ЖАТАҚХАНА

1. Жалпы ережелер

1.1. ОҚМА жатақханасына орналасу және тұру ережелері (әрі қарай – Ережелер) Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары және тұрғын үй заңнамасы негізінде әзірленген.

1.2. Ережелер Академияның  жүйелі нормативті актісі болып табылады, оның орындалуы деканаттар мен студенттік  жатақханада тұратын барлық тұрғындарға талап етіледі.

1.3. Академияның тұрғылықты орындары білім алушыларға уақытша тұрақтануға арналған.

1.4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі №189 бұйрығына сәйкес, «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

 

2. Студенттік жатақханаға орналастыру және орын ұсыну тәртібі

2.1. Академияның жатақханасында тұруды қажет ететін студент тұрмыстық комиссия төрағасының (факультет деканы) атына өтініш береді. Өтінішке қажетті дәлелдеуші анықтамалар/құжаттар қоса беріледі.

Тұрғылықты орынды жалдау келісімшарты үш данада жасалады, бір данасы тұрғында, екіншісі жатақхана меңгерушісінде (комендантта), үшіншісі Академияның есеп-қисап бөлімінде сақталады.

2.2. Жатақханада орын ОҚМА-ның келесі санаттағы студенттеріне беріледі:

а) Қазақстанның басқа өңірлері мен ОҚО алыс аудандардан келген студенттерге;

б)  ата-ананың қарауынсыз қалған жетім студенттерге;

в) жартылай жетімдерге;

г)  мүгедектерге;

д)  «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналардың балаларына;

е) жағдайы төмен және көп балалы жанұядан шыққан студенттерге.

2.3. Жатақханаға орналастыру жатақхана меңгерушісімен (комендант) тұрғылықты орынды жалдау туралы келісімшарт негізінде, орналасушының жеке куәлігі және  денсаулығы жөніндегі анықтама, тұрғылықты мекенжайы туралы анықтама және жоғарыдағы санаттарға жататындығын куәландыратын анықтама (барлық анықтама нотариалды куәландырылған болуы тиіс)  негізінде жүзеге асады.

2.4. Отбасын құрған студенттерге жатақханадан орын беру туралы шешім жалпы ереже негізінде қарастырылады.

2.5. Білім алушылар жатақханаға орналасу барысында осы Ережелермен, Академияның ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен танысып, электртұрмыстық қондырғыларды, тұрмыстық радиоаппараттарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықпен танысуы тиіс, жеке электртұрмыстық құрылғыларды пайдаланудың белгіленген тәртібімен және жатақханада орынды босату тәртібімен танысуы тиіс.

2.6. Студенттік жатақханада тұру ақысының мөлшерін экономика жоспарлау бөлімімен белгіленеді және ректор бекітеді.

2.7. Студенттік жатақханада тұру ақысы ондағы тұрған (оқу жылы), демалыс уақытын қосқанда  барлық уақытқа алынады, білім алушылардың демалыс уақытында үйіне қайтқан жағдайда төсек орын заттарын және қосымша қызметтер үшін ақы алынбайды. 

2.8. Тұрғын тұрғылықты орынды жалдау келісімшартын бұзған жағдайда үш күн аралығында орнын босатуы тиіс, жатақхана меңгерушісіне (комендант) тұрғылықты орынды таза және алынған құрал-жабдықтарды жұмыс күйінде тапсыруы тиіс.

2.9. Жатақхананы білім алушылар, демалыста болғанда пайдалану тәртібі студенттік кәсіподақ ұйымының академия әкімшілігі тілектеріне сәйкес есепке ала отырып анықталады. 

 

 

3. Студенттік жатақхананың кіріп-шығу тәртібі

3.1. Студенттік жатақханаға кіріп-шығу тәртібі жүзеге асырылады:

- өмір сүрудің тәртібі мен қауіпсіздігі бойынша кезекші вахтерлермен тәулік бойы:

3.2. Жатақхана әкімшілігінің студенттік жатақханада белгіленген тәртіпті сақтау талабы барлық тұрғындарға бірдей қойылады.

3.3. Студенттік жатақханаға кіру үшін тұрғындарға белгіленген үлгі бойынша өту қағазы беріледі. Өту қағазы студенттік жатақханаға кіру үшін негізгі құжат болып табылады. Жатақханаға келген қонақ жеке куәлігін көрсету арқылы кіреді.

3.4. Кезекші (вахтер) 22.00-6.00 аралығында келген сутеденттердің барлығын журналға енгізіп отыруы тиіс.

3.5. Жатақханада тұрмайтын тұлғалар жатақханаға 07.00-22.30 аралығында тұрғындардың шақыруы бойынша ғана кіре алады. Тұрғындар қонақты вахтада қарсы алуға міндетті. Вахтада келген қонақтың жеке куәлігі және осы тұрғынның өту қағазы қалады. 

3.6. Қонақ қайтқан жағдайда тұрғын қонақты вахтаға дейін шығарып салуы тиіс.

3.7. Бөлмеде тұрмайтын тұлға осы бөлменің басқа тұрғындарының келісім арқылы бола алады.

3.8. Қонақтар, оның ішінде Академия білім алушылары жанұясының мүшесі, студенттік жатақхананың қонақ бөлмелерінде (болған жағдайда), бос орын болса уақытша тұруға құқылы.

3.9. Қонақтардың осы Ережелердің және ішкі еңбек тәртібінің сақтауы бойынша жауапкершілік шақырушы тұрғынға жүктеледі.

3.10. Жатақханада тұратын немесе олардың қонақтары жатақханаға уақытша қонақ болған кезде жатақхана ережелерін бұзған жағдайда,  жатақхананың меңгерушiсi (комендант) бұзушылық жасағандардан түсiнiктеме алып,  тәртiптiк шара қолдану үшін  факультет деканына тиiстi қызметтiк хатпен бiрге жіберіледі.

3.11. Кезекші  (вахтер) бөтен тұлғалардың жатақханада тәртіп бұзушылық болуы мүмкін деп қауіптенетін жағдайда оларды жатақханаға кіргізбеуге құқылы. Мұндай шешімге шағымдануды жатақхана меңгерушісі (комендант) арқылы, ол болмаған жағдайда кезекші оқытушы және декан арқылы шешуге болады. 

3.12. Жатақхана қызметкерлеріне кез-келген дөрекі қарым-қатынас, өту қағазы мен жеке куәлікті көрсетуден бас тарту осы Ержелерді және ішкі еңбек тәртіп ережесін дөрекі түрде бұзу болып табылады.               

 

 

4. Студенттік жатақхана тұрғындарының құқығы

4.1 Студенттік жатақхана тұрғындары құқылы:

- өздеріне бекітілген тұрғылықты бөлмеде осы Ережелерді, ішкі еңбек тәртібінің ережесі және тұрғылықты орынды жалға алу келісімін сақтаған жағдайда, оқудың барлық мерзімінде  тұруға құқылы;

- өздік жұмыс жасауға арналған бөлмелерді, мәдени-тұрмыстық шараларға арналған орындарды, жатақхананың қондырғылары мен жабдықтарын қолдануға құқылы;

- жатақхана меңгерушісіне (комендантқа) уақтылы жөндеу жұмыстарын жасау туралы, тұрғынның кінәсінен емес істен шыққан қондырғылар мен жабдықтарды ауыстыру туралы өтініш жасауға құқылы;

- жатақхананың студенттік кеңесін қалыптастырып, оған мүше болып сайлануға құқылы;

- жатақхана студенттік кеңесі арқылы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды шыңдау, тәрбие жұмысы мен бос уақытты дұрыс ұйымдастыру бойынша мәселелерді шешуге құқылы.

 

 

5. Студенттік жатақхана тұрғындарының міндеттері

5.1  Студенттік жатақхана тұрғындары міндетті:

- тұрғылықты орынды жалға алу туралы Академиямен құрған келісім талаптарын орындауға;

- орналасқан жері бойынша тіркеу үшін және әскери есепке алу үшін құжаттарды белгіленген тәртіп және уақытта тапсыруға;

- осы Ереженің 3.5 тармағында көрсетілген уақытта қонақтарды қабылдауға;

- жатақханада тұрғаны үшін, төсек орын заттарын пайдаланғаны үшін және барлық ұсынылатын ақылы қызмет үшін белгіленген көлемде ақыны уақтылы төлеуге;

- өздік жұмысқа арналған орынды және мәдени-тұрмыстық шараларға арналған орындарды  пайдалану кезінде тыныштық сақтауға және аталған орындарды басқа тұрғындардың пайдалануына кедергі келтірмеуге;

- осы Ережені, қауіпсіздік техника ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға;

- тұрмыстық электржабдықтарын пайдалану бойынша нұсқауларды қатаң сақтауға;

- жатақханадағы арнайы орындар мен жабдықтарды, қондырғыларды ұқыпты пайдалануға;

- электржарығы мен суды үнемді етіп пайдалануға;

- тұрғылықты орын мен ортақ орындарды пайдалануда тазалық пен тәртіпті сақтауға, өз бөлмелерінде тазалық жұмыстарын күн сайын, ал асханада кезекшілік кестесіне сәйкес жүргізуге;

- материалдық шығын келтірген жағдайда ҚР заңнамасына және тұрғылықты орынды жалдау келісімшартына сәйкес өтімін толтыруға;

- жатақхана жұмысшыларының талаптары бойынша жеке куәлікті және жатақханаға өту қағазын көрсетуге;

- осы Ережелерінің орындалуын қадағалау, мүліктердің бүтіндігін тексеру, профилактикалық және жұмыстың басқа да түрлерін жүргізу мақсатында Академияның және (немесе) жатақхананың әкімшілігіне тұрғын бөлмелерді қарап шығуға мүмкіндікті қамтамасыз етуге; 

5.2 Жатақхана тұрғындарына тыйым салынады:

- бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетінше көшуге;

- бір бөлмеден екінші бөлмеге жабдықтарды өз бетінше тасымалдауға,

- электрсымдарын өз бетінше қайта жасауға және электр жүйесін өз бетінше жөндеуге;

- басқа бөлмелерде тұратын тұрғындардың тыныштығын бұзбау үшін 22:00-ден 07.00-ге дейінгі уақыт аралығында теледидар көрмеуге, радиоқабылдағыштарды, магнитофондарды және басқа да қатты дыбысты заттарды пайдаланбауға және де басқа іс-әрекеттер жасамауға; 

- арнайы бөлінген орындардан басқа тұрғын бөлмелерінің қабырғаларына, ортақ орындардың қабырғаларына хабарландыру, сабақ кестелерін және т.б. жапсыруға;

- жатақхана орындарында темекі тартуға;

- белгіленген тәртіпті бұза отырып, бөтен тұлғаларды жатақханаға кіргізуге және (немесе) оларды жатақхана түнетуге; басқа тұлғаларға, оның ішінде – басқа бөлме тұрғындарына тұрғылықты орын ұсынуға;

- жатақханаға ішімдік немесе есірткі қолданған күйде келуге, алкоголдік ішімдіктерді қолдануға және сақтауға;

Жатақханада тыйым салынады:

- ішімдік және есірткі заттарын сатуға;

- жатақхана меңгерушінің (коменданттың) рұқсатынсыз қосымша құлып орнатуға немесе құлыптарды қайта жасау немесе оларды ауыстыруға;

- тұрғылықты орында ашық от көздерін пайдалануға;

- жатақханада үй жануарларын ұстауға;

- бөлмеде тұратын тұрғындарға кедергі келтіретін үлкен көлемді заттарды сақтауға болмайды.

 

 

6. Жатақхана әкімшілігінің құқығы

6.1 Студенттік жатақхана әкімшілігі құқылы:

- жатақхана өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарын білдіруге;

- жатақхананың студенттік кеңесімен бірлесе отырып, ішкі тәртіпті бұзатын тұрғындарға  тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды деканның қарауына ұсынуға.

 

 

7. Академия әкімшілігінің міндеттері

7.1 Академия әкімшілігі міндетті:  

- білім алушыларға  Қазақстан Республикасының заңнамасына және жатақхана тұру нормаларына, Академияның студенттік жатақханасы туралы Ережеге сәйкес студенттік жатақханадан орын беруге;

- студенттік жатақханаға орналасу барысында және білім алушылардың әрі қарай онда тұруы кезінде студенттік жатақханада өмір сүру мәселелерін реттеуші Академияның жүйелі нормативтік актілері туралы хабардар етуге;

- студенттік жатақхана орындарын белгіленген санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес қажетті жағдайда ұстауға;

- тұрғындармен тұрғылықты орынды жалға алу келісімін құру және орындауға;

- студенттік жатақхананы жиһазбен, қондырғылармен, төсек орын заттарымен және басқа да жабдықтармен кешендендіруге;

- студенттік жатақхананың штатын белгіленген тәртіпке қызмет көрсету құрамымен толықтыру;

- студенттік жатақхана тұрғындарын қажетті коммуналды және басқа да қызметпен қамтамасыз ету, өздік жұмыс жасауға арналған орындармен қамтамасыз етуге және мәдени-бұқаралық, сауықтыру және спорт шараларын өткізуге арналған орындармен қамтамасыз етуге;

- қауіпті аурумен ауырған жағдайда студенттік жатақхана тұрғынын дәрігерлер кеңесі негізінде арнайы бөлмелерге уақытша ауыстыруға;

- жатақхананың  студенттік кеңесіне өзін-өзіне қызмет көрсету, еңбек жағдайын жақсартуға, тұрмыс және тұрғындардың демалысын жақсарту мәселелері бойынша студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту жұмыстарына қолдау көрсетуге;   

- студенттік жатақханада тұрмыстық, мәдени-тұрмыстық жағдайды жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру, тұрғындардың ұсыныстарын іске асыру бойынша уақтылы шаралар қолдану, оларды қолданылған шаралар жөнінде хабардар етуге;

- санитарлық талаптар мен еңбек қорғау ережелеріне сәйкес студенттік жатақхананың барлық орындарын жылу жүйесі мен жарықпен қамтамасыз етуге;

- студенттік жатақхананы және бекітілген аумақты тазалау, қызмет ету, жайландыру бойынша жұмыстар жүргізу барысында қажетті қондырғылармен, жабдықтармен, құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;

- студенттік жатақхана аумағында күзет пен белгіленген өткізу тәртібін сақтауды қамтамасыз етуге.

 

 

8. Студенттік жатақхана әкімшілігінің міндеттері

8.1 студенттік жатақхананың әкімшілігі міндетті:

- тұрғындарды келген орындары бойынша тіркеу үшін құжаттардың болуын қамтамасыз етуге;

- жатақхана орындарын белгіленген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес сақтауға;

- жатақхананы жиһазбен, қондырғылармен, төсек орындарымен және басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету;

- жатақханаға, жабдықтарға, қондырғыларға ағымдық жөндеу жүргізуді қамтамасыз етуге, жатақханаға бекітілген аумақты, жасыл желекті лайықты деңгейде ұстауға;

- жатақхананың құбыр жүйесінде, электржүйесінде, су желісінде болған ақауларды шұғыл түрде жөндеуге;

- жатақхана тұрғындарын қажетті өздік жұмысына арналған орындар, демалыс орындары және тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етуге;

- жатақхана бөлмелерін пайдалану бойынша және санитарлық жағдайы бойынша кемшіліктерін анықтау мақсатында жатақхананың барлық орындарын күнделікті тексеріп отыруы керек;

- 10 күнде бір реттен кем емес  төсек жаймаларын ауыстырып отыруы тиіс;

- жатақхана тұрғындарына тұрмыстық техниканы, аппараттарды қолдану барысында техника қауіпсіздігі мен тұрмыстық электро құралдарымен қолдану нұсқауын сақтаған жағдайда тұрмыстық техника мен аппаратураны пайдалануға;

- жатақхананың студенттік кеңесінің өмір сүру жағдайын жақсарту, тіршілік және тұрғының демалысы мәселелері бойынша жатақхананың жұмысын күшейту;

- тұрғындардың ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша шара қолдану, оларды қолданылған шаралар жөнінде хабардар ету;

- студенттік жатақхананы және бекітілген аумақты өз еркімен тазалау, қызмет ету, жайландыру бойынша жұмыстар жүргізу барысында қажетті қондырғылармен, жабдықтармен, құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;

- жатақханада тұратын тұрғындар мен персоналды өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге.

 

 

9. Студенттік жатақханада өзін-өзін басқару органдары

9.1 Жатақханада тұратын студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі  – жатақхананың студенттік кеңесі (әрі қарай студ.кеңес), болып саналады және ол тұрғындардың атынан шығатын өкіл бола алады.

Жатақхананың студкеңесі бөлмелердің, (блоктардың) жетекшілердің іс-әрекетін реттеп отырады, жатақхананың өзін-өзіне қызмет ету бойынша жұмысын ұйымдастырады, жатақхана мен оған қарасты аумақта қоғамдық пайдалы жұмыстарды өз еркімен атқаруға баулиды, жатақхана әкімшілігінің тұрғындарға сеніп тапсырылған материалдық заттарды ұқыпты пайдалануға көмектеседі, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады. 

Жатақхана студкеңесі өзінің жұмысын осы Ережеге сүйене отырып жүзеге асырады. 

9.2 Жатақхананың әр бір бөлмесінде (блогында) жетекші сайланады. Бөлменің (блоктың) жетекшісі бөлмеде (блокта) бар мүлікке ұқыпты қарауды, бөлмені (блокты) таза және тәртіпті ұстауды қадағалайды.

Бөлменің (блоктың) жетекшісі өзінің жұмысында жатақхана студенттік кеңесінің және жатақхана әкімшілігінің шешімдерін негізге алады.

 

 

10. Студенттік жатақхана тұрғындарының жауапкершілігі 

10.1 Осы Ережелерді бұзғаны үшін тұрғындарға жатақхана әкімшілігінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы, Академия жарғысы және ішкі еңбек тәртібінің ережесіне сәйкес қоғамдық және тәртіптік қатысы бар шаралар қолданылады.       

Жатақханадан шығару түріндегі тәртіптік жаза Академияның тұрғын үй комиссиясымен белгіленген тәртіпке сай қарастырылады.  

10.2 Академия жарғысы және ішкі еңбек тәртібінің ережесінде қарастырылған міндеттерді бұзған тұрғындарға келесі тәртіптік жаза қолданылады:

а) ескерту;

ә) сөгіс;

б) жатақханадан шығару;

в) жатақханада тұрғылықты орынды жалға алу келісімін бұза отырып, Академиядан шығару.

10.3 Тәртіптік жаза қолдану факультет деканының ұсынымы бойынша Ректор бұйрығымен рәсімделеді.

 

 

11. Студенттік жатақхана тұрғындарын шығару тәртібі

11.1 Тұрғындар келесі жағдайларда шығарылуы мүмкін:

а) тұрғылықты орнын дұрыс пайдаланбаса;

ә) тұрғылықты орынды өздері немесе олардың жауапкершілігіндегі тұлғалар бұзса немесе зақым келтірсе;

б) келген жері бойынша тіркелуден бас тартса;

в) тұрғындардың құқығын жүйелі түрде бұзса, көршілердің тыныштығын алса, оларға бір тұрғылықты орында бірге тұруға мүмкіндік бермесе;

г)  алты ай ішінде тұрғылықты орны үшін ақы төлемесе;

д) жатқхана тұрғындарының жазбаша ескертусіз екі айдан көп болмаған жағдайда;

е)  жатақханаға ішкілік ішіпнемесе есірткі пайдаланған күйде келсе;

ж) есірткі заттарын сақтап, таратса, қолданса;

з) тұрғындар жатақханада жарылғыш, химиялық қатерлі заттарды, оқты қаруларды сақтаса;

и) академиядан шығарылса;

к) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да жағдайларда.

11.2 Академияның тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде жатақхана тұрғындары келесі жағдайда шығарылады:

- тұрғылықты орынды жалдау келісімшартында қарастырылған негіздер бұзылған жағдайда:

- осы Ережелерді және ішкі еңбек тәртіп ережесін бұзғаны үшін оқудың аяқталу мерзіміне дейін Академиядан шығаруға;

- тұрғындардың жеке өтініші бойынша;

- академиядан білім алушылардың оқу уақыты бітуіне байланысты шығарылса.

 

 

 

 

 

Үлгі

 

________________________________
________________________________
________________________________
/ЖОО басшысының толық аты-жөні/
(болған жағдайда)      
________________________________
/факультетінің/      
________________________________
/мамандығының/       
________________________________
/тобының, курс/студенті  
________________________________
/аты-жөні толық жазылсын/ 
(болған жағдайда)     
________________________________

 

 

 

 

ӨТІНІШ

Маған академия жатақханасынан бір орын бөліп беруіңізді сұранамын.
Келген жерім_____________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________

«____» ___________________ 20___ ж. _______________________
                                                 /қолы/

 

 

 

 

 

 

 

ОҚМА жатақханасына орналасу үшін тапсырылатын құжаттар тізімі

-   Үлгіге сәйкес жатақханадан орын беру туралы өтініш;

-   отбасы болған жағдайда отбасының құрамы туралы анықтама;

-   ата-анасының біреуі немесе ата-аналары қайтыс болған жағдайда, әлде жетім балалар үйінен анықтама;

-   отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда, көп балалы отбасы туралы анықтама (көп балалы отбасының балалары үшін);

-   мүгедек екендігін растау туралы анықтама;

-   жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

-   жатақханада тұру ақысын төлегені туралы түбіртек.

06.10.2020, 04:54
1703 қаралым