«Дәрілер технологиясы және фармакогнозия» кафедрасы

 

 

 

Кафедра тарихы

 

«Дәрілер технологиясы» және «Фармакогнозия» кафедрасы 1981 жылы құрылған.
Дәрілер технологиясы кафедрасының алғашқы қызметкерлері: кафедра меңгерушісі, фармация ғылымдарының кандидаты, доцент Чукурова Р.М., оқытушылар: Рысбекова З.М., Усенбаева Р.Б. Бүкілодақтық фармация ғылыми-зерттеу институтында (Москва қ.) Сағындықова Б.А. аспирантурада дайындықтан өтіп жатты.
Фармакогнозия кафедрасының алғашқы қызметкерлері: кафедра меңгерушісі фармация ғылымдарының докторы, профессор Баймуханбетов М.А., доценттер Бимурзаев А.А., Синицина В.М., аға оқытушылар Барамысова Г.Т. және Абдулгафарова К.К. болды.
1982 жылы «Дәрілердің өндірістік технологиясы», 1983 жылы «Биофармация» курстары ашылды. Дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушілері әр жылдары келесі қызметкерлер болды:
– Чукурова Р.М., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент - 1981-1993 ж.ж.
– Меңдібаев Б.Т., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент -1993-1997 ж.ж.
– Сағындықова Б.А., фармация ғылымдарының докторы, профессор - 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.
Фармакогнозия кафедрасының меңгерушілері:
– Баймуханбетов М.А., фармация ғылымдарының докторы, профессор – 1981-2004 ж.ж.
– Ташменов Р.С., техника ғылымдарының кандидаты, доцент – 2004-2005 ж.ж.
– Абилаев С.А., биология ғылымдарының кандидаты, доцент – 2005-2007 ж.ж.
– Патсаев А.К., химия ғылымдарының докторы, профессор – 2007-2018 ж.ж.
– Өмірәлі М.Ә., фармация ғылымдарының кандидаты – 2018-2021 ж.ж.
– Орынбасарова К.К., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент – 2021-2024 ж.ж.
ОҚМА Ғылыми Кеңесінің шешімімен 29.08.2024 жылдан бастап «Дәрілер технологиясы» және «Фармакогнозия» кафедралары біріктірілді.
Кафедраны фармация ғылымдарының докторы, профессор Сағындықова Баян Ахметқызы басқарады.

 

 

Сағындықова Баян Ахметқызы – «Дәрілер технологиясы және фармакогнозия » кафедрасының меңгерушісі,

фармация ғылымдарының докторы, профессор

 

Кафедрада жүзеге асырылатын негізгі білім беру бағдарламалары:

Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасы фармация факультетінің профильді кафедраларының бірі ретінде жоғары білікті мамандар дайындауға үлкен үлес қосуда. Кафедраның оқу аудиториялары қазіргі заманға сай қондырғылармен, приборлармен, кіші механизация құралдарымен, техникалық оқу құралдарымен және т.б. жабдықталған.
Мамандарды даярлау 6В10106 - «Фармация» (бакалавриат), 6В07201 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (бакалавриат), 7М10142 - «Фармация» (магистратура) 7М10143 - «Фармацевтикалық экология» (магистратура) және 8D10140 - «Фармация» (докторантура) білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

 

Кафедрада фармацевтерді дайындауға бағытталған келесі пәндер оқытылады:
6В10106 - «Фармация» (бакалавриат) білім беру бағдарламалары бойынша:
1. «Фармациядағы жобалық-бағытталған қызмет»
2. «Дәрілік түрлер технологиясы»
3. «Экстракциялық препараттар технологиясы»
4. «Дәрілердің өндірістік технологиясы-1»
5. «Дәрілердің өндірістік технологиясы-2»
6. «Инновациялық фармацевтикалық технология»
7. «GMP және таза бөлмелер»
8. «Дәрілік түрлер технологиясы» (жедел.оқу түрі)
9. «Тиісті дәріханалық тәжірибе GPP» (жедел.оқу түрі)
10. «Экстракциялық препараттар технологиясы» (жедел.оқу түрі)
11. «Дәрілердің өндірістік технологиясы» (жедел.оқу түрі)
12. «Инновациялық фармацевтикалық технология» (жедел.оқу түрі)
13. «Фармацевтикалық биотехнология» (жедел.оқу түрі)
14. «Ботаника»
15. «Фармакогнозия-1»
16. «Фармакогнозия-2»
17. «Фармацевтикалық ботаника» (жедел.оқу түрі)
18. «Ресурстану және дәрілік өсімдіктердің экологиясы»
19. «Дәрілік шикізатты талдау және стандарттау».

 

6В07201 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (бакалавриат) білім беру бағдарламасы бойынша келесі пәндер оқытылады:
1. «Фармацевтикалық технология негіздері»
2. «Дәрілік түрлер технологиясы»
3. «Емдік-косметикалық және ветеринарлық құралдар технологиясы»
4. «Табиғи дәрілік қосылыстар химиясы».

 

7М10142 - «Фармация» (магистратура) білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарды дайындау екі бағытта жүргізіледі:
– ғылыми-педагогикалық
– кәсіби.
7М10142 - «Фармация» (магистратура) білім беру бағдарламасы бойынша келесі пәндер оқытылады:
– «Тиісті фармацевтикалық тәжірибе»
– «Дәрілердің фармацевтикалық және медико-биологиялық аспектілері»
– «Фармациядағы нанотехнология және биотехнология»
– «Парафармацевтикалық және нутрицевтикалық препараттардың технологиясы»
– «Фармацияда ғылыми-зерттеудің методологиясы»
– «Фармацияда білім берудің методологиясы негіздері».
7М10143 - «Фармацевтикалық экология» (магистратура) білім беру бағдарламасы бойынша «Дәрілік заттарды жасау» пәні оқытылады.
8D10140 - «Фармация» (докторантура) білім беру бағдарламасы бойынша бойынша оқытылатын пәндер:
1. «Фармацевтикалық өндірістің және процестің валидациясы»
2. «Әсері және босап шығуы модификацияланған дәрілік түрлер технологиясы»
3. «GMP бойынша дәрілік препараттар өндірісін ұйымдастыру».

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жетістіктері

Кафедра қызметкерлері осы уақытқа дейін 23 оқулықтар мен оқу құралдарын орыс және мемлекеттік тілде дайындап шығарды, оның ішінде негізгілері:
1. Сағындықова Б.А. «Дәрілердің өндірістік технологиясы» оқулық: – Шымкент. – 2008. – 346 б.
2. Сағындықова, Б.А., Анарбаева Р.М. «Дәрілердің дәріханалық технологиясы»: оқулық. – Шымкент. – 2008. – 436 б.
3. Сағындықова Б.А. «Дәрілердің өндірістік технологиясы»: оқулық. – Шымкент. – 2011. – 346 б.
4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. «Биофармация және дәрілік препараттарды биофармацевтік зерттеу»: оқулығы. – Шымкент. – 2023. – 206 б.
5. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. «Дәрілік түрлердің тәжірибелік технологиясы»: оқулық. – Шымкент. – 2021. – 427 б.
6. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. «Дәрілердің дәріханалық технологиясы» оқулық (өңделген және толықтырылған): Шымкент. – 2021. – 560 б.
7. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық. Том 1. – Шымкент. – 2024. – 340 б.
8. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық. Том 2. –Шымкент. – 2024. – 410 б.
9. Махатов Б.Қ., Патсаев Ә.Қ., Орынбасарова К.К., Тоқсанбаева Ж.С., Кадишаева Ж.А. Ботаника: оқулық, Шымкент – 2013 ж.
10. Махатов Б.Қ., Патсаев Ә.Қ., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. Фармакогнозия: оқулық, екінші басылым, Шымкент – 2018 ж.
11. Орынбасарова К.К., Рахманова Г.С. Табиғи дәрілік қосылыстардың химиясы пәнінің зертханалық сабақтарына арналған қолданба; оқу құралы. Шымкент – 2022 ж.
12. Орынбасарова К.К., Ибрагимов Т.С., Ибрагимова З.Е. Дәрілік өсімдік шикізатының атласы; оқу құралы. Шымкент – 2022 ж.

 

Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жетістіктері:

Кафедрада өз ғылыми мектебі құрылған. Профессор Б.А. Сағындықованың жетекшілігімен 6 фармация ғылымдары кандидаты дайындалды және 1 PhD докторлық диссертация қорғалды.
Кафедра ұжымымен 1981 жылдан бері 592 аса ғылыми еңбектер басылып шықты, дәрілік препараттарға 2 тіркеме куәлік, 5 Уақытша Фармаклпеялық мақала, ҚР 14 алдын-ала патенті, 2 пайдалы модельге патент, 3 өнертабысқа патент және 22 авторлық куәлік алынды.
Кафедраның ғылыми қызметі екі бағыт бойынша: «Инновациялық дәрілік препараттарды іздеу, жасау және биофармацевтикалық зерттеу» және «Оңтүстік Қазақстан флорасында өсетін халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктерді зерттеу» жүзеге асырылады.
Профессор Сағындықова Б.А. жетекшілігімен ғылыми топ бірнеше рет ғылыми гранттар жеңіп алды:
1. ҚР білім беру министрлігі ғылым қоры, 1999 ж.
2. ҚР денсаулық сақтау министрлігі 009 "Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы зерттеулер", 2003-2005 ж.ж.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы инновациялық қоры, 2004 ж.
4. «Құрамында РНҚ бар Regeneresen экстракттары негізінде жоғары технологиялық косметикалық өнімдерді өндірудің өнеркәсіптік прототипін құру» («SPC RE-BIOMED» ЖШС, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің технологияларды коммерцияландыру орталығы)
5. «Геропротекторлық потенциалы бар РНҚ бар биологиялық белсенді заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау» (РМК Ұлттық биотехнология орталығының)
6. «SANTO академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы («Химфарм» АҚ,)
7. «Стероидты емес қабынуға қарсы препараттың балаларға арналған дәрілік түрлерін жасау және биофармацевтикалық зерттеу» тақырыбы бойынша ынталы ғылыми-зерттеу жұмысы (инициативті жоба) (2023-2025 ж.ж.).
8. «Отандық дәрілік субстанцияларды әзірлеу» тақырыбы бойынша ынталы ғылыми-зерттеу жұмысы (инициативті жоба) (2023-2025 ж.ж.).
9. «Исследование закономерностей комплексообразования β-циклодекстрина с функционально замещенными аза- и/или диаза- циклогексанами» тақырыбы бойынша ОҚМА АҚ мен А.Б. Бектуров атындағы химия ғылымдарының институы АҚ бірге Қазақстан Республикасы ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ғылыми-техникалық қаржыландырылған гранты (2023-2025 ж.ж.).
10. «Разработка программы сохранения и развития ресурсной базы перспективных для медицины и ветеринарии растений Казахстана в условиях изменяющегося климата» тақырыбы бойыншп «Генетика және физиология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен ОҚМА АҚ бірге Қазақстан Республикасы ғылым және жоғарғы білім министрлігінің бағдарламалық мақсатты қаржыландырылған гранты.

 

Білікті ғылыми кадрлар дайындау магистратура, докторантура арқылы жүргізіледі. Кафедра меңгерушісі, фармация ғылымдарының докторы, профессор Сағындықова Б.А. жетекшілігімен 7М10142 - «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 20 астам магистрлік диссертация: фарм.ғ.к., доцент Р.М.Анарбаеваның жетекшілігімен 6 магистрлік диссертация және фарм.ғ.к., доцент И.А.Мартынованың жетекшілігімен 2 магистрлік диссертация қорғалды.
«Фармакогнозия» курсы бойынша фармация ғылымдарының докторы, профессор Махатов Б.К., химия ғылымдарының докторы, профессор Патсаев А.К., фармацияа ғылымдарының кандидаты, доцент Өмірәлі М.Ә., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент Токсанбаева Ж.С., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент Орынбасарова К.К. жетекшілігімен 31 медицина ғылымдары магистрі дайындалды.
Кафедрада 3 докторант диссертациялық жұмыс орындауда.

 

Халықаралық қарым-қатынас

Кафедрада профессор-оқытушы құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлық, өндірістік практика бойынша халықаралық қарым-қатынасы жақсы ұйымдастырылған.
1. Алыс жақын шетелдерде профессор-оқытушылар құрамы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тәжірибе өткізіп келеді:
– Абуали Ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық Университеті (Душанбе қ.)
– Әзербайжан мемлекеттік университеті (Баку қ.)
– Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа қ.)
– Қазан мемлекеттік медицина университеті (Казань к.)
– Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент қ.)
– Ұлттық фармация университеті (Харьков қ.)
– И.К. Ахунбаева атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы (Бішкек қ.)
– Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институты (Пятигорск қ.)
– Самарқанд мемлекеттік медициналық университеті (Самарқанд қ.)
– Абуали Ибни Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты (Бухара қ.).
2. Академиялық ұтқырлық ҚР келесі жоғары оқу орындарымен жүзеге асырылады:
– Қарағанды медициналық университеті
– Ақтөбе мемлекеттік медициналық университеті
– Қарағанды «Болашақ» университеті
– С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
– Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
3. Студенттердің өндірістік практикасы келесі халықаралық базаларда өткізіледі:
– Ташкент фармацевтикалық институты
– Тюмень мемлекеттік медицина академиясы
– Абуали Ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университеті
– Member of Polpharma Group SANTO – Гданьск қ. (Польша)
– Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институты
– Санкт - Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті

 

Кафедра қызметкерлерінің маңызды жетістіктері

Кафедра қызметкерлерінің марапаттары:
1. Профессор Сағындықова Б.А. «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, «Фармацевт кәсібіне адалдығы үшін» медалімен, «Облысқа сіңген еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл» медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын медалімен» марапатталған.
2. Патсаев А.К. химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚАЗҰАА академигі «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» наградалық медалімен, «Фармацевт мамандығы бойынша адал қызметі үшін» наградалық медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» наградалық медальмен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен «Құрмет» орденімен, 2017 жылы «Медициналық жоғары оқу орнының үздік педагогі» төс белгісімен марапатталған.
3. Махатов Б.К., фармация ғылымдарының докторы, профессор, ҚАЗҰАА академигі ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен, «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен, «Почетный работник образования» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Фармацевт мамандығына адалдығы үшін» медалімен, «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «За профессиональные заслуги» медалімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Халық құрметі» мемлекеттік медалімен марапатталған.
4. Анарбаева Р.М., доцент «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, «Фармацевт кәсібіне адалдығы үшін» медалімен марапатталған.
5. Өмірәлі М.Ә., доцент «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен және «Оқу мен тәрбие ісінің үздігі» медалімен марапатталған.
6. Орынбасарова К.К., доцент «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «За верность профессии фармацевта» медалімен және «25 лет Независимости Республики Казахстан».

 

 

 

 

30.09.2020, 11:27
3226 қаралым