Шет тілдері кафедрасы

 

1217 1

 

Кафедра тарихы

Тілдер кафедрасы Алматы фармацевтикалық институтының филиалы кезінде 1979 жылы құрылған. Кафедра құрамында қазақ тілі, орыс тілі және шет тілдері болды. Тіл пәндері құрылғалы бері кафедраға филология ғыл.док. Байжанов Т.Б., п.ғ.к. Файзиева Л.Т., және п.ғ.к. Уызбаева Б.K. басшылық етті. 2002 жылы тіл пәндері кафедрасының қайта құру негізінде жеке шет тілдері кафедрасы болып құрылды. 2002-2018 ж.ж. аралығында кафедраны аға оқытушылар Ким А.С.,Самофалова О.А., Ыбырай Ф.Т.,Сайфутдинова А.С. басқарды.
Қазіргі таңда кафедраның меңгерушісі Жұмагулова Гүлшат Көпжанқызы -филология ғылымының кандидаты, өзінің ғылыми-зерттеу жұмысын Алматы қаласындағы Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде сәтті қорғап, филология ғылымдарының кандидаты атағын алды.

 

 

Жумагулова Гульшат Копжановна
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к, доцент
E-mail: dan-adik@mail.ru

 

 

Кафедра міндеттері:
Заманауи ғылым мен тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып, құзіреттілігін үздіксіз көтеру мен шығармашылық ынтасын дамыту арқылы фармацевтикалық өндіріс пен медицина саласында жылдам өзгеретін, кез-келген жағдайларға тез үйренетін,фармацевтикалық және медицина саласындағы жоғары білікті қабілетті мамандарды дайындау. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында кафедра үш бағытта жұмыс жасайды:
1. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру технологиясын жақсарту;
2. Мультимедиялық технологияны пайдалану;
3. Кейстердің технологиясын пайдалану.

 

Кафедраның оқу - әдістемелік жұмысы
Қазіргі уақытта кафедра бакалаврларды, магистранттар дайындайды.
Негізгі оқу курстары:
Бакалавриат аясында дайындық мына бағыт бойынша жүргізіледі: жалпы шет тілі . Магистранттар мен резиденттер үшін шет тілі бойынша кәсіби мақсаттарға арналған арнайы бағдарлама құрастырылған.

 

Дисциплина ағылшын тілінде жүргізіледі.
Білім беру концепциясын жаңарту мақсатында кафедра оқытушылары өз білімдерін жоғарылатуда. Осы мақсатта оқытушылар сабақ барысында жаңашыл интербелсенді әдістер: PBL, инновациялық әдістерді, заманауи технологияны пайдаланады.Көптеген оқытушылар тәжірибелік сабақтарда, ОСӨЖ және СӨЖге пайдаланатын оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары.

 

Кафедраның ғылыми жұмысы
Кафедраның зерттеу жұмысының бағыты:

Әдістеме:
1. Медициналық оқу орнындағы ағылшын тілін оқытудың әдістемелік аспектілері(іскерлік/кәсіби қарым-қатынас,түп нұсқалы мәтін және мәліметтермен жұмыс,жобалық және модульдық білім беру, портфолио әдісі, студенттерге дифференциалды білім беру)
2. Медициналық оқу орнында шет тілдерін оқытуда жаңа және интенсивті технологияны пайдалану.
Психология:
1. Шет тілдерін оқытуда дәлелді біліктілік
2. Шет тілдерін оқытудың психологиялық стратегиясы
Лингвистика:
Көп тілді ортада ағылшын тілін оқытудың әлеуметтік-мәдениеттік аспектілері.
Сонымен қатар, кафедраға алыс-жақын шетелдерден ағылшын тілді педагогтарды визитинг-профессорлар ретінде жиі шақырылып отырады.

 

Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы – педагогикалық үрдісте негізгі орынды алады және жоспарға сай жүргізіледі.Шет тілдері кафедрасында тәрбие жұмысы мына бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Студент жастарды азаматтық - патриоттыққа тәрбиелеу;
2. ҚР үш тілдік саясаты аясында толеранттық пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу;
3. Шет тілдері сабағында елтану материалдарын пайдалана отырып, студенттерді жан-жақты тәрбиелеу.

 

Қазіргі таңда кафедрада жұмыс жасайды:

Жумагулова Г.К. – ф.ғ.к., кафедра меңгерушісі
Саржанова Д.Ж. – оқу ісі меңгерушісі, аға оқытушы
Джаркимбекова Н.К. – ф.ғ.к., доцент
Хасанова У.А. – аға оқытушы
Баймурзаева Д.С - аға оқытушы
Думчебаева А.И.- аға оқытушы
Абиева Д.Н.- аға оқытушы
Кадырбергенова А.О. – аға оқытушы
Таукеева К.С. - аға оқытушы
Алипбаева Г.О.- аға оқытушы
Абдулхакова И.Б. - аға оқытушы
Баймаханова А.- аға оқытушы
Абиева Д.Н.- аға оқытушы
Медетова Б.Л.- аға оқытушы
Тастемир А.А. – оқытушы
Курбанова Д.А.- оқытушы
Беккул А.Б.- оқытушы
Алибекова А.А.- оқытушы
Тунгышбай А.З. – аға лаборант
Зейдулла С.У– аға лаборант
 

Кафедраның орналасуы:
Шымкент қаласы, Токаев көшесі 27 а, 4 этаж 

 

 

 

 

 

 

 

30.09.2020, 10:39
1769 қаралым