Кеңсе

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің  №247 03.07.1979ж қаулысымен, Алматы мемлекеттік медицина институты филилалының Шымкент қаласындағы құрылымдық бөлімшесі болып 1979 жылы құрылған.  

Кеңсе  құжаттандыруды жүзеге асыру мен құжат басқаруды ұйымдастыратын құрылымдық бөлімше болып табылады. Кеңсені, кеңсе меңгерушісі басқарады, ректордың бұйрығымен тағайындалады және жұмыстан босатылады. Кеңсе  тікелей  ректорға бағынады.

Бөлімшені әр жылдары әр түрлі басшылар басқарған:

1998-2005 жылдары Нуржамал Тохтамысовна Бадырова жалпы бөлім бастығы.

2005-2006 жылдары    жалпы бөлімді Меруерт Раимовна Тулеева басқарды.

2006 жылдан бастап және қазіргі уақытта Кеңсені  Гульнара Жангубекқызы  Спатаева  басқарып келеді. 

 

Құрылымы:

Меңгеруші;

Архивист;

 

Кеңсенің негізгі  міндеттері:

• Құжаттандыруды біркелкі тәртіппен  қамтамасыз ету, құжаттармен жұмысты  ұйымдастыру;

• Электрондық құжат айналымының Бірыңғай жүйесін пайдалана отырып, ОҚМА АҚ құжаттарымен жұмысты ұйымдастыру;

• Құжаттардың дұрыс орындалуын бақылау және құжаттарды бағыныстағы архивке өткізуге дайындау;

  Кеңсенің негізгі қызметтері:

• Академия басшысына құжаттардың орындалу нәтижесі туралы жүйелі түрде ақпарат беріп отырады және құжаттардың белгілі мерзімге дейін орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

• Академияның істер номенклатурасы құжатты шапшаң сақтауды қамтамасыз етеді және белгілі тәртіппен бағыныстағы архивке жібергенге дейін оларды қолдануды қамтамасыз етеді.

• Құрылымдық бөлімшелерде істі қалыптастыру және рәсімдеудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады, құжат құндылықтар сараптамасын ұйымдастырады.

Кеңсе  қызметкерлері жауапкершілігі, ұқыптылығы, шыдамдылығымен және шапшаң орындайтын қабілетімен ерекшеленеді. 

 

 

Байланыс ақпараттары:

Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы 1, Бас ғимарат, 2-қабат, №210-кабинет.

Жұмыс уақыты: 9:00-дан 18:00 дейін, үзіліс 13:00-14:00 дейін.

Тел: (87252) 39-57-57 (1015)

E-mail: info@skma.kz

 

 

 

 

30.09.2020, 05:06
1970 қаралым