Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

 

 

Кафедраның қысқаша тарихы

 

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы 1982 жылы ұйымдастырылды және академияның кәсіби кафедраларының бірі болып табылады.
Алғашқы жылдары академияның қалыптасуында фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедра үшін И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясының күндізгі бағытты аспирантурасы арқылы ғылыми кадрлар дайындалды: Арыстанов Ж.М. (1985ж.), Жумабаев Н.Ж. (1992ж.), Шертаева К.Д. (1992ж.).

 

Кафедра меңгерушілері болып жұмыс жасады:

• Калашникова Раиса Артемовна фарм.ғылымдары кандидаты, доцент (1982-1996г.);

• Махатов Бауыржан Калжанович фарм. ғылымдары докторы, профессор (1999-2002г.);

• Жумабаев Нарбек Жумабаевич  фарм.ғылымдары кандидаты, доцент (2002-2004г.);

• Арыстанов Жалгаскали Мергалиевич  фарм. ғылымдары докторы, профессор (1996-1999г., 2004-2012г.);

• Шертаева Клара Джолбарисовна фарм. ғылымдары докторы, профессор (2012-2025г.)

• 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраны Шимирова Жанар Қасымбекқызы,  фарм.ғ.к.  басқарады.

 

 

1229 2

Шимирова Жанар Қасымбекқызы

фарм.ғ.к., кафедра меңгерушісі

 

 

Кафедраның міндеттері:
«Фармация» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарына және фармацевтикалық нарықта еңбектің сұранысына сай келетін, кәсіби білімдерге, дағдыларға және терең теориялық, тәжірибелік дайындыққа ие мамандарды дайындау.


Негізгі оқу курстары:•    

6В-10106- «Жалпы тәжірибелі фармацевт» траекториясы бойынша «Фармация».
6В-10106- «Фармация менеджері» траекториясы бойынша «Фармация»


Кафедрада 2010 жылдан бастап 7М10142-«Фармация» мамандығы бойынша магистранттарды оқыту екі бағытта жүргізіледі:
• Ғылыми-педагогикалық;
• Кәсіби


Магистранттар оқу үрдісінде келесі пәндерді меңгереді:

 

• Кадрлық және қаржылық менеджмент
• Тиісті дистрибьюторлық тәжірибе
• Қолданбалы фармакоэкономика
• Фармацевтикалық бейіндегі кәсіпорындардағы менеджмент және маркетинг
• Фармацевтикалық кәсіпорындардағы ұйымдастырушылық мінез-құлық
• Фармацевтикалық логистикадағы басқару
• Басқарушылық кеңес беру


2018 жылы 8D10140-«Фармация» мамандығы бойынша докторантура институционалды аккредитацияны оң пікірмен өтті.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен 8D10140 - «Фармация» (докторантура) мамандығына арналған модульдік оқыту бағдарламасын әзірледі, оған келесі элективті пәндер кіреді:

1. «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың өндірісі мен айналым саласының мемлекеттік реттелуі»
2. «Дәрі-дәрмек айналым саласында коммуникативті құзыреттілік»
3. «Фармациядағы маркетингті зерттеулердің тұжырымдамалары»
4. «Фармацияда тиісті тәжірибелердің ұйымдастыру негіздері (GXP)»
5. «Әлеуметтік фармация»


ҚР Президентінің «үштілділік» бағдарламасы аясында келесі пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізіледі:
Ағылшын тілінде жүргізіледі:

«Медициналық және фармацевтикалық тауартану» - «Медицинское и фармацевтическое товароведение» - «Medicinal and Pharmaceutical merchandising»;
«Управление персоналом» - «Персоналды басқару» - «Personnel management»
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен мемлекеттік және орыс тілінде келесі оқу-әдістемелік әдебиеттер басылып шығарылды:
• ҚР фармацевтикалық қызметті реттейтін Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер жинағы

• Фармация экономикасы
• Фармация саласындағы коммуникативті дағдылар
• Медициналық және фармацевтикалық тауартану
• Фармацевтикалық маркетинг
• Фармацевтикалық кеңес
• Фармацевтикалық ақпарат
• Фармакоэкономика негіздері
• Персоналды басқару 
• Фармацевтикалық логистика 
• Фармацевтикалық маркетинг және менеджмент


Жұмыс бағдарламалары мемлекеттік стандарттар мен стандарттық бағдарламалар бойынша әзірленіп, жүйелі түрде жаңартылып отырады, сонымен қатар бакалавриат, интернатура және магистратура деңгейлерінде элективті пәндер каталогы жыл сайын қайта қаралады. Жыл сайын пәндерге толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Кафедрада оқытылатын пәндерінің әдебиеттері үнемі жаңартылып отырады.


Кафедрада екі инициативті ғылыми-техникалық бағдарламалар орындалып жатыр:
• Аумақтық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру жүйесінің маркетингтті басқарудың теориялық және ғылыми-қолданбалы зерттеулері.
• ҚР ТЖ кезінде фармацевтикалық көмек көрсетуді ғылыми-әдістемелік негізделуі.


Кафедраның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары
Дәрілік заттарды айналым және фармацевтикалық білім беру саласындағы теориялық, ғылыми және қолданбалы зерттеулер
• халықаралық стандарттар мен талаптарға және отандық фармацевтика өнеркәсібінің даму ерекшеліктеріне сәйкес мемлекеттік басқарудың және фармацевтикалық қызметті реттеудің тиімді механизмдерін енгізудің теориялық және қолданбалы тәсілдерін әзірлеу;
• отандық фармацевтикалық нарықта фармацевтикалық қызметті, дәрілік заттардың (ДЗ), медициналық мақсаттағы бұйымдардың (ММБ) және парфармацевтикалық өнімдердің айналымын реттеу мәселелерін зерттеу;
• Болон декларациясының халықаралық талаптарына және отандық фармацевтикалық нарықтың сипаттамаларына сәйкес отандық фармацевтикалық өндірісті жетілдіру үшін фармацевтикалық білім беру саласын дамытудың мәселелері мен келешегін зерттеу;
• денсаулық сақтау саласының шектеулі жағдайында халыққа ұсынылатын фармацевтикалық медициналық көмектің (қызметтердің) ұйымдастырылуын және Қазақстан Республикасында міндетті медициналық сақтандырудың әлеуметтік моделін енгізуді регламенттейтін тиімді фармакоэкономикалық механизмдерді (баға белгілеу, сақтандыру, несиелеу, салық салу, инвестициялар) негіздеу;
• медициналық мақсаттағы міндетті медициналық сақтандырудың әлеуметтік моделін іске асыру бағытында ұлттық денсаулық сақтау жүйесі мен фармацияны реформалау тұрғысынан тұтынылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың тиімді механизмдерін енгізу және ғылыми шығындардың орнын толтыру бойынша ғылыми тәсілдерді әзірлеу;
• дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ішкі нарығын дамыту жағдайында фармацевтикалық қызметті ұйымдастырудағы заманауи әлеуметтік-психологиялық қағидаларды зерттеу;
• отандық фармациядағы қоғамдық бірлестіктерді дамыту стратегиясының ғылыми негіздемесі және фармацевтикалық қауымдастықтағы қоғамдық қозғалысты дамыту бағыттары;
• халықты дәрілік қамтамасыз ету жүйесінде маркетингтік басқарудың теориялық және қолданбалы зерттеулерін жүргізу.


Қазіргі кезде кафедрада қызмет жасайды:

 

1. Шимирова Ж.К. – фарм.ғ.к., кафедра меңгерушісі
2. Шертаева К.Д. –фарм.ғ.д., профессор
3. Жұмабаев.Н.Ж.-фарм.ғ.к.,проф м.а.
4. Сапақбай М.М. – доцент м.а.
5. Умурзахова.Ғ.Ж. – PhD, қауым. профессор
6. Утегенова Г.И. –PhD, қауым. профессор
7. Мамытбаева К.Ж. – фарм.магистрі
8. Жанбырбаева А.Д. – фарм.магистрі
9. Уразбаева С.А. – аға оқытушы
10. Джабаркулова С.К. – фарм.магистрі
11. Пернебаева Г.А. – аға лаборант
12. Ниетова Г.Т. – аға лаборант

 


Мекен-жайы:


Республика Қазақстан, Шымкент қ., Аль-Фараби алаңы №1/1, бас ғимарат, 3-қабат.
Байланыс телефон: 8 (7252) 40-82-22 (ішкі 327)
Кафедраның электронды мекен-жайы: oufd_@mail.ru

 

30.09.2020, 11:52
3290 қаралым