Ғылыми клиника-диагностикалық зертханасы

 

Тарихы

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында ОҚМФА №113 оқу клиникалық-зертханалық орталығын (КБО) клиникалық-диагностикалық зертханаға (КДЛ) оқу клиникалық-симмуляциялық орталығына (УКСО) бөлу туралы бұйрық негізінде клиникалық-диагностикалық зертхана құрылды.


20.09.2010 жылы Клиникалық-диагностикалық зертхана (КДЗ) ашылды. Зертхана меңгерушісі қызметін Пацаева Ләйлә Анафияевна атқарды. КДЗ төрт оқу-клиникалық зертханалардан тұрады:
-морфологиялық;
-гигиеналық;
-биохимиялық;
-физиологиялық.


Оқу-клиникалық зертхананың жалпы ауданы 333,2 ш.м., ауданы 290,9 ш.м. құрайды. Зертхана бас ғимараттың бірінші қабатының сол қанатында орналасқан, 11 кабинет, екі шығу (негізгі және қосалқы) бар. Зертханада аралас жарықтандыру жүйесі бар: табиғи – терезе саңылаулары есебінен, жасанды – төбелік флуоресцентті шамдар мен жұмыс орнында жарық ағынын қалыптастыратын жергілікті жарықтандыру есебінен. ҚР №5.03.014-2006 «ЖОО оқу және ғылыми зертханалары» талабына сай. Бұл зертханалар бакалавр, интерн,резиденттер және тыңдаушыларға (бірінші реттік және кәсібі даму) оқу барысында толық мүмкіншіліктерімен пайдалынуда. Әр зертхана заманауи құрал-жабдықтармен, зертханалық жиһазбен, қажетті реактивтер мен медициналық инвентарларымен толығымен жабдықталып,студенттерге, интерндерге және тыңдаушыларға бекітілген оқу кестесімен тәжірибелік дәріс алуларына мүмкіншіліктер жасалған.Сонымен қатар семинарлар құралды анықтау әдістері тақырыбында және ашық сабақтар бар құрал-жабдықтарды пайдаланып өткізіледі.

 

 

 

 

2013 жылы 13 желтоқсанда №0012397DX «зертханалық қызмет» лицензиясы алынды, ол бүкіл зертханалық талдау әдістерінің қадамдарын толығымен тәжірібе жүзінде кеңінен таралған вакутейнерді, атоматты дозаторларды, заманауи автоматты анализаторларды (гематологиялық, биохимиялық және ИФА) пайдалана отырып, көрсетуге мүмкіншіліктер бар.


2018 жылы 06.04. № 0111250DX Академия мәртебесінің өзгеруіне байланысты жаңартылды. "South clinical & Genetic laboratory" геномдық зерттеулер ғылыми-зерттеу зертханасы мен клиникалық-диагностикалық зертхананы біріктіру жолымен ОҚМА АҚ ректорының 11.03.2021 жылғы № 18Ө бұйрығымен құрылды. Зертханалардың жалпы ауданы 576,3 ш.м. құрайды, ОҚМА бас корпусының бірінші қабатының сол қанатында орналасқан, 14 кабинет, үш кіру және шығу (негізгі, қосалқы және пациенттер үшін-көше жағынан) бар. Барлық қол жетімді зертханалар ғылыми және клиникалық зерттеулер жүргізуге арналған. Зертхана құрамында бірқатар арнайы бөлімшелер бар: биохимиялық, гематологиялық, клиникалық, ИФТ және ПТР-диагностика, цитогенетика. Зертхананың зерттеулердің толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қажетті инфрақұрылымы бар. 2010-2023ж.ж зертхана меңгерушісі Бейсебаева Ляззат Мухтаровна қызметін атқарды. Бастапқы кезеңде ұсынылатын қызметтер спектрін анықтау - халық үшін зертханалық диагностика (жалпы клиникалық, серологиялық, иммуноферменттік талдаулар жүргізу, полимеразды тізбекті реакция), мемлекеттік тапсырыстарды орындалуда.

 

 

 


Келесі кезеңде-даму әдістердің ерекшеліктеріне және практикалық және ғылыми міндеттердің ерекшелігіне сәйкес зертханада зертхана қызметінің негізгі бағыттары: басым ғылыми бағыттардың бірі ретінде биохимиялық, цитогенетикалық және молекулалық-генетикалық зерттеулер ұйымдастырылды.

 

 

Зертхана меңгерушісі - Калдыбекова Салтанат Бактияровна

 

 

 

 

Қызметкерлер құрамы:

 

1.Калдыбекова Салтанат Бактияровна - Зертхана меңгерушісі
2.А.А.Бурабаев - Жетекші ғылыми қызметкер
3.Б.Ж.Құлбаева - Жетекші ғылыми қызметкер
4.Әжібаева-Купенова Д.Т - Ғылыми қызметкер
5.А.М. Дүйсенова - Ғылыми қызметкер
6.А.А. Бурабаев - Кіші ғылыми қызметкер
7.Үсенбек Д.П - Зертханалық ісі маманы
8.Сейсенбаева С.А - Аға зертханашы
9.Б.Б. Үмішова - Медбике
10.Жандарова М.У. - Тазалықшы

 

 


Байланыс ақпараты: Шымкент қ. Әл-Фараби алаңы 1. Бас ғимарат, 1-қабат, сол жақ қанат, «Ассистентская-2» кабинеті
e-mail: s.kaldybekova@skma.kz
Ұялы тел.: 87715100893

 

 

 

 

17.04.2024, 16:48
555 қаралым