Медицина факультеті

 

 


«Емдеу ісі» мамандығы 1992 жылы Шымкент мемлекеттік медицина институты негізінде ашылды. Алғашқы деканы болып профессор Құдабаев Қанапия Жұмағазыұлы тағайындалды. 1996-1997 жылдары декан қызметін доцент Бекетов Ғалымжан Ильясұлы атқарды. 1997 жылдан бастап емдеу факультетінің деканы болып м.ғ.д., профессор Қарабеков Ағабек Қарабекұлы тағайындалды. 1999 жылдан бастап емдеу факультетінің деканы қызметін профессор Сисабеков Қасымхан Ермекбайұлы атқарды. 2003 жылы емдеу факультетінің деканы қызметіне м.ғ.к., доцент Анартаева Мария Ұласбекқызы тағайындалды.
2012 жылы академия ректорының 08.10.2012 жылғы №222 бұйрығы бойынша медицина факультеті құрылды. Медицина факультетінің бірінші деканы қызметін м.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қарабеков Ағабек Қарабекович атқарды. 2015 жылдан бастап медицина факультетінің деканы қызметін м.ғ.к., профессор м.а. Долтаева Бибігүл Зайдуллақызы атқарды. 2022-2024 жж. – Сагтаганов Жаксыбек Илесбекович декан қызметін атқарды. 2024 ж. қаңтар айынан бастап факультет деканы болып м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Ашимхановна тағайындалды.
Факультет студенттердің бірнеше жақын мамандықтарының дайындығын іске асыратын, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарымен айналысатын ОҚМА құрылымдық бөлімі болып табылады. Қазіргі таңда медицина факультеті бакалавриат білім беру бағдарламаларын дайындауда: «Жалпы медицина», «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейіргер ісі» және «Медициналық-профилактикалық іс».
Қазіргі кезде медицина факультетінде Қазақстанның барлық қалаларының және ТМД елдерінен 2000-ға жуық студент білім алады. Жыл сайын «Жалпы медицина» және «Педиатрия» білім беру бағдарламалары білім алушылары ҚР Президентінің атаулы стипендиясының иегерлері болып табылады.
Факультет кафедраларындағы штаттық педагогикалық оқытушылар құрамының саны - 279. Оның ішінде ғылым докторлары - 20, ғылым кандидаттары - 66, PhD докторлары – 9, магистрлар – 57, жоғары саннаттағы дәрігерлер - 94, бірінші саннаттағы дәрігерлер -6.
Факультет білім беру бағдарламаларына байланысты факультеттің құрамына қарасты барлық кафедралар, өз жұмыстары бойынша факультеттің бағдарына жақын жалпы ғылымдық және жалпы білімдік кафедраларды біріктіреді.

 

Факультетке қарасты 22 кафедра жұмыс атқарады:

 

1. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы (кафедра меңгерушісі PhD Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы)
2. «Химия, биохимия және молекулалық биология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі х.ғ.к., профессор м.а. Дәуренбеков Қанат Нарбекұлы)
3. «Морфофизиология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., профессор м.а. Танабаев Баймахан Дильбарханович)
4. «Клиникаға кіріспе» кафедрасы (кафедра меңгерушісі, PhD Жумадилова Ақмарал Рахматуллаевна)
5. «Микробиология, аллергология және иммунология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор м.а. Сейтханова Бибигуль Тулегеновна)
6. «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Эльмира Куанышевна)
7. «Патология және сот медицинасы» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор м.а. Садыкова Алия Шамилевна)
8. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., қауым.профессор Сарсенбаева Гульзат Жанабаевна)
9. «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Утепов Пархат Дусембаевич)
10. «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Ашимхановна)
11. «Фтизиопульмонология және радиология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Касаева Лаззат Татибековна)
12. «Терапия және кардиология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Асанова Галия Кутумбетовна)
13. «Жалпы тәжірибелік дәрігер-1» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Датхаева Гулмира Маханбетовна)
14. «Педиатрия-1» кафедрасы (кафедра меңгерушісі PhD Кемельбеков Канатжан Сауханбекович)
15. «Педиатрия-2» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., профессор Бектенова Гульмира Ерсеитовна)
16. «Хирургия-1» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Жумагулов Көпжан Нұрбабаевич)
17. «Хирургия, онкология және травматология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Абдурахманов Бабур Анварович)
18. «Хирургия-2» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Калдыгозова Галия Еркимбековна)
19. «Хирургиялық және ортопедиялық стоматология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. Шукпаров Асылбек Баядилович)
20. «Балалар және терапиялық стоматологиясы» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. Кенбаева Лаура Омархановна)
21. «Дене тәрбиесі орталығы» (меңгерушісі магистр Аширбаев Орынбасар Атырханович)
22. Топографиялық анатомия және гистология кафедрасы (кафедра меңгерушісі профессор м.а. Мурзанова Д.А.)

 

 


Медицина факультетінің деканы
м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Ашимхановна

 

 

«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша декан орынбасары
Дүйсенбаева Меруерт Мейрамбекқызы.

 

 

«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық-профилактикалық іс», «Мейіргер ісі» және «Педиатрия» білім беру бағдарламалары бойынша декан орынбасары
Тайгашева Нұргүл Манарбекқызы

 

 

«Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша декан орынбасары
Болысбеков Бекежан Батырханұлы

 

 

Деканаттың әдістемелік жұмысын келесі мамандар атқарады: аға әдіскер - Махатова Перуза Жантасқызы, әдіскерлер - Салыбек Сымбат Анарбекқызы, Әсіл Әсем Айбекқызы, Өмірзақова Айдана Есмаханқызы.

 

 

«Медицина» білім беру бағдарламасы 2, 3 курстар бойынша аға әдіскер
Махатова Перуза Жантасқызы

 

 

«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы 1, 4, 5 курстар бойынша әдіскер
Әсіл Әсем Айбекқызы

 

 

«Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша әдіскер
Салыбек Сымбат Анарбекқызы

 

 

«Педиатрия», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық-профилактикалық іс» және «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламалары бойынша әдіскер
Өмірзақова Айдана Есмахановна

 

 

Факультеттегі профессорлық оқытушылар құрамы білім алушылар арасында тәрбие жұмысына үлкен көңіл бөледі. Факультет өзінің жұмыстары бойынша оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорға есеп береді. Факультет деканы Факультет Кеңесіне басшылық жасайды. Медицина факультеті өз қызметтерін ректордың бекіткен жылдық жоспар негізінде іске асырады.

 

 

 

 

Байланыс мәліметтері:

Бас ғимарат, 1-қабат, 129 кабинет.

Телефон:8 (7252) 39-57-57 (1023), 8 (7252) 39-57-57 (1016).

Эл.мекен-жай: medfac@skma.kz
 

 

 

 

 

 

30.09.2020, 06:52
4430 қаралым