Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы

 

 

Кафедра тарихы

 

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының тарихы 1979 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институты Шымкент филиалының құрылуынан басталады. Сол институттың құрамында «Кеңес Одағының Коммунистік партиясының тарихы» кафедрасы ашылған болатын. Құрылу кезеңінен бастап кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қоғамдық және гуманитарлық пәндердің оқытылу сапасын арттыру бағытында қызмет етуде. Кафедраны әр кезеңдерде басқарғандар: т. ғ.к., доцент Е.Ә. Әбдіқұлов, т.ғ.к , доцент м.а М.А. Жанысбеков, п.ғ.к, доцент м.а Л.С. Майлыбаева.
2018 жылы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасын доктор PhD - Ж.О. Нұржанбаева басқарады.
Қазіргі таңда кафедраның құрамында 6 ғылым кандидаты мен доценті, 5 аға оқытушы, 1 аға лаборант пен 1 лаборант қызмет атқарады.

 

 

Кафедра меңгерушісі, PhD доктор
Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы

 

 

Кафедраның міндеттері:

- кафедра құзіреттілігі аясында ОҚМА-ның сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;
- сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талаптарын орындау;
- кафедра оқытушыларының кәсіби деңгейін үнемі жетілдіру;
- студенттерге дәрістерді оқыту және жатақханада кезекшілік барысында үнемі тәрбие жумыстарын жүргізу;

 

Негізгі оқу курстары:

Бакалавриат:

- Қазақстан тарихы
- Әлеуметтік-саяси білім модулі
- (Психология және мәдениеттану)
- Құқықтық, қаржылық- экономикалық, экологиялық және ғылыми білімдер
- (Құқық негіздері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Ғылыми зерттеу әдістері)

Магистратура:
- Жоғары мектептің педагогикасы
 

 

Барлық білім беру бағдарламасында: бакалавриат, магистратура студенттері үшін оқытылатын пәндер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады.

 

Оқытылатын пәндердің жаңартылуы:

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының басты бағыты Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жыл басында барлық мамандықтардың жалпы және арнайы курстардың жүктемелері бекітіледі, бакалавриат және магистратурада оқылатын негізгі және элективтік пәндердің типтік бағдарламаларына сай оқу-әдістемелік кешендері жаңартылып, толықтырылып отырады.


Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік басылымдардың авторлары болып табылады:

1. Нуржанбаева Ж.О., Айдарбекова Г.С., Еркинбекова А.С. Психология және мәдениеттану. Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2019ж.
2. Нуржанбаева Ж.О., Айдарбекова Г.С.,Абдурахманов Н.А., Нигматуллина Ш.Ш. «MODERN HISTORY OF KAZAKHSTAN» Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2020ж.
3. Нуржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент. «Нұрлы бейне» баспасы.2020ж. 280 б.
4. Нұржанбаева Ж.О.,Айдарбекова Г.С.,Беккулова А.А.,Ибраимова А.Ж. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша электронды оқу құралы. Шымкент, 2021ж.
5. Ж.О.Нуржанбаева, Ғ.С.Айдарбекова, А.С.Еркінбекова., А.А.Беккулованың «Психология және мәдениеттану» атты электронды оқу құралы. Шымкент, 2022ж.
6. Турадилов М.У.,Утегенов Б.Д.,Ибраимова А.Ж. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша» практика сабағына арналған оқу-әдістемелік құрал. Шымкент,2023ж.
7. Нуржанбаева Ж.О., Еркінбекова Ә.С., Маликов М.М., Махатова Л.Т «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал. Шымкент,2024ж.
8. Нуржанбаева Ж.О., Турадилов М.У., Айдарбекова Г.С. Практикум по дисциплине «Методы научных исследований». Шымкент,2025ж.
9. Нуржанбаева Ж. О. «Білім беру технологиялары» .Оқу әдістемелік құрал. Шымкент,2025ж.


Кафедраның ғылыми басымдықтары:
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарын үш бағытта іске асырады:


1. Қазақстан тарихындағы рухани жаңғыру мәселелері.
2. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесіндегі психологиялық-мәдениеттанулық білім беру аспектілері.
3.«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында азаматтық ұстаным мен құндылықтық бағдарларының қалыптасуының мәселелері.
Кафедраның ПОҚ халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми конференцияларында, симпозиумдарда белсене қатысуда. ҚР БжҒСБ ұсынған және SCOPUS базаларындағы ғылыми журналдарында мақалалары жариялауда. Хирш индексі бар, зияткерлік меншіктік авторлық құқық Куәлігі алынған. Кафедрада қазіргі кезеңге дейін ПОӘК, электрондық оқулықтар әзірленген және тиражы 2000 экземплярдан тұратын 9 оқу құралы баспадан шықты.
Кафедра меңгерушісі, PhD доктор Нуржанбаева Жанат Оралбайқызының Скопус базасында жариялаған еңбектері:
1. Zhanat Nurzhanbayeva /The Level Indicators of the Professional Readiness of Future Teachers to Dual Training./Man In India/97,2019(21): 705-714 © Serials Publications.
2.Zhanat Nurzhanbayeva/Semantic Guidelines and Conceptual Basis of a Social Education Teacher Professional Mobility in the Pedagogical Science/ Journal of Intellectual Disability - Diagnosis and Treatment, 2020, 8, 560-566.
3. Dual education conditions for pedagogical bases of specialists
inclusive training // Cypriot Journal of Educational Sciences Volume 17, Issue 3, (2022) 765-771
4. Zhanat Nurzhanbayeva / Coaching as a tool for developing inclusive leadership competencies in engineering and STEM teacher education: Comparative analysis/ International Journal of Innovative Research and Scientific Studies/ 8(6) 2025, pages: 573-581

Академиялық сапа менеджменті жүйесінің мақсаттарына сай кафедрада пәндердің оқытылуының сапасын көтеруге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Оқу үдерісінде модульдік оқу технологиясын қолданудағы өзекті мәселелерді қарастыру, оқыту үдерісі сапасын арттыру мақсатында 2025 жылығы 8 сәуірінде «Білім алушылардың креативті ойлау дағдыларын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық әдістері» тақырыбында оқытушылармен тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік семинары өткізілді. Кафедра оқытушылары өздерінің кәсіби біліктілігін жоғарылатуға және ғылыми жұмысқа аса маңызды көңіл береді. Жыл сайын жоспарға сәйкес кәсіби біліктілікті жоғарылату курстарына офлайн, онлайн түрінде қатысады.
Жастар егеменді Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік өзгерістердің маңызды субъектісі болып табылатынын ескере отырып, кафедраның ПОҚ құрамы болашақ жоғары кәсіби мамандардың бойында ұлттық өзіндік сананың, отансүйгіштік пен азаматтық қалыптасуына бағытталған «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында студенттер арасында тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Кафедрада студенттер және оқытушылардың қатысуымен «Заң» клубы және «Парасат» үйірмесі жұмыс жасайды.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұжымы кең көлемде педагогикалық, тәрбие және қоғамдық жұмыстарын жүргізеді.
2024 жыл 20 қараша айында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарихы терең Жошы ұлысына – 800 жыл» атты аймақтық ғылыми практикалық конференциясы өткізілді.
Білім алушылар мен оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру, оларды қазіргі тандағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру, сонымен бірге шығармашылық қабілетін арттыру, дарынды жастарды іріктеу және қолдау мақсатында өткізілген ғылыми конференцияға жоғары оқу орындарының білім алушыларымен бірге Шымкент қаласы және Түркістан облысы аудандарындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты.
2025 жылдың 17 сәуірінде. Ғылым күніне орай С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің 95 жылдығына арналған медицина тарихы бойынша халықаралық студенттік олимпиадасында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының «Veritas Medica-2025» командасы 3 орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.
Кафедра оқытушылары Медицина факультетінің 1-2 курс «Медицина», «Стоматология» білім беру бағдарламасының студенттеріне тәлімгерлік жасайды және ОҚМА-ның жатақханаларында тәрбие жұмыстарын атқарады.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша академияның KPI көрсеткішінен «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы ғылым, әдістемелік, тәрбие жұмыстарындағы жоғары жетістіктері үшін 1 орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды.


Қазіргі таңда кафедрада жұмыс атқаратындар:

1.Нуржанбаева Жанат Оралбаевна – кафедра меңгерушісі, PhD доктор
2. Сахов Сапарбек Мусаханович - т.ғ.к., доцент
3. Туребаев Омаркул Акимбаевич - филос.ғ.к., доцент м.а.
4. Айдарбекова Галия Сарыбаевна - т.ғ.к., доцент м.а.
5. Турадилов Мейрбек Унербекович - т.ғ.к., доцент м.а.
6. Беккулова Акмарал Атыгаевна – Аға оқытушы
7. Маликов Мухтар Маратович - Аға оқытушы
8. Ибраимова Акмарал Жамаловна - Аға оқытушы
9. Махатова Лейла Талгатовна – Аға оқытушы
10. Мырзазия Ақбаян Алишевна- Аға оқытушы
11. Мухаметали Әсель Нурғалиқызы - Аға лаборант

12. Өзбек Рустем Мухтарұлы – Лаборант

 

Кафедраның мекен –жайы және байланыс ақпараты:
Туркестанская 10. Көшесі, №5 Ғимараты. 2-этаж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы.
Моб.байланыс: 87782496079; 87471343480
E-mail: kazakstan_tarih@mail.ru

30.09.2020, 12:24
2967 қаралым