Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия
ОҚМА биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы (БжЖК) жоғарғы оқу орнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін 2007 жылдан бастап жүзеге асырып келеді.
Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия (БЖжК) – ОҚМА-ның консультативтік-кеңесші органы, сыналатын субъектілермен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігін қорғау, биомедициналық эксперименттерде зертханалық жануарларды пайдалану ережелерін, адамгершілікпен қарау қағидаларының сақталуын бақылау, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің материалдарына этикалық, адамгершілік-құқықтық бағалау мақсатында құрылған.
Комиссия жергілікті деңгейде клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерді жүргізу кезінде гуманизм, адамгершілік және биомедициналық этиканың жалпы қағидаларын сақтаумен байланысты барлық мәселелерді қарастырады.
Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның төрағасы
«Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., асс. профессор Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы.
Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның жетекші маманы,
Батырбек Диана Мұханбетжанқызы
БжЖК қызметінің басты мақсаты биомедициналық зерттеулерге қатысатын адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау болып табылады.
БжЖК өз қызметін келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүргізеді: Қазақстан Республикасының Конституциясы; "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексі; ҚР мемлекеттік стандарттары "Тиісті зертханалық тәжірибе" және "Тиісті клиникалық тәжірибе"; Дүниежүзілік медициналық ұйымының Хельсинки декларациясы; Еуропа Кеңесінің адам құқықтары және биомедицина туралы конвенциясы; Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының биомедициналық зерттеулерге сараптама жүргізетін Этика жөніндегі комитеті; Эксперименталды және басқа да ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын омыртқалы жануарлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық Конвенция; Клиникалық зерттеулерді реттеу саласындағы ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен және зерттеулер этикасы саласындағы халықаралық декларациялары мен нұсқаулары (WHO, ICH-GCP, UNESCO, CIOMS, CE); Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы туралы Ережесі.
Комиссияның негізгі міндеттері:
• зерттеу құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізу;
• зерттеуді жоспарлау және жүргізу сатыларында адам құқықтарының сақталуы мен қауіпсіздігін тәуелсіз бағалау;
• биомедициналық зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық этикалық нормалардың сақталуын бағалау.
Комиссия құрамына Комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді. Комиссия мүшелері 3 жыл мерзімге тағайындалып, келесі мерзімге қайта сайлауға құқықты.
Хатшылықтың байланыстары:
"Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның" төрағасы, "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ "отбасылық медицина" кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы.
Байланыс:
Ұялы телефон 8-701-767-14-49
Электрондық мекен-жайы: zhumaly@mail.ru
Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның жетекші маманы,
Батырбек Диана Мұханбетжанқызы
Байланыс:
Ұялы телефон: 8 771 492 5748
Электрондық мекен-жайы: bioethics.skma@mail.ru
bioethics.skma@gmail.com
Мекен-жайы: Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы 1, № 1 Корпус, 4 қабат, 416 кабинет
- БЖжК мүшелерінің құрамын бекіту БҰЙРЫҒЫ
- Ереже (pdf файл, 1.2 Mb)
- Стандартты операциялық процедуралар (орыс тілінде) (сілтеме Облако-ға)
- Заңнамалық база (сілтеме Облако-ға)
- Лауазымдық нұсқаулықтар (сілтеме Облако-ға)
- БЖжК жұмысының жылдық есебі (сілтеме Облако-ға)
- Керекті құжаттардың тізімі (pdf файл, 0.5 Mb)
- Өтініш үлгісі (pdf файл, 0.3 Mb)