Клиникалық пәндер кафедрасы - 1

 

Кафедраның құрылу тарихы

 

 

2019-2020 оқу жылында "ОҚМА" АҚ жанындағы медициналық колледжде "Клиникалық пәндер"кафедрасы құрылды.
Кафедрада терапия және ішкі аурулар пропедевтикасы, хирургия, акушерлік және гинекология, жұқпалы аурулар, неврология, педиатрия және балалар аурулары пропедевтикасы бойынша сабақтар өткізіледі.
Оқытушылар құрамы профиль бойынша құрылған. Кафедрада медицина және білім беру саласында тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар, медицина ғылымдарының магистрлері жұмыс істейді.
2024 – 2025 оқу жылында "Клиникалық пәндер" кафедрасының оқу жүктемесінің артуына байланысты "Клиникалық пәндер -1" және "Клиникалық пәндер - 2" бөлінді.
Қазіргі таңда "Клиникалық пәндер -1" кафедрасын Ақтоты Кенжеқызы Коптаева басқарады.

 

 


Коптаева Актоты Кенжеевна - Кафедра меңгерушісі

 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын бітіргеннен кейін 2006 жылдан бастап Акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап колледж оқытушысы болды.
2019 жылдан бастап "Клиникалық пәндер" кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2019 жылы акушер – гинекологтың жоғары санатын алды. 2021 жылдың 21 қыркүйегінде ректордың бұйрығымен ОҚМА жанындағы медицина колледжінің "Клиникалық пәндер" кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.


Кафедра міндеттері

-Нормативтік құқықтық актілерімен жұмыс жасау;
-Кафедра ережесімен жұмыс жасау;
-Кафедра жұмыскерлерінің лауазымдылық нұсқаулықтарымен жұмыс жасау;
-Кафедра жоспарымен жұмыс жасау;
-Кафедра мәжілісінің хаттамаларымен жұмыс жасау;
-Қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша хат алмасу;
-Сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талаптарын орындау;
-Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа итермелеу,ақылы қызметті жүзеге
асыруы фактілері туралы құжаттарды орындау;
-Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін орындау;
-Оқу үрдісінің нәтижесі бойынша құжаттарын орындау;
-Кафедраның ішкі бақылауының құжаттарын орындау;
-Жазғы семестрде оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
-Профессорлық-оқытушы құрамының жеке жылдық жоспарларымен жұмыс
жасау;
-Оқу жүктемесін орындау;
-Біліктілікті арттыру жоспары,кафедра оқытушы-профессорлық құрамының;
есептері, сертификаттар көшірмелері, біліктілікті арттыру нәтижелерін ендіру;
-Оқытушылардың және білім алушылардың ғылыми жұмыстарымен жұмыс
жасау;
-Тәрбие жұмысымен жұмыс жасау;
- бекітілген оқу жоспарына сәйкес, бекітілген пәндер бағдарламаламасы бойынша оқу процессін жүзеге асыру;
- білім алушылардың білім беру және ғылыми қызметке қажеттіліктерін
Қанағаттандыру үшін жағдай жасау;
- негізгі білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруды, ғылыми және оқу-
әдістемелерді қамтамасыз етуді жетілдіру;
-оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу;
-түлектерді даярлау деңгейі мен мүдделі тараптардың талаптарын зерделеу және болжау;
-орта және жоғары кәсіби білім беру мекемелерімен, жұмыс беруші ұйымдармен әріптестік карым-қатынастардың тиімділігін арттыру;
-заманауи сапа менеджменті негізінде колледжді басқару құрылымын
оңтайландыру;
-материалдық-техникалық базаны және кадрлық құрамды нығайту.


Негізгі оқу курстары:

• Ішкі аурулар пропедевтикасы
• Ішкі аурулар
• Науқас жағдайын клиникалық бағалау
• Герентология
• Медициналық-әлеуметтік оңалту
• Терапия және неврологиядағы мейіргер ісі
• Терапия
• Акушерия және гинекология
• Акушерия негіздері
• Акушериядағы мейіргер ісі
• Паталогиялық акушерлік
• Репродуктивті денсаулық және қауіпсіз ана болу
• Гинекология
• Эпидемиология негіздері
• Мейіргер ісіндегі эпидемиология
• Жұқпалы аурулар
• Дерматовенериология
• Инфекциялық қауіпсіздік және бақылау
• Жұқпалы аурулар кезіндегі мейіргер ісі
• Эпидемиология
• Балалар ауруларының пропедевтикасы

 


Пәндер қазақ және орыс тілінде оқытылады.

 

Оқылатын пәндердің жаңартылуы:
Оқылатын пәндердің 30-40% жыл сайын жаңартылып турады.
КАФЕДРАНЫҢ МИССИЯСЫ: Кәсіби сауатты, пациентке бағдарланған орта және орта буыннан кейінгі мамандарды дайындау.
Оқу әдістемелік жұмыс:
Кафедраның жұмысы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, оқу-тәрбие жұмыстарынан тұратын бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.
Кафедраның ғылыми приориттері
Кафедра студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуы, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарлары, КББ жоспарына сәйкес ғылыми және білім беру жұмыстары және ағымдағы мәселелер қарастырылады.
Қазіргі таңда кафедрада штатта 10 оқытушы, 5 лаборант және штаттан тыс оқытушылар бірлесіп жұмыс жасайды.

 

 

 


Кафедраның орналасуы:
Адрес: Шымкент қ, Аль-Фараби пр, 1/1, 2-корпус, 2-қабат, 207-кабинет.
Эл.адрес: klinikalykpander@mail.ru

 

 

 

 

13.08.2021, 02:12
2067 қаралым