Гигиена және эпидемиология кафедрасы

 

 

Кафедра тарихы

1994 жылы «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы бастапқы атауы деп ұйымдастырылып, «Жалпы гигиена азаматтық қорғаныс курсы» құрылды.
Ең алғаш рет кафедра базасы бас дәрігер - м.ғ.к Б.К. Торғауытовтың жетекшілігімен ОҚО Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы құрылды. Сол жылы Алматыдан м.ғ.д. профессор Ж.Т. Тұрлыбеков кафедра меңгерушілігіне арнайы шақырылды. Кейіннен «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасының ұйымдастырылуына байланысты Ж.Т.Тұрлыбеков сол кафедраның меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.
1995 жылдың ақпан айынан бастап, кафедра меңгерушілігіне ҚР ҰҒА корр. мүшесі, м.ғ.д., профессор Б.Е.Алтынбеков тағайындалды. Профессор Б.Е. Алтынбековтың басшылығымен 9 кандидаттық диссертация қорғалып, Оңтүстік Казақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары үшін санитарлық-гигиеналық профильдегі жоғарғы санаттағы мамандар дайындалды.
2002 жылы кафедраның қайта құрылуына байланысты «Әлеуметтік медицина» кафедрасы «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасымен біріктірілді. 2003 жылдан мемлекеттік аттестациялық комиссияның шешіміне сай штаттық кестеге негізделіп, кафедралар бөлініп, кафедра «Жалпы гигиена және экология» деп аталды.
2012 жылдың 27 шілде күні Ғылыми Кеңестің шешіміне сай (хаттама №11), штаттық кестеге негізделіп ректордың 14.07.2012ж. №191 бұйрығымен «Жалпы гигиена және экология» кафедрасы екіге бөлініп, «Гигиена-1» кафедрасы деп аталды.
2012 жылдың 21 қараша күні Ғылыми Кеңестің шешіміне сай және ректордың №241п бұйрығымен «Гигиена-1» кафедрасы «Дене шынықтыру» кафедрасымен біріктіріліп, «Гигиена-1, денешынықтыру және валеология» кафедрасы деп аталды.
2016 жылдың 1 қыркүйек күні «Гигиена-1» кафедрасына «Эпидемиология» пәнінің қосылуына байланысты, Ғылыми Кеңестің шешімімен кафедра атауы «Гигиена-1 және эпидемиология» деп өзгертілді.
2017 жылдың 31 тамыз күні Ғылыми Кеңестің шешіміне сай және ректордың №241п бұйрығымен «Гигиена-1 және эпидемиология» кафедрасы «Гигиена-2» кафедрасымен біріктіріліп, «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы деп аталды.
Қәзіргі таңда кафедра штатында 18 оқытушы, 3 лаборант жұмыс жасайды. Оқытушылардың ішінде: 1- профессор, 3- доцент, 7-аға оқытушы, 7-магистр.

 

Кафедра мақсаттары:

- оқытушылар мен қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының ғылыми және біліктілік дәрежесін көтеру;
- кафедраның материалдық және оқу-техникалық базасын нығайту;
- оқыту әдістемесін және студенттердің қажетті білім қағидаларын меңгеруін жетілдіру.

 

Негізгі оқу курстары:

Эпидемиология
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Экология және тұрақты даму
Жалпы гигиена
Радиациялық гигиена және медициналық экология
Жеке эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен
Еңбекті қорғау
Еңбек гигиенасы
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Коммуналды гигиена
Тағам гигиенасы
Клиникалық эпидемиология
Кафедрада пәндер үш тілде оқытылады: қазақ, орыс және ағылшын.

 

Кафедраның ғылыми бағыттары:

1. Әлеуметтік-гигиеналық мониторингті жетілдіру және ірі қорғасын өндірісі саласында экологиялық зиянды аурулардың алдын-алу бағдарламаларының тиімділігін интегралды бағалау;
2. Заманауи жағдайдағы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының физикалық дамуын зерттеу;
3. Заманауи жағдайдағы халықтың денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін зерттеу.

 

 

Утепов Пархат Дусембаевич

"Гигиена және эпидемиология" кафедрасының меңгерушісі,

медицина ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

 

1980-1997 жылдары Қарағанды мемелекеттік медицина институтының санитария гигиена факультетінде «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығын оқыды.
1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еңбек физиологиясы және гигиенасы институтының аспирантурасында оқып, «Еңбек жағждайы, сырқаттанушылық және хирург дәрігерлерін кәсіби іріктеу критеррияларын әзірлеу» тақырыбында ғылыми жұмыс атқарды және 2001 жылы эпидемиология мамандығы бойынша медицина ғалымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Мамандық бойынша жалпы еңбек өтілі 34 жыл, оның 16 жылы ғылыми педагогикалық қызмет атқарды.
2020 жылдан бастап, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Гигиена және эпидемиология» кафедрасын меңгеруші қызметін атқаруда.
Ғылыми педагогикалық қызметінде академияның бакалавриат және магистранттар арасында эпидемиология пәнімен гигиена секциялары бойынша дәрістермен тәжірбиелік сабақтар жүргізуде.
Пархат Дуйсембайұлының жетекшілігімен 2017 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Құтыру ауруының алдын алудағы емдеу алдын алу иммунизациясының қолданысын бағалау» тақырыбында диссертация қорғалды, Шымкент қаласы 2015 жылы ОҚМФА және консультация бойынша «Биология» мамандығы бойынша «Гендік модифицирленген ағза өнімдерінің қасиеттерін биологиялық тұрғыда бағалау» тақырыбында диссертация қорғады.
2016 жылы «Шымкент қаласының өндірістік төгінді суларының химиялық құрамына зерттеу жүргізу және ирригациялық баға беру» диссертациясы қорғалып, Алматы Қаз журналына жарыққа шықты.
2017 жылы Шымкент қаласы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Инсульттан кейінгі ауруханалық кезеңдегі кешенді реабилитация сауалдары» тақырыбында диссертация қорғады.
29.11.2016 жылы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасы президентінің қаулысына сәйкес медальмен марапатталды.

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы:

1. Утепов Пархат Дусембаевич – кафедра меңгерушісі м.ғ.к., профессор м.а.
2. Оразова Мереке Мамыровна - аға оқытушы, магистр
3. Ергебекова Гулмира Кулымбетовна -м.ғ.к., доцент м.а.
4. Ескерова Сара Устемировна - м.ғ.к., доцент м.а.
5. Жақсыбаева Женискул Бегасыловна -аға оқытушы, магистр
6. Нуралиева Гулмира Нурпапаевна – аға оқытушы, магистр
7. Байконсова Лаура Омаровна - аға оқытушы, магистр
8. Рыстигулова Жанар Ботабаевна- аға оқытушы, магистр
9. Бекжанова Меруерт Усеновна-аға оқытушы
10. Дүйсенбаева Меруерт Мейрамбековна - аға оқытушы
11. Затыбекова Мөлдір Ордабекқызы-аға оқытушы
12. Мүсірова Айман Ергебековна- оқытушы
13.Султамуратова Асем Жаякбаевна- оқытушы
14. Ширинова Маржан- оқытушы
15. Айдар Алия- оқытушы
16. Хамза Айдана Батыржановна- оқытушы

 

Лаборанттар:

1.Сайлауова Бекзат Абаевна
2.Үркімбаева Бақтыгүл Тамашевна
3. Ибраева Фариза Сатбайевна

 

 

Кафедраның мекен-жайы және байланыс ақпараты:

Әл-Фараби алаңы 1, №4 жаңа корпус ғимараты , 3-4 қабат.
Тел: (87252) 39-57-57 (ішкі номер: 1084).
e-mail: Gigienakafedra@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

30.09.2020, 12:19
2346 қаралым