«Жалпы тәжірибелік дәрігер – 1» кафедрасы
Кафедра тарихы
Кафедра 2007 жылы «ОҚММА» кезінде «Емхана-2», академияның қайта құрылуына байланысты 2009 жылы 1-қыркүйектен бастап «Емхана» кафедрасы болып ауысты. Кафедраны 2007-2009 жж. м.ғ.к., доцент Н.В. Югай, 2009-2012 жж. м.ғ.к., доцент Ж.Ә.Қауызбай басқарды. 2012-2013 оқу жылдары кафедраға:Медициналық жедел жардем, Акушерлік-гинекология, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері курстары қосылды, осыған байланысты кафедра «Алғашқы санитарлық медициналық жәрдем және акушерлік-гинекология курсымен» кафедрасы болып аталды. 2017 ж. бастап «Алғашқы санитарлық медициналық жәрдем-1» кафедрасы болып өзгертілді. 2012-2019 жж. аралыгында кафедраны м.ғ.к., доцент Н.В. Югай басқарды.
Кафендрада «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандарын дайындау барысында, дәрігер-интерндер «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» модульдік оқу бағдарламасының негізгі пәндерін өтеді, осыған орай кафедра 2018 ж. сәуірінен бастап «Жалпы тәжірибелі дәрігер-1» кафедрасы болып аталды.
2020-2021 оқу жылынан бастап кафедрада оқытатын пәндер қатарына «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні қосылды (үш тілде оқытылады).
Кафедраны 2019 ж. қыркүйек айынан бастап м.ғ.к., доцент Датқаева Гульмира Маханбетқызы басқарып келеді.
Кафедра меңгерушісі Датқаева Гульмира Маханбетқызы
Кафедры мақсаты:
Әр қаралған науқастың жасына және жынысына, сонымен қатар ауруының сипатына қарамастан оның жанұялық, өмір сүріп жатқан қоғамдағы ерекшеліктерін, мәдениетін ескере отырып үздіксіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету, жауапкершілігіне қабілетті алғашқы медициналық – санитарлық жәрдем көрсету жүйесінде қызмет жасай алатын жалпы практикалық дәрігер дайындау.
Негізгі оқу пәндері:
• «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» бокалавриат 5 курс;
• «Амбулаторлы емханалық педиатрия» интернатура 6 курс
• «Амбулаторлы емханалық терапия» интернатура 6 курс
• « Амбулаторлы емханалық кардиология» интернатура 6 курс
• «Превентивті педиатрия» интернатура 6 курс
• « ЖДТ-гі балалар аурулары» интернатура 7 курс
• « ЖДТ-гі ішкі аурулар» интернатура 7 курс
• «ЖДТ-гі гериатрия» интернатура 7 курс
• «АМСК деңгейіндегі Экстрогенитальды патология» интернатура 7 курс
Пәндер қазақ және орыс, ағылшын (бакалавриатта) тілдерінде өтеді.
Оқытылатын пәндердің жаңартылуы жыл сайын қаралады және оқу-әдістемелік кешен, тәжірибелік сабақ материалдары, бақылау- өлшегіш құралдары жаңартылып отырады.
Кафедра Миссиясы:
«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының (бұдан әрі – ББ) миссиясы, БМСК деңгейінде медициналық көмек көрсететін және үздіксіз кәсіби дамуға дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
ББ миссиясы "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасының комитетімен ұсынылған, 2018 ж. қаңтар айында жұмыс берушілермен дөңгелек стөлде талқыланған. ББ Миссиясымен кафедра қызметкерлері, студенттер, дәрігер-интерндер, клиникалық базалар басшылықтары және практикалық денсаулық сақтау өкілдері таныстырылды. Білім берудің медициналық ұйымдары білім беру бағдарламасының миссиясын қоғам денсаулығының қажеттілігі, медициналық көмек көрсету жүйесінің талаптары негізінде және әлеуметтік жауапкершіліктің басқа да аспектілеріне сәйкес айқындауы тиіс.
«Жалпы медицина» ББ бакалавриат және интенатура деңгейінде оқытуды көздейді. ББ миссиясы интернатура түлегінің құзыреттілігін және салалық біліктілік шеңберіне сәйкес біліктілік деңгейін ескере отырып әзірленген.
Миссияны әзірлеу кезінде денсаулық сақтау саласына «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандарының қажеттілігі және «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша интернатураны бітірген түлектерді өз бетінше жұмысқа орналасу мүмкіндігі назарға алынды. Қазіргі таңда интернатура түлектері: Жалпы тәжірибиелі дәрігердің функционалдық міндеттерін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде өз бетімен орындай алады және жедел медициналық көмек көрсете алады.
«Жалпы медицина» ББ миссиясы ОҚМА http://ukma.kz сайтының құрылымдар бөлімінде («Жалпы тәжірибелі дәрігер -1» кафедрасы) және деканаттың, «Жалпы тәжірибелі дәрігер -1» кафедрасының стендінде жарияланған.
Кафедраның ғылыми бағыты:
- «Микронутриентті жетімсіздіктің алдын алу және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру», бұл ғылыми жоба ҚР денсаулық сақтау жүйесінде ана мен бала денсаулығын қорғаудағы негізгі бағыт болып табылады.
- Біріншілік медициналық санитарлық көмек (ПМСП) деңгейінде инфекциялық емес аурулардың алдын алу.
Қазіргі таңда кафедрада: медицина ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаттары-3, ДС докторанты-1, ДС магистрлары-8 және жоғары санатты терапевт, педиатр дәрігерлері, ЖТД білікті мамандары жұмыс жасайды.
Профессор-оқытушылар құрамы:
1. Датқаева Гульмира Маханбетовна- м.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі.
2. Мусаев Юлдаш Мусаевич -м.ғ.д., профессор м.а.
3. Бектибаева Назипа Шакмановна- м.ғ.к., доцент
4. Бекенов Нурлан Нургалиевич- м.ғ.к., доцент
5. Калдыгозова Клара Есиркеповна- ассистент
6. Абдраимова Сауле Ермековна – ассистент
7. Емешева Меруерт Атаевна –ассистент
8. Кулбаева Лира Азимхановна– ДС магистрі, ассистент
9. Бердікулова Қарлығаш Пернехановна- ДС магистрі, ассистент
10. Нұрмаханова Гульмира Нұрмахановна- ДС магистрі, ассистент
11. Камысбаева Айгерім Кеңесовна- ДС магистрі, ассистент
12. Байжан Балжан Ерікқызы -ассистент
13. Айтымбетова Нурила Айтымбетовна - ДС магистрі, ассистент
14. Тұрсынбаева Айгүл Жаңабаевна- ассистент
Қосымша штаттағы Оқытушылар құрамы:
Омар Ақмарал Уалиханқызы- жогары санатты дәрігер, ДС магистрі
Қылышбаева Айгүл Орынбасаровна- жогары санатты дәрігер, ДС магистрі
Сарсенбаев Нұржан Тұрғынбаевич- жогары санатты дәрігер, ДС магистрі
Турдалиева Айжан Ауесбековна- жогары санатты дәрігер, ДС магистрі
Курбанова Ләззат Нұрматовна- жогары санатты дәрігер
Тугамбаева Алия Таспулатовна- жогары санатты дәрігер
Оқу-көмекші қызметкерлері:
1. Кулиева Акмарал Усеновна- аға лаборант
2. Тлеуова Гүлзира- аға лаборант
3. Шарипова Айдана-лаборант
Кафедраның мекен – жайлары және байланыс көздері:
Шымкент қ. Нурсат м/а, Байтереков көшесі ДСБ №3 ҚЕ, Самал м/а №6 ҚЕ, Байтұрсынов к/сі -1, №8 ҚЕ
e-mail: vop1k@mail.ru
