Жастар саясаты бөлімі

 

 

Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі:
Тасжанов Берік Рахманәліұлы

 


Жұм.тел.: (87252) 39-57-57 (ішкі номер: 1036)
E-mail: taszhanov-91@mail.ru

 


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


Жастар саясаты бөлімі (әрі қарай - ЖСБ) өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларды, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Білім және Ғылым министрлігінің нормативтік ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарын, Қоғам Жарғысын, ішкі нормативтік құжаттарды, сонымен қатар бөлімнің осы ережесін басшылыққа алады.
ЖСБ «ОҚМА» АҚ-ның өз алдына бөлек құрылымдық бөлімі болып табылады. ЖСБ меңгерушісі, бөлім мамандары ректордың бұйрығымен ғылыми-педагогикалық немесе тәжірибелік қызметте кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі немесе жоғары білімі бар, педагогикалық және студенттердің жастар қозғалысы бойынша екі жылдан кем емес еңбек өтілі бар ең білікті оқытушылар, қызметкерлер арасынан тағайындалады.

 


НЕГІЗГІ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР


ЖСБ қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты мен «ОҚМА» АҚ миссиясын жүзеге асыруда студенттік жастардың жемісті дамуы мен белсенділігінің артуына жағдай жасау болып табылады.

 

 


Жастар саясаты бөлімінің әлеуметтік жұмыстар бойынша бас маманы:

Баймбетова Баян Сейтжапбарқызы

 


• Әлеуметтік аз қамтылған студенттердің мүдделерін қорғау;
• Оқу жылында екі рет әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттердің статистикалық құжаттарын жинауды ұйымдастыру;
• Студенттердің әлеуметтік жағдайының төмендігін ескере отырып, жақсы оқитын студенттерді ректорлық стипендияға ұсыну;
• Тіркелген кафедралармен біріге отырып студенттердің әлеуметтік жағдайын қадағалау;
• Мүмкіндігінше оқу жылында екі рет тұл жетімдер мен мүгедектерге қаржылай көмек көрсету бойынша басшылыққа тізім ұсыну;
• Отбасылық студенттерге жаңа жылдық мереке қарсаңында сыйлықтар үлестіруді ұйымдастыру;
• Жетім студенттердің әлеуметтік қорғалуын үйлестіреді;
• Студенттер арасында қайырымдылық іш-шараларды өткізу.

 

 


Жетекші маман: Камбарова Жанна Онгарбековна

 


• ОҚМА-да Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға;
• Факультеттердің студенттік кеңесінің, студенттік ұйымдар көшбасшыларының қызметтері мен жауапкершілік деңгейлерін анықтайды;
• Жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ат салысады;
• ОҚМА студенттік кеңесінің жұмысын ағымдағы және болашақтағы жоспарлауын қамтамасыз етеді;
• Белсенді студенттердің есебін жүргізеді;
• Студенттерді, қоғамдық белсенділерді жұмысқа тартып, олармен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысын жүргізеді;
• ЖСБ есебін, перспективті және жылдық жоспарын әзірлеуге қатысады;
• ЖСБ жүктелген жұмысты ұйымдастыруға;
• Бөлім мамандарына, студенттік клубтарға, Тәлімгерлер Кеңесіне, студенттік өзін-өзі басқару органдарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуге міндетті.

 

 


Музыкалық жетекші: Тұңғышбаев Бейбарыс Нұрланұлы


E-mail: Beibaris.t@icloud.com

 


• Музыкалық аспаптар арқылы шығарманың бейнесін, мазмұнын, эмоциялық тереңдігін көрсетуге;
• Ойнаудың әртүрлі техникаларын қолдана отырып, музыкалық аспаптарда шығармаларды орындауға;
• Өз қызметін басқаруға қабілетті болу, басқа орындаушыларға сай музыкалық шығармашылықтың идеясын түсінуге;
• Жеке орындаушы ретінде өнер көрсетуге;
• Музыкалық ұжымда жұмыс істеуге;
• Бүкіл музыкалық ұжымға немесе басқа да орындаушыларға дирижерлік жасауға, басқаруға;
• Жеке орындаушыны немесе ұжымды сүйемелдеуге;
• Жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға;
• ОҚМА салтанатты кештері мен мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды ұйымдастырып, өткізуге және Шымкент қаласының мәдени-көпшілік іс-шараларына қатысуға;
• Байқаулар, көркемдік шығармашылық фестивальдар, спартакиадаларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысуға;
• ЖСБ жүктеген жұмысты ұйымдастыруға;

 

 


Эстетикалық және әлеуметтік жұмыстар бойынша маман:

Жиенбек Дәуренбек Жәнібекұлы

 


• Академияда студенттер үшін жақсы әлеуметтік-психологиялық жағдай қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеп, енгізу мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізеді;
• ОҚМА жатақханаларындағы студенттердің өмір сүру жағдайын қадағалайды, орын алған теріс жағдайларды жою бойынша шаралар қолданады;
• Жатақхананың студенттік кеңесінің жұмысын үйлестіреді, олардың жұмыс жоспарының орындалуын қадағалайды;
• Студенттердің асханалар мен буфеттердегі тамақтану жағдайын қадағалайды, орын алған тәртіп бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады;
• ҰОС, Еңбек және Тыл ардагерлерімен жұмысты ұйымдастырады;
• БАҚ көмегімен студенттердің шығармашылық жетістіктерін насихаттаумен айналысады;
• Конкурстар өткізу арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамытуға ат салысады, олардың дайындық сапасын арттырады;
• Жиналыстар, кездесулер мен саяхаттар ұйымдастыру арқылы студенттерге ҚР мемлекеттік рәміздерін, тарихи ескерткіштерді құрметтеу сезімін сіңіреді;
• БАҚ-пен арнайы жұмыс жүргізу;
• Анкета мен сауалнамалар арқылы ОҚМА студенттерінің арасында діни экстремизмнің әсеріне ілігуі мүмкін топқа кіретін студенттер жайында мәліметтер жинайды;
• Діни экстремизм мен терроризмге қарсы акциялар, дөңгелек столдар мен жиналыстар ұйымдастырып, өткізеді;

 

 

 

 

 

30.09.2020, 04:31
2590 қаралым