия – кафедра меңгерушісі, х.ғ.к., Патсаев Ә.К.

Бейорганикалық және физколлоидты химия кафедрасында алғашқы жылдары х.ғ.к., доц. Абдилаев Б.А., х.ғ.к. Алибаева Х.Б., х.ғ.к. Джасымбеков А.К., х.ғ.к. Патсаев Ә.К., тех..ғ.к. Пусурманова Т.Ж. жұмыс жасады.

1985 жылы бейорганикалық және физколлоидты химия кафедрасының меңгерушісі болып конкурс бойынша х.ғ.к., доцент Ермекбаева А.Б. сайланды.

1988 жылы бейорганикалық және физколлоидты химия кафедрасының меңгерушілігіне конкурс бойынша х.ғ.к., доцент Швец И.С. сайланды. Кафедра ұжымы фармацевтикалық және емдеу факульттерін ұйымдастыру үшін өз үлесін қосты. Осы жылдар бойына кафедрада доц. Швец И.С., пед.ғ.к. Ерімбетова С.К., пед. ғ.к. Чуйкова Н.А., Мамытова В.К., х.ғ.к., доц. Шытыбаев С.А., аға лаб. Есімбекова Е.Д. жұмыс жасады.

Аналитикалық химия кафедрасының алғашқы негізін қалаушылар: фарм. ғ.к. Байзолданов Т.Б., х.ғ.к. Құралова Н.Т., Сағындыкова Б.А., Сабыржанова Ә.П., Кульбаева Ұ.А., сонымен қатар кафедрада фарм. ғ.к. Бралинова К., Калелова Р, Мадыбекова Г.М., Тастемирова Д.Н. жұмыс жасады.

Органикалық және биологиялық химия кафедрасының ұйымдастырушысы х.ғ.д., проф. Патсаев А.К. Кафедраның алғашқы оқытушылары: х.ғ.к., доц. Ильясова М.И., тех.ғ.к., доц. Пусурманова Т.Ж. болды. Биологиялық химия курсын б.ғ.к., доц. Аханов А.У. ұйымдастырды. Алғашқы оқытушылар қатарында Жайшибеков Б.С. және Сулейменова Р.Н. болды.

Биологиялық химия курсы бойынша – доц. Қымбетбеков Қ.Қ., Шарипов К.О., Кенжебеков К.П. 

1994 жылы бейорганикалық, физколлоидты, аналитикалық және органикалық химия кафедралары біріктіріліп химия кафедрасы ұйымдастырылды. Химия кафедрасының меңгерушісі болып конкурс бойынша х.ғ.к., доц. Патсаев Ә.Қ. тағайындалды.

Кафедраның қалыптасуына және кадрлар дайындауда үлкен үлес қосқандар х.ғ.к., доценттер Бақтыбаев О.Б., Садықова Ф.Ж. болды

2007-2009 жылдар аралығында медбиология, ФГЗ және химия кафедрасы, ОҚММА. Кафедра меңгерушісі х.ғ.д., профессор Ә.Қ. Патсаев жұмыс жасады.

2009- 2018 жылдар аралығында фармакогнозия және химия кафедрасы, ОҚМФА. Кафедра меңгерушісі х.ғ.д., профессор Ә.Қ. Патсаев жұмыс жасады.

2013 жылы фармакогнозия және химия кафедрасы жанынан кафедра меңгерушісі Ә.Қ. Патсаевтың басшылығымен дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу зертханасы ұйымдастырылды. 

Ғылыми кеңес шешімімен Дәрілік өсімдіктер зертханасы ұйымдастырылды. Ғылыми кеңес отырысының №1 хаттамасы 28.08. 2013 жыл. 

Дәрілік өсімдіктер ғылыми – зерттеу зертханасының жұмысы Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктертерді зерттеп, оның негізінде дәрілік препараттардың субстанциясын жасау. 

 

Кафедраның міндеттері:

Кафедраның жұмысы ҚР Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес «Фармация» (жоғарғы білім беру), «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология» «Фармацевтік өндіріс технологиясы», «Фармация (орта кәсіптік білім алу) мамандықтарына «Химия», «Бейорганикалық химия», «Органикалық химия», «Аналитикалық химия», «Физколлоидтық химия», «Ботаника», «Фармакогнозия» және элективті курс «Фармакогнозия негіздері», «Дәрілік ресурстану», «Химия» пәндері бойынша бағдарламаны меңгеруге жағдай жасауға, сонымен қатар теориялық және тәжірибелік дайындықты терең меңгерген арнайы, кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған;

- Органикалық қосылыстар теориялық негізіне сүйене отырып, қосылыстарды бөліп тазартуды, синтездеу түрлерін меңгеру;

- Негізгі сапалық және сандық әдістер жаңа жетістіктерін меңгеру және қазіргі заманғы перспективті талдау әдістерімен жұмыс жасай білу;

- Қосылыстардың өздігінен жүру үдерістерін болжау және фармацевт тәжірибесінде қажетті химиялық құралдарды қолдана отырып, физика-химиялық өлшеу әдістемелерін анықтай білу;

- Жапырақтар, шөптер, гүлдер және өсімдіктің жер асты бөліктері болып келетін дәрілік өсімдік шикізаттарын анықтау бойынша теориялық негіздерді меңгеру және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

 

Негізгі оқу курстары:

Кафедрада «Фармация» мамандығының студенттері келесі пәндерді оқиды: 

- бейорганикалық химия;

- органикалық химия;

- аналитикалық химия;

- физколлоидтық химия;

- фармациядағы гетероциклді қосылыстар, биополимерлер және липидтер; 

 

«Фармация өндірісінің технологиясы» мамандығының студенттері келесі пәндерді оқиды: 

- бейорганикалық химия;

- органикалық химия;

- аналитикалық химия; 

 

«Жалпы медицина» мамандығының студенттері «Химия» пәнін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды. 

 

Кафедрада жыл сайын оқылатын жаңа элективті пәндер тізімі жаңартылып отырылады. 

 

ХИМИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

2017-2018 оқу жылына химиялық пәндер кафедрасының ғылыми жұмысының бағыты: 1. ЖОО-да химиялық пәндерді оқытудағы инновациялық технологиялар;

2. Дәрілік өсімдіктердің химиясы.

Ғылыми кадрларды дайындау:

х.ғ.д., профессор, «Құрмет» орденінің иегері Ә.Қ. Патсаев жетекшілігімен химия ғылымдарының 5 кандидаты, 2 педагогика ғылымдарының кандидаты, «Химия» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының 7 магистрлері, «Фармация» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының 2 магисті диссертация қорғады. 

«Фармация» мамандығы бойынша 1 РһD докторант, «Фармация» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының 1 магистрантына, «Химия» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының 1 магистрантына жетекшілік етеді. 

фарм.ғ.д., профессор Махатов Б.К. 7 фармация ғылымдарының кандидаттарын, фармация ғылымының докторы, 7 «Фармация» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрлерін дайындады. 

фарм.ғ.к., профессор м.а. Орынбасарова К.К. «Фармация» мамандығы бойынша , медицина ғылымдарының 4 магистрін дайындады. 

фарм.ғ.к., профессор м.а. Токсанбаева Ж.С. 1 «Фармация» мамандығы бойынша медицина ғылымының магистрін дайындады. 

Кафедра ұжымы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 13 оқулықтың авторы, 400-ден аса ғылыми еңбектері жарияланды: 85 оқу, оқу-әдістемелік құралдары, 250 мақала мен тезистері, 30 типтік бағдарламалар, 3 авторлық куәлары және 5 патенттері бар.

 

Кафедрадағы тәрбие жұмысы

Химиялық пәндер кафедрасында тәрбие жұмысы бекітілген жоспар бойынша келесі бағыттарда: ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету, отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, рухани - адамгершілік, эстетикалық және этномәдени тәрбиелеу, ұлттар бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарды ұқыпты қарау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқықтық тәрбие, студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуы үшін іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге бағыттау бойынша жүргізіліп отырды. 

Кафедра тәлімгерлері әрбір оқу жылында келесі тақырыптарда іс-шаралар өткізіп отырды: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жылдағы халыққа жолдауы топтарда талқыланып отырды. Кафедра тәлімгерлері топтарымен бірге жетімдер үйіне, кәмілет жасына толмағандарды қалыптастыру орталығына барып қайрымдылық іс-шараларын өткізді. Мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасына сәйкес түрлі іс-шаралар, спорттық сайыстар өткізіліп отырды, сонымен қатар басқа оқу орындарымен бірлесіп «Интелектуальді ойындар» ұйымдастырылды. Мерекелік күндерге арналып және тәрбие бөлімінен, деканаттан келіп түскен өкімдердің тақырыптарына сәйкес дөңгелек стөлдер, тәрбие сағаттары мен кештер өткізілді. Кафедра оқытушылары студенттер жатақханасында ай сайын кезекшілік өткізіп, кезекшіліктің уақытында түрлі тақырыптарда студенттермен әңгімелер жүргізіп, тәрбие кештерін өткізді. Кафедра оқытушылары жыл сайын аудандарға барып, мектеп бітірушілермен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

2021 жылы 7 сәуірде студенттермен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

 

Академиялық ұтқырлық

Самарқанд мемлекеттік медициналық институты (Өзбекстан Республикасы) мен Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы арасындағы меморандумға сәйкес академиялық ұтқырлық шеңберінде 16.11.2020 - 23.12.2020 ж. Химиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Дауренбеков және химия ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Алиханова Халия Бакадировна СММИ медициналық факультетінің 1 курс студенттеріне «Медициналық химия» пәні бойынша онлайн режимінде дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізді.

 

Қазіргі кезде кафедрада 2 профессор м.а., 5 –ғылым кандидаты, 2 – доцент м.а., 4 – аға оқытушы, 8 – оқытушылар, 1 – зертхана меңгерушісі, 1 – аға лаборант, 2 – лаборант жұмыс істейді.

 

 

1219 2

Кафедра меңгерушісі Дәуренбеков Қанат Нарбекович - х.ғ.к., профессор м.а.., педагогикалық стажы 25 жыл. 1990жылдың тамыз айынан 1993 жылдың қыркүйек айына дейін А.Бектуров атындағы Химиялық институтта кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1993 жылдан 2007 жылдар аралығында ШМФИ ның қарамағындағы ҒЗЖО –да кіші ғылыми қызметкер болып, ОҚММА-да оқытушы, аға оқытушы, химия кафедрасының доценті, емдеу ісі факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. 

2007 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылдың сәуір айы аралығында Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінде оқу-ісі жөніндегі проректор қызметін атқарды. 2009 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың тамыз айы аралығында ШӘПУ-де оқу-ісі жөніндегі проректор қызметін 2014 жылдан бастап химиялық пәндер кафедрасында профессор м.а. болып жұмыс істейді. 2018 жылдың наурыз айынан бастап ОҚМУ-нің «Фармацевтика факультетінде» декан қызметін атқарды. 4 оқулықтың, 10-әдістемелік жұмыстың, 70-тен аса ғылыми әдістемелік мақалалардың авторы.

 

1. Алиханова Халия Бахадыровна - х.ғ.к., профессор м.а. 

2. Шыназбекова Шолпан Сагидуллаевна - х.ғ.к., доцент м.а. 

3. Туребекова Гулзакира Андасовна - пед.ғ.к., доцент м.а. 

4. Дильдабекова Лаззат Анаркуловна - пед.ғ.к., аға оқытушы. 

5. Бухарбаева Айымторы Ешентаевна - аға оқытушы, химия магистрі. 

6. Рысымбетова Жансая Калдарбековна - аға оқытушы, химия магистрі. 

7. Серимбетова Куралай Мухтаровна - аға оқытушы, химия магистрі. 

8. Омиркулов Азамат Шахмуратович - оқытушы, химия магистрі.

9. Джантураева Айдын Мұхаматәліқызы - оқытушы, химия магистрі.

 

Зертханашылар құрамы: Мырзагелдиева Райхан Бейсенбекқызы-зертханасының меңгерушісі, химия магистрі

Лабораттар: Таутаева С.М., Андеева А.К., Насырханова Ж.Д. 

 

 

Кафедра орналасқан мекен жайы:

Шымкент қ-сы, Аль-Фараби алаңы1, бас ғимараты, 5 қабат.

 

 

 

 

2023-03-30 18:15:22 10:13
775 қаралым