«Биология және биохимия» кафедрасы

 

 

Кафедра тарихы

Биология және биохимия кафедрасы 1979 жылдың тамыз айында Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалының фармацевтикалық факультеті болып ашылған кезде кафедра «Ботаника жалпы биология негіздері» деп аталды.
Кафедра құрамында профессор Куандыков Е.У., б.ғ.к, доценттер С.А.Абилаев және А.У.Аханов, Майсаров Д.А., Кульбаева Б.Ж.. к.м.н. Есиркепов М.М., аға оқытушылар: Жолдасов К.Т. және Дюсенбаева Ф.Б., оқытушылар Дмитриева Р.А., Алипбаева Г.С., Конысова Х.С., Жазыкбаева Г.Т., Дарипбек А.Ж. және басқалар., аға лаборант Тасова Л.С жұмыс істеді.
1992 жылы АММИ-нің филиалы Шымкент фармацевтикалық институты болып қайта құрылғаннан кейін жалпы медицина факультеті ашылды. Ботаника және жалпы биология негіздері кафедрасы «Медициналық биология және генетика» кафедрасы болып қайта құрылды.
Әр жылдары кафедра меңгерушілері қызметтерін б.ғ.к., доцент Абилаев С А. (1979-1986, 2002-2007г.), б.ғ.к., доцент Майсаров Д.А. (1986 по 1992 г., 1997 - 2002 г.), медицина ғылымдарының докторы, ҚР МҒА корр. мүшесі, профессор Куандыков Е.У. (1992 - 1997 г.) басқарды.
Биохимия кафедрасы 15.09.1994 жылы Шымкент мемлекеттік медицина институты құрамында ұйымдастырылып - құрылды.
Кафедраның алғашқы жетекшісі міндетін химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Б.С. Жайшибеков атқарды.
1997-2002 жылдары кафедраны профессор А.Ю. Юлдашев басқарды.
Биохимия кафедрасында профессорлар: Шарипов К.О., Юлдашев А.Ю., Кенжебеков П.К.; доценттер: Жұмабаев У.А, Кан А.М., Аблаева З.Ю., аға оқытушылар Суранчиева А.С.; Ордабекова А.Б., оқытушылар–Асилбекова Г.К.; аға лаборанттар: Ибрагимов К.К., Абетаева С.Б., Шортанова К.Т; лаборант – Кудайбергенова П.Б. жұмыс істеді.
2009 жылы меддициналық биология, биохимия және микробиология курстары біріктіріліп, «Биохимия, биология және микробиология» кафедрасы болып аталды.
Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін профессор Шарипов К.О., м.ғ.к. Есиркепов М.М., б.ғ.к. Бурабаев А.А. басқарды.
«Биология және биохимия» кафедрасын 18.04.2018-08.07.2020ж аралығында кафедра меңгерушісі қызметін PhD Ташмухамбетов Б.Ғ. атқарды. «Биология және биохимия» кафедра құрамын 09.07.2020-31.08.2020ж аралығында уақытша кафедра меңгерушісі қызметін аға оқытушы Ордабекова А.Б. атқарды.
«Биология және биохимия» кафедра құрамын 01.09.2020 ж бастап қазіргі таңда кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.к., профессор Есиркепов М.М. атқарады.
Кафедраның оқу-әдістемелік базасын құру мен дамуына б.ғ.к., Кульбаева Б.Ж., м.ғ.к., профессор Есиркепов М.М., х.ғ.к., Аблаева З.Ю., аға оқытушылар Жолдасов К.Т., Ордабекова А.Б., Асилбекова Г.К. белсенді атсалысты.
Кафедрада екі денсаулық сақтау үздіктері жұмыс атқарады, олар: профессор Кенжебеков П.К. және профессор м.а. Кульбаева Б.Ж.
Кафедра оқытушылары үнемі өздерінің кәсіби деңгейлерін аймақтық, республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалармен шығу арқылы, сондай-ақ БЖФ өту, семинарларға қатысу арқылы жетілдіріп отырады.
Кафедра қызметкерлері (Куандыков Е.У., Абилаев С.А., Кульбаева Б.Ж., Темирбеков А.Н.) Қазақстан дәрігерлерінің І – ІІ съездеріне, бүкілодақтық КСРО медициналық ЖОО-ның биология кафедралары меңгерушілері кеңесіне (1982 ж., Суздаль), 11 Халықаралық өсімдіктер эмбриологы симпозиуымына (Ленинград, 1990 ж.), ІІ Халықаралық өсімдіктер анатомы (С-Петербург, 1996 г.) конференцияларына қатысты.
Қазіргі кезде кафедрада 22 қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде биологиялық, химжәне медициналық ғылым кандидаттары 3 профессор, 2 профессор м.а., 1 доцент м.а., 10 аға оқытушылар, 3 оқытушылар, 3 аға лаборанттар.

 

 

Кафедра меңгерушісі Есиркепов М.М

 

 

Кафедра міндеттері:
-бакалавриат, магистратура, резидентура және ҮКДФ мамандарын кәсіби дайындау үрдісінде қазіргі заманғы инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары деңгейде білім беруді қалыптастыру;
- оқулықтар мен көрнекі оқу құралдарын 3 тілде өңдеу және енгізу, студенттер білімін бақылауды қамтамасыз ету үшін бақылау-өлшеу құралдарын өңдеу;
- оқытушылардың кәсіби деңгейін жүйелі түрде көтеру;
- тәлімгерлік қызмет көлемінде, дәрістер оқу және тәжірибелік сабақтар барысында, жатақханадағы кезекшілік уақытында студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізу;

 

Биология және биохимия кафедрасында оқу жұмыстары бекітілген жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. Кафедрада келесі білім беру бағдарламалары оқытылады:
- бакалавриат бойынша биология курсынан модуль бойынша «Молекулалық биология» және «Медициналық генетика» пәнін «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология» БББ 1 курс, «Молекулалық биология медициналық генетика негіздерімен» «Фармация» БББ 1курс;
-биохимия курсынан ҮИМО «Биохимия» пәнін «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология» БББ 2 курс білім алушылары, «Биологиялық химия» пәнін «Фармация» БББ 2 курс, қысқартылған «Фармация» БББ 1 курс, «Медициналық биохимия» пәнін «Қоғамдық денсаулық» БББ 2 курс білім алушылары білім алады;
- магистратура БББ бойынша «Медицина» магистранттары «Биомедицинаның өзекті сұрақтары», «Зертханалық зерттеу әдістерінің интерпретациясы», «Заманауи клиникалық зерттеу әдістері»,«Медицинадағы ғылыми зерттеудің әдіснамасы» пәні бойынша оқиды;
-докторантура бойынша БББ докторанттары «Жобалық менеджмент», «Ғылыми зерттеудің заманауи әдістері мен принциптері», «Зерттеу этикасы», «Ғылыми қызметтегі этика», «Ғылыми коммуникация: ауызша және жазбаша» пәні бойынша оқиды.
- резидентура бойынша БББ резиденттері «Онгологиядағы медициналық генетика» пәнін оқиды;

 

Кафедрада сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 

Ғылыми бағыттар:
- адамды цитогенетикалық әдіспен зерттеудің апробациясы (кариотипирование пациентов);
- адамдар мен жануарлар генін зерттеу үшін ДНҚ және РНҚ-ны бөлудің жаңа әдістерін енгізу;
- регенерациялық процесстерді оқып-үйрену;
- конституция типтерін анықтау мақсатында Түркістан облысының тұрғындарын антропометрикалық зерттеу;
- публикациялық этика мәселелері.

 

Қызметкерлер тізімі:
1.Есиркепов М.М. – м.ғ.к., профессор кафедра басшысы;
2.Нурмашев Б.К. – м.ғ.к., профессор;
3.Кенжебеков П.К. – х.ғ.к., профессор;
4.Кульбаева Б.Ж. – б.ғ.к., профессор м.а. ;
5.Темирбеков А.Н.-м.ғ.к.,прфессор м.а.;
6.Бурабаев А.А. – б.ғ.к., доцент м.а. ;
7.Ордабекова А.Б. – аға оқытушы;
8.Асилбекова Г.К. – аға оқытушы;
9.Бейсебаева Л.М. – аға оқытушы;
10.Жолдасов Қ.Т. – аға оқытушы;
11.Жазыкбаева Г.Т.- аға оқытушы;
12.Алипбаева Г.С. – аға оқытушы;
13.Дарипбек А.Ж. – аға оқытушы;
14.Қанжігітова М.Ж. – аға оқытушы;
15.Ажибаева-Купенова Д.Т. – аға оқытушы;
16.Еркекулова К.К. – аға оқытушы;
17.Жиенбаева А.А. – оқытушы;
18.Сәрсенбекова А.А.-оқытушы;
19.Сантай Б.Ә. – оқытушы;
20.Нәзікбаева Ж.А. –аға лаборант;
21.Қасымбай Л.А. – аға лаборант;
22.Сарсенова Г.О. – аға лаборант.

 

Мекен-жайы мен телефон:
Бас ғимарат, 4 қабат, 418 кабинет
тел: (87252) 39-57-57
эл. адрес: biochem.ukma@gmail.com

 

 

 

 

 

30.09.2020, 12:29
1735 қаралым