Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғам денсаулығы кафедрасы

 

1214 1

 

Кафедра тарихы

«Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін басқару» кафедрасы Шымкент мемлекеттік медицина институты ректорының 1995 жылдың 31 ақпан айындағы №35 бұйрығы бойынша ашылды. Оның алғашқы меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Тұрлыбеков Жарылқасын Тұрлыбекұлы тағайындалды.
1998-1999 оқу жылы кафедра «Жалпы гигиена және экология» кафедрасымен біріктіріліп, меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Алтынбеков Бауыр Ембергенұлы тағайындалды.
1999-2000 оқу жылында «Әлеуметтік медицина және денсаулық ісін басқару» кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор Дайырбеков Орынбай Дайырбекұлы басқарды.
2001 оқу жылынан бері кафедра меңгерушісі қызметін медицина ғылымдарының докторы, профессор Бөлешов М.Ә. атқаруды.
2018 жылғы 13 сәуірдегі директорлар кеңесінің шешімімен №3 бұйрығы бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы “Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық” кафедрасы болып өзгертілді.
2007 жылдан бастап кафедрада ғылыми-педагогикалық бағытта магистранттарды дайындауда. Кафедра меңгерушісінің жетекшілігімен 2 ғылыми-зерттеу жұмысы жүзеге асырылды: «Емдеу - профилактикалық мекемелерінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу кезіндегі проблемаларды анықтау (мысалы, Шымкент қаласы)», «Денсаулық академиясы» 2009 жылдан бастап бейіндік бағыттағы магистранттарды дайындауда. Сонымен қатар кафедрада резиденттері оқытылады.
2021-2022 оқу жылынан бастап философия докторы (PhD) докторанттарды даярлау басталды.
2018 жылдың маусым айынан бастап кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. Сарсенбаева Г.Ж. тағайындалды.

 

 

1214 2

Сарсенбаева Гульзат Жанабаевна

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедра меңгерушісі 

 

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедра міндеттері: Медициналық ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі қызметкерлерді басқарудың алдын алудың негізгі қағидаларын қолдануға студенттердің мүмкіндіктерін қалыптастыру.

 

Негізгі оқытылатын курстар:
I, II, III, IV курс 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»
II, IV курс 5В110100 – «Мейіргер ісі»
II, III курс 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша

 

Пәндер:
5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша:
1. «Мамандыққа кіріспе» қазақ тілінде оқытылады.
2. «Дәлелді медицина негіздері» қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.
3. «Қоғамдық денсаулық сақтау негіздері» қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.
4. «Денсаулық сақтаудағы статистика» қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.
5. «Менеджмент және Маркетинг негіздері» қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.
6. «Денсаулық сақтаудағы қаржыландыру және экономика негіздері» қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.
7. «Әлеуметтік медицина» қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.
8. «Қоғамдық денсаулық сақтау» қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.
9. «Денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйелер» қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.
10. «Денсаулық сақтаудағы HR-менеджмент» қазақ тілінде оқытылады.
11. «Әлеуметтік-медициналық сақтандыру» қазақ тілінде оқытылады.
12. «Денсаулық сақтау жүйесінің сапасын бақылау» қазақ тілінде оқытылады.
13. «Халықты медициналық-әлеуметтік қорғау» қазақ тілінде оқытылады.
14. «Медициналық заңнама» қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.

5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша:
1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қазақ тілінде оқытылады.
2. «Электронды денсаулық сақтау жүйесі» қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.
3. «Медициналық сақтандыру» қазақ, орыс тілдерінде оқытылады

5В130100 – «Жалпы медицина»
1. «Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудағы этика» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.
2. «Дәлелді медицина» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.
3. «МӘМС және медициналық құқық» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.

5В130300 – «Педиатрия» мамандығы үшін
1. «Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудағы этика» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.
2. «Дәлелді медицина» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.

Оқытылатын пәндер жаңартылуы: Кафедра пәндері жылда жаңартылады.
Кафедраның ғылыми басымдықтары: Кафедра ғылыми жұмыс нәтижелері бойынша баяндамаларымен ғылыми конференцияларға қатысады, өздерінің ғылыми мақалаларын журналдарда жариялайды. Кафедра қызметкерлері 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторлары болып табылады, оның ішінде халықаралық ақпараттар базасы Tomson Reuters-те кафедра қызметкерлерінің ғылыми мақалалары жарияланды.
Қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтаудағы дәлелді медицина, денсаулық сақтаудағы заңнама, этика және деонтология, денсаулықтың әлеуметтік аспектілері, денсаулық сақтаудағы саясат және менеджмент, денсаулық сақтаудағы цифрландыру.

 

Қазіргі уақытта кафедрада жұмыс істейді:
1. Сарсенбаева Гүлзат Жанабаевна – м.ғ.к., каф.меңгерушісі
2. Анартаева Мариям Уласбековна – м.ғ.д., профессор
3. Садибекова Жанат Умирбековна – м.ғ.к., доцент м.а
4. Султанбеков Касымхан Адильханович - м.ғ.к, доцент м.а
5. Токкулиева Бахыт Болатовна – м.ғ.к, доцент м.а
6. Абдрахманова Зинат Батырхановна - PhD, доцент м.а
7. Бейсембаева Заурекул Игоровна – м.ғ.к, доцент м.а
8. Толтаев Бакытжан Санакулович – м.ғ.к, доцент м.а
9. Альменов Серғазы Түймебаевич - к.м.н
10. Жаксылык Алихан Алтынханович - PhD, докторант
11. Несипбаева Замзагул Жолдасбековна – магистр, аға оқытушы
12. Курбанова Карлыгаш Тастанбековна магистр, аға оқытушы
13. Мугалбекова Жанар Есенбековна - аға оқытушы
14. Павлова Елена Викторовна - аға оқытушы
15. Мусирепова Забира Джалаубаевна - оқытушы
16. Кудьярова Салтанат Абатовна - магистр, аға оқытушы
17. Магай Любовь Николаевна - магистр, аға оқытушы
18. Серікбай Салтанат Смайылқызы - магистр, аға оқытушы
19. Мизамов Даурен Мухтарұлы - магистр, оқытушы
20. Бекжанова Назым Айдаровна - магистр, аға оқытушы
21. Мырзабаева Гүлбара Арибжановна - аға лаборант
22. Бегембетова Айсапар Кемелбековна - аға лаборант
23. Айнабекова Мадина Еркинбековна – лаборант

 

 

Мекен жайы және байланыс ақпараттары:
Адрес: АО «ОҚМА» №2 ғимарат, 5-қабат
Тел: 8(7252) 39-57-57 (ішкі: 1064)
e-mail: gulzat.1969@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

30.09.2020, 11:38
2677 қаралым