КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА БӨЛІМІ
Клиникалық жұмыстар және дәлелді медицина бөлімі (бұдан әрі КЖжДМ бөлімі)
Клиникалық жұмыстар және дәлелді медицина бөлімі Оңтүстік Қазақстан медицина академия АҚ-ның (әрі қарай - «ОҚМА» АҚ) құрылымдық бөлімі болып табылады.Клиникалық емдеу-ісі жұмыстары «Дәлелді медицина» бөліміне 2015 жылдан бастап қосылды. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасының Клиникалық жұмыстар және дәлелді медицина бөлімі (әрі қарай – КЖжДМБ) болып өзгерді, 2025 жылдың 1 ақпаннан бастап Клиникалық жұмыстар және дәлелді медцина бөлімі Ғылыми-клиникалық жұмыстар докторантура және магистратура басқармасының құрамынан шығарылып, Клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор құрылымы құрамына кірді.
КЖжДМ бөлімі өзіне қарасты 21 клиникалық кафедралармен жұмыс жасайды. Олар студенттердің практикалық сабақта клиникалық бағытта қабілеттерін шыңдауға арналған клиникалық кафедралар болып табылады. Сондай-ақ КЖжДМ бөлімі клиникалық кафедралардан емдеу-ісі жұмыстары бойынша ай сайын клиникалық жүктемелер баяндамасын қабылдап, есебін шығарып отырады. Жылдық, жарты жылдық қорытынды есептері «Клиникалық кеңесте» тыңдалады.
Сонымен қатар КЖжДМ бөлімі медициналық ұйымдармен «Клиникалық база» ретінде келісім шартқа отырады. Қазіргі таңда 60-тан астам клиникалық базалармен келісім шартқа отырған соның ішінде облыстық және қалалық ауруханалармен, емханалармен, денсаулық сақтау орталықтарымен, зертханалармен және стоматологиялық емханалармен. Осы келісім-шарттар аясында клиникалық кафедралар 45-тен астам клиникалық базада орналасып, бірлесе жұмыс жасауда.«ОҚМА» АҚ клиникалық базалары «Клиникалық база, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйым клиникасы, университеттік аурухана, резидентура базасы, интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы аясында жұмыс жасайды.
КЖжДМ бөлімі тағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылайды, «ОҚМА» АҚ корпустары мен жатақхана тазалық жағдайын, қызметкерлер, студентер мен шетел азаматтары мерзімдік медициналық тексеруден өтуін қадағалайды. Сонымен қатар санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы келесі іс-шараларды, сараптама, тергеу, зерттеу және басқа да бағалау түрлерін жүргізеді. Жоғарыда аталған жұмыстарды «ОҚМА» АҚКЖжДМ бөлім эпидемиологы атқарады.
Пернебеков Елхан Мастерханұлы – КЖжДМ бөлімінің меңгерушісі
Әліайдар Аружан Қуатханқызы – КЖжДМ бөлімінің жетекші менеджері
Абутаева Әсел Тұрарбекқызы – КЖжДМ бөлімінің менеджері
Аширова Жаннат Умурзоккызы – КЖжДМ бөлімінің эпидемиологы
Байланыс ақпараты:
Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы 1, бас корпус, 4-қабат, 417 – кеңсе.
e-mail: otdel.klinicheskiy@mail.ru
Тел: 8(7252)-39-57-57 (1031)
