Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

 

 

Кафедра тарихы

Физика және жоғарғы математика кафедрасы РГКП «ОҚММА» ректорының 1979 ж № 95 к бұйрығына сәйкес ұйымдастырылып, 01. 10. 1994 ж. «Медициналық физика, информатика және жоғарғы математика» кафедрасы болып қайта құрылды (РГКП «ОҚММА» ректорының № 303 к 29.09.1994 жылғы бұйрығы).Кафедраның алғашқы меңгерушісі ф.-м.ғ.к. Зинаида Владимировна Пак (1979 - 1984 жж.). Кафедра меңгерушілігін ары қарай ф.-м.ғ.к., доцент Мырзабеков Торежан Мырзабекұлы (1984 - 1994 жж.) және доцент Байзақов Үсен Ахметұлы (1994 ж.). Кафедра тарихы ф.-м.ғ.к., профессор Құдабаев Қанаш Жұмағазыұлымен тығыз байланысты, 1994 ж. бастап 31.05.2018 ж. дейін басқарған. 1.06.2018 ж. кафедра меңгерушісі болып ф.-м.н.ғ.к., доцент м. а. Иванова Марина Борисовна тағайындалды.
Кафедра оқыту, тәрбие беру, әдістемелік және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыратын және жүргізетін академияның негізгі бөлімі болып саналады.

 

 

Иванова Марина Борисовна-кафедра меңгерушісі, доцент м.а.,ф.- м.ғ.к.

 

 

Иванова М.Б. ОҚМА (ОҚМФА)–ның «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасында 2014 жылдан бастап жұмыс жасайды. Оқытушылық қызметіндегі жалпы еңбек өтілі 23 жыл.

 

Оқытылатын курсы: Биостатистика, Ақпараттық және коммуникативті технологиялар.

 

Ол монографияның авторы, сонымен қатар бірқатар оқу-әдістемелік құралдардың, соның ішінде электрондық білім беру құралдарының авторы және бірлескен авторы, сонымен қатар оқытылатын пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуші. Оқу-әдістемелік және ғылыми семинар жұмыстарының белсенді қатысушысы. Математикалық физика және дифференциалдық теңдеулер аймағы бойынша ғылыми жұмыстармен сондай-ақ медико-биологиялық берілгендерді сараптау және өңдеумен айналысады. Тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Үнемі өзінің біліктілігін арттырып отырады.

 

Кафедраның міндеттері:


• медициналық және фармацевтикалық бағыттағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және оңтайландыру, әдістер және әдістемелік тәсілдердің формаларын іздеу;
• ақпараттық-комуникативтік технологияларды оқу үдерісіне енгізу және әдістемелік қамтамасыздандыру аумағын ұлғайту арқылы кафедраның оқу әдістемелік потенциалын дамыту;
• кафедраның ғылыми ізденіс жұмыстарын инновация-педагогикалық технологияларды өңдеуге сондай-ақ медико-биологиялық зерттеулердің нәтижесін сараптауға және интерпретациялауға бағыттау;
• тәрбие жұмыстарын студенттердің азаматтық және патриоттық сезімдерін арттыруға қалыптастыру адамгершілік және рухани байлығын, мәдениетін қалыптастыру, интелектуалды қабілеттерін арттыру сондай-ақ студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға бағыттау;

 

Кафедрада төмендегі пәндер оқытылады:

 

• «Ғылыми зерттеулерге кіріспе» кіріктірілген пән шеңберінде «Биостатистика» курсы;
• «Жобалық қызмет және дәлелді медицина негіздері» кіріктірілген пән аясында «Жобалау қызметі» курсы;
• медициналық биофизика;
• ақпараттық-коммуникативті технологиялар;
• физика;
• математика.

 


Пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 

Оқылатын пәндердің мазмұны жыл сайын жаңартылып отырады, білім алушылар мен оқытушылардың тілектері, сондай-ақ жұмыс берушілердің талаптары ескерілетін жаңа әдістемелік материалдар әзірленеді.
ОҚМА-ның медбиофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасының ғылыми басымдығына оқу үдерісін жаңғыртуға, оңтайландыруға және жаңартуға мүмкіндік беретін электронды өнімдерді енгізу және оларды өңдеуді жатқызуға болады. Сондай-ақ кафедра ОҚМА бітірушілерінің шығармашылық өзін өзі дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыздандыруда денсаулық сақтау,медицина және фармацевтикалық аймақтағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда педагогикалық технологиялар және ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

 

 

Қазіргі кездегі кафедра құрамы:


1.Иванова М.Б. - кафедра меңгерушісі,қауым.профессор, ф-м.ғ.к.
2.Кудабаев К.Ж. - профессор, ф-м.ғ. к.
3.Орманов Н.К., - проф.м.а, ф-м.ғ.к.
4.Бердиева М.А. - доцент м.а, PhD
5.Байділдаева А.С. - жарат.ғылымының магистрі., аға оқытушы
6.Абдрахманова Ж.Ж. - жарат.ғылымының магистрі, аға оқытушы
7.Абдримова З.М. - жарат.ғылымының магистрі, аға оқытушы
8.Мауленова А.А. - жарат.ғылымының магистрі, аға оқытушы
9.Иманбаева М.А. - педагогика магистрі, аға оқытушы
10.Махамбетова М.А. - физика магистрі, аға оқытушы
11.Саликбаева Л.Н. - зертхана меңгерушісі
12.Живоедова И.А. - аға зертханашы
 

 

 

Мекен-жайы: Шымкент қ., Аль-Фараби алаңы №1/1, бас ғимарат, 5 қабат, оң қанат.
e-mail: fiz_mat_ict@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

30.09.2020, 11:57
2023 қаралым