Педиатрия-1 кафедрасы

 

 

Кафедра тарихы

 

«Педиатрия» кафедрасы 1994 жылы ОҚО Облыстық балалар ауруханасы базасында жалпы медициналық факультетінің 3 курс студенттеріне арналып құрылған. Кафедраны м.ғ.д., профессор, сол кезде ЖМФ деканы, м.ғ.к., доцент Мырзалиев Болат Атымтайұлы басқарды.
1996 жылы кафедра меңгерушісі қызметіне м.ғ.д., профессор К.А. Аскамбаева тағайындалған.
1997 жылы ОҚММА-да педиатрия факультеті ашылып, осыған орай м.ғ.д., профессор А.Т.Мұсаевтың жетекшілігімен педиатрия факультетінің «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасы құрылған. Сонымен қатар, «Балалар хирургиясы» кафедрасы 1997 жылы құрылды, кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қарабеков Ағабек Қарабекұлы тағайындалды.
2008-2009 оқу жылында м.ғ.д. М.К.Егізбаев, 2009-2010 жылдары м.ғ.к., доцент К.А. Мұстафина жетекшілік етті. Ал, 2010-2011 оқу жылында қайта құрылымдануға байланысты "Балалар хирургиясы" және "Балалар аурулары" кафедралары "Педиатрия және балалар хирургиясы"деп аталатын бірыңғай кафедраға біріктірілді. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қарабеков Ағабек Қарабекұлы сайланды.
2016 жылдың қаңтар айынан бастап кафедраны PhD Т.Ануарбек басқарды. 2019-2020 оқу жылында ректордың бұйрығымен "Педиатрия және балалар хирургиясы" кафедрасы "Педиатрия-1" және "Педиатрия-2" кафедраларына бөлінді. "Педиатрия-1" кафедрасын 2022 жылдың қаңтарына дейін PhD Т.Ануарбек басқарды.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап 1 қыркүйегіне дейін кафедра меңгерушісі міндетін атқарушы болып PhD докторант Нарходжаев Нұрғали Сайлауұлы атқарды.
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісі болып PhD, Кемельбеков Қанатжан Сауханбекұлы тағайындалды.

 

 

Кемельбеков Қанатжан Сауханбекұлы
PhD, жоғары санатты педиатр, балалар хирургі, балалар реаниматолог-анестезиолог дәрігері.
ҚР Ұлттық медициналық ассоциациясының «Алтын дәрігер» төс белгісінің иегері.

 

 

2015 жылы ғылыми тағылымдамамен Израиль Мемлекетінің Реховет қаласындағы «Каплан» медицина орталығында тәжірибесін жетілдірген. Сонымен қатар, Ресей Федерациясында, Өзбекстан, Қырғыстан Республикаларында бірнеше рет дәрігерлік біліктілігін арттырған.
2017 жылдың ақпан айынан бүгінгі таңға дейін АҚ Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының штаттағы қызметкері. Өз еңбек жолын аталған оқу орнының «Педиатрия және балалар хирургиясы» кафедрасында ассистент қызметінен бастаған.
2020 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі таңға дейін «Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының» деканы лауазымын атқаруда.
2020ж. ҚР Денсаулық Сақтау Министрінің «Алғыс хатымен» және «Кәсіби білім дамуындағы қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған.
2021 жылы «Жылдың үздік деканы» төсбелгісімен, ҚР Денсаулық Сақтау Министрінің «Алғыс хатымен» екінші рет және «Үздік жас ғалым» төс белгісімен марапатталған.
2022 жылы Қазақстан медицина қызметкерлері Қоғамының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі-2022» республикалық байқауының жеңімпазы және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
2023 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Медицина үздігі-2023» республикалық конкурсының «Үздік денсаулық сақтау жас зертеушісі» номинациясының жеңімпазы атанды.
2023 жылдың 23 шілдесі мен 23 тамыз айы аралығында Түркия республикасының Стамбул қаласында «Medicana» үздік клиникасында дәрігерлік біліктілігін жетілдіріп, сол уақыт аралығында Стамбул институтында академиялық ұтқырлықтан сәтті өтті.
Сонымен қатар, 100–ден аса ғылыми мақалалары жарық көрген. Оның ішінде халықаралық рейтингілі Scopus және Web of Science базаларында индексацияланатын журналдарда - 24 мақала жарияланған. 12- оқу құралы, 1-оқулық пен монография және 5-авторлық құқықтардың авторы.
Кафедра меңгерушісі К.С.Кемельбеков 5 PhD докторанттардың (Хужахмедова Р.Н., Болатова Д.Ғ., Ержанова А.Ж.,Умирбаев М.М., Назарова Д.Ш.) отандық ғылыми кеңесшісі болып табылады.

 

Кафедра міндеттері:

Кафедраның негізгі қызметі ҚР "Білім туралы" Заңын жүзеге асыруға негізделеді және оның негізгі мақсаттары терең теориялық және практикалық дайындығы, кәсіби білімі, іскерлігі мен дағдылары, мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес келетін мамандықтары бар мамандарды даярлау болып табылады.
• Теориялық мәселелерді зерделеуді және практикалық қызметте қажетті практикалық дағдылар мен іскерліктерді меңгеруді қамтамасыз ету.
• Практикалық денсаулық сақтау үшін іргелі және басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық технологиялардың алынған нәтижелерін енгізу.
• Оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу.

 

Негізгі мақсаттарды орындау үшін кафедра келесі міндеттерді шешеді:

*Кәсіби кадрларды даярлауға бағытталған балалар аурулары пропедевтикасы мен балалар хирургиясы бойынша білім беру бағдарламаларын игеру үшін қажетті оқу-әдістемелік, материалдық – техникалық, кадрлық және ғылыми жағдайлар жасау.
* Практикалық қызметте қажетті теориялық мәселелерді зерделеуді және практикалық дағдылар мен іскерліктерді меңгеруді қамтамасыз ету.
* Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру.
*Заманауи ғылым жетістіктері, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның дамуы.
Кафедра өз қызметін оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және клиникалық жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарларға сәйкес жүзеге асырады.
Кафедра қызметінің барлық түрлерінің мәселелерін талқылау, тиісті шешімдер қабылдау үшін профессор-оқытушылар құрамы қатысуымен айына кемінде бір рет кафедра отырыстары өткізіледі.

 

Негізгі оқу курстары

Кафедрада медицина факультетінің білім алушылары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады. "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасына арналған "Балалар аурулары пропедевтикасы-1", "Балалар аурулары пропедевтикасы-2" және "Балалар хирургиясы" пәндерінен 3,4 оқыту курстарына, «Педиатрия» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс білім алушыларына «Балалар хирургиясы» және «Балалар травматологиясы және ортопедия» пәндерінен сабақ жүргізіледі. «Педиатрия» білім бағдарламасы бойынша 6 курс интернатура деңгейіне: «ЖТД-ғы балалар хиругиясы», «Педиатриядағы шұғыл көмек» және «БШАИЖ» пәндері, ал «Педиатрия» білім бағдарламасы бойынша 7 курс интернатура деңгейіне: «Амбулаторлық-емханалық педиатрия», «Балалар пульмонологиясы», «Балалар кардиоревматологиясы», «Неонатология», «Балалар гематологиясы», «Балалар эндокринологиясы», «Балалар нефрологиясы» және «Балалар гастроэнтерологиясы», сонымен қатар "Балалар хирургиясы" білім беру бағдарламасы бойынша резидентураның 1,2,3 оқу жылына, «Амбулаториялық-емханалық хирургия», «Шұғыл хирургия», «Торакалдық хирургия», «Урология мен жоспарлы хирургия-1», «Урология мен жоспарлы хирургия-2», «Іріңді хирургия», «Эндоскопиялық хирургия», «Педиатриядағы қарқынды терапия», «Травматология, ортопедия» және «Жаңа туған нәрестелер хирургиясы» пәндері бойынша оқыту жүргізіледі.
Білім алушыларға клиникалық пәндерді оқыту ТО ДСБ ШЖҚ МКК "Облыстық балалар ауруханасы" жетекші клиникалық базасында жүргізіледі.
Инновациялық технологиялар бойынша сабақтар негізінен ОҚМА ТДО-да муляждар мен манекендерде, сондай-ақ облыстық балалар ауруханасының БЖАИБ орталығында және бөлімшелерінде науқастың төсегінде клиникалық талдау түрінде жүргізіледі.

 

Оқу-әдістемелік жұмыс.

Кафедрада "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс білім алушыларына "Балалар хирургиясы", 3 курс білім алушыларына "Балалар аурулары пропедевтикасы-1;" " Балалар аурулары пропедевтикасы-2" пәндері бойынша модульдік оқу бағдарламалары жасалған. Модульдік оқу бағдарламасы негізінде оқу–әдістемелік кешен (силлабус, практикалық сабақтарға және білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне арналған әдістемелік ұсынымдар, бақылау-өлшеу құралдары) және ОҚКЕ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар әзірленді.
Сонымен қатар «Педиатрия» білім беру бағдарламасы бойынша 6 курс интернатура деңгейіне «ЖТД-ғы балалар хиругиясы», «Педиатриядағы шұғыл көмек» және «БШАИЖ» пәндері, «Педиатрия» білім бағдарламасы бойынша 7 курс интернатура деңгейіне: «Амбулаторлық-емханалық педиатрия», «Балалар пульмонологиясы», «Балалар кардиоревматологиясы», «Неонатология», «Балалар гематологиясы», «Балалар эндокринологиясы», «Балалар нефрологиясы» және «Балалар гастроэнтерологиясы» пәндерінен, сонымен қатар "Балалар хирургиясы" мамандығы бойынша резидентураның 1, 2, 3 оқу жылына, «Амбулаториялық-емханалық хирургия», «Шұғыл хирургия», «Торакалдық хирургия», «Урология мен жоспарлы хирургия-1», «Урология мен жоспарлы хирургия-2», «Іріңді хирургия», «Эндоскопиялық хирургия», «Педиатриядағы қарқынды терапия», «Травматология, ортопедия» және «Жаңа туған нәрестелер хирургиясы» пәндері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар даярланды.

 

Кафедраның оқытушы құрамы:

* мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларын, тиісті оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге және жетілдіруге белсенді қатысады;
* әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарын анықтайды;
* кафедраның әдістемелік мәселелерін шешудің оңтайлы жолдарын және бірыңғай тәсілін әзірлейді;
* кафедраның әдістемелік жұмыс жоспарын құрастырады;
* кафедрадағы оқу процесінің және әдістемелік жұмыстың барлық түрлерінің жай-күйін талдайды, оқытудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
* кафедра, факультеттің Әдістемелік Кеңесі, Ғылыми Кеңес әзірлеген әдістемелік ұсыныстарды енгізуді ұйымдастырады;
* модульдік оқу жоспарларын, бағдарламаларын келісу және тәжірибе алмасу үшін басқа кафедралардың әдістемелік топтарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;;
* кафедраның әдістемелік семинарларын дайындайды және өткізеді;
* оқу процесін оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындайды, кафедра оқытушыларының әдістемелік әзірлемелерін алғашқы рецензиялау мен талқылауды жүргізеді;
* кафедраның әдістемелік жұмыс жоспарының, оқытушылардың жеке жоспарларының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады;
* ашық сабақтар мен сабақтарға өзара қатысуды, әдістемелік семинардың, конкурстардың және әдістемелік бағыттағы басқа да іс-шаралардың жұмысын ұйымдастырады.

 

Ғылыми - зерттеу жұмысы

Кафедра қызметкерлері 550-ден астам ғылыми жұмыс, 48 инновациялық патент, авторлық куәлік, Қазақстан Республикасының патентін алды және 2 өнертабыстық Еуразиялық патент алды. Кафедраның 2023-2025жылдарға арналған Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0123РКИ0139 (044-27/14-600, 05.04.2023) «Совершенствование современных соматических и хирургических мини инвазивных методов лечения при ВПС у детей» тақырыбындағы ынталандырылған ғылыми жобасы бар. Аталған жоба аясында кафедрадағы магистранттар, докторанттар ғылыми жұмыстар атқарады. Сонымен қатар, «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша 3-4 курс білім алушылары жобаға бағытталған оқыту әдісімен ғылыми жоба тақырыптарын қорғау жұмыстарын жүргізіп келеді.
Кафедра профессор оқытушы құрамы төмендегі оқулық, оқу құралдары мен монографиялардың авторлары болып табылады:
1. 2019 жылы кафедра қызметкерлері К.А.Мұстафина, Т.А.Маймаков, К.С.Кемелбеков, К.У.Қарсыбаева, Ж.К.Жұмабеков қазақ тілінде "Бала ауруларының пропедевтикасы" оқулығын шығарды.
2. 2019 жылы «Шала және жетіліп туылған нәрестелердегі даму ақаулары». оқу құралы Кемельбеков К.С., Карсыбаева К.Р.
3. 2021 жылы «Балалар нефрологиясындағы семиотика және синдромология".- оқу құралы - Кемелбеков Қ. С., Бектенова Г. Е.
4. 2021 жылы «Diseases of young children» Textbook – оқу құралы - Бектенова Г.Е.,Кемельбеков К.С.
5. 2021жылы "Ерте жастағы балалардың тиімді тамақтануы" оқу құралы- Бектенова Г. Е., Кемельбеков К. С.
6.2022 жылы «Балалардағы жөтел синдромының диагностикасы мен емі» оқу құралы- Кемельбеков К.С., Карсыбаева У.Р., Даткаева Г.М., Бектенова Г.Е., Туктибаева С.А.
7. 2022 жылы «Балалар жасындағы гастроэнтерология» – оқу құралы – Жумабеков Ж.К., Кемельбеков К.С.
8. 2022 жылы «Жүректің туа біткен кардиоваскулярлы аурулары кезінде хирургиялық көмек көрсетуді жақсарту жолдары» – монография. Кемельбеков К.С.
9. 2023 жылы «Балалар травматологиясы және ортопедиясы» оқу құралы- Кемелбеков К. С.,Нарходжаев Н.С.
10. 2023 жылы «Балалар ауруханаларында қабылдау кезеңінде шұғыл көмек көрсету» – оқу құралы - Кемельбеков К.С., Мустафина К.А., Нарходжаев Н.С., Төлеуова А.Е.
11. 2024 жылы «Неонаталды хирургия» – оқу құралы - Кемельбеков К.С., Нарходжаев Н.С., Турысбеков С.А., Байдуллаев Е.Е., Хужахметова Р.Н..
12. 2024 жылы «Жаңа туылған нәрестелердегі некроздық энтероколит» – оқу құралы - Кемельбеков К.С., Хужахмедова Р.Н.Нарходжаев Н.С.,
Баймаханова Б.Б.

 

Кафедраның клиникалық жұмыстары:

Кафедраның клиникалық базалары ТО ДСБ ШЖҚ "Облыстық балалар ауруханасы" МКК. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары кәсіби дайындық деңгейіне ие. Кафедраның барлық оқытушыларының біліктілік дәрігерлік санаттары және маман сертификаттары бар. Кафедра оқытушылары практикалық денсаулық сақтау саласымен бірге үлкен емдеу-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.Сонымен қатар, кафедра меңгерушісі, PhD К.С.Кемельбеков жүйелі түрде Шымкент қалалық денсаулық сақтау департаментімен бірлесе отырып бұқаралық ақпарат құралдарында бала денсаулығының өзекті мәселелері мен қоғамдық кең таралған сырқаттар бойынша белсенді түрде сұқбаттар беріп отырады (Ontustik, Отырар, Айғақ т.б. телеарналарында).
Кафедра қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, клиникалық шолулар мен консилиумдар өткізіледі.

 

Қазіргі уақытта кафедрада жұмыс істейді:

1. Кемельбеков К.С. – кафедра меңгерушісі, PhD доктор;
2. Аскамбай К. - м.ғ.д., профессор;
3. Ташев И.А. - м.ғ.д., профессор;
4. Мустафина К.А. – м.ғ.к., доцент;
5. Баймаханова Б.Б. - м.ғ.к., доцент ;
6. Темиркулов А. - м.ғ.к., доцент;
7. Ахметова Г.Ш. – ассистент;
8. Нарходжаев Н.С– ассистент;
9. Хужахмедова Р.Н - ассистент;
10 Балтабаева Б.С. – ассистент;
11. Абсадык А.Е. – ассистент;
12. Нарманов К.М.- ассистент;
13. Саймкулова Б.Д. – аға лаборант;
14. Тоқсанбай Л.С – аға лаборант;
15. Тулеева Н.Д.- аға лаборант.

 

Қосымша:

1. Есалиев К.И. - ассистент;
2. Оспанов Е.А. - ассистент;
3. Зайдулла А.М. – ассистент.

 

Мекен-жайы және байланыс деректері:
Шымкент қаласы, Нурсат шағын мөлтек ауданы, Аргынбекова көшесі №125, Облыстық балалар ауруханасы;
Электрондық пошта: ped.rez@mail.ru

 

 

 

 

 

30.09.2020, 10:50
2257 қаралым