"Патология және сот медицинасы" кафедрасы

Кафедра тарихы

 


«ОҚМА» АҚ Ғылыми кеңесінің 2023 ж. 22 тамыздағы (№1 хаттама) негізінде, 2023 ж. 01 қыркүйектен бастап «Патологиялық анатомия және гистология» кафедрасы – «Патология және сот медицинасы» кафедрасы болып қайта құрылды.
Кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы профессор міндетін атқарушы Садыкова Алия Шамилевна тағайындалды.
Қазіргі уақытта кафедра ұжымы құрамында 1 медицина ғылымдарының докторы, 1 медицина ғылымдарының кандидаты және 4 доцент міндетін атқарушы 4 асисстент 3 аға оқытушылар және 6оқытушылар жұмыс істейді. «Патология және сот медицинасы» кафедрасы 6В10101 – «Общая медицина, 6В10102 – Педиатрия, 6В10103-Стоматология, 6В10106-Фармация».

 

 


Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы,
профессор м.а. Садыкова Алия Шамилевна

 


Кафедраның мақсаты:
-білім алушылардың біртектес дерттік үдерістерінің этиологиясы мен патогенезін, алдын алу және түзету принциптері туралы білімдерін қалыптастыру;
-білім алушылардың клиника-зертханалық зерттеулердің нәтижелерін патологиялық талдау дағдыларын қалыптастыру;


Кафедраның міндеттері:
- ОҚМА-ның мақсаты мен саясаты төңірегінде кафедра құзіреттілігі шеңберінде жүзеге асыру;
- Сапа менеджмент жүйесінің талаптарын орындау;
- Академиялық ұтқырлықты кеңейту;
-Білім мен ғылымды интеграциялау, білім алушыларды ғылыми жұмысқа тарту;
- Халықаралық білім және ғылым стандарттарының талаптарына жауап беретін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау;


Білім беру бағдарламасы:
1. Жалпы медицина
2. Педиатрия
3. Стоматология
4. Фармацевтика


Негізгі оқу пәндері:
1.Жалпы патологиялық анатомия
2.Мүшелер мен жүйелер патологиялық анатомия
3.Патологиялық анатомия
4.Жалпы патологиялық физиология
5.Мүшелер мен жүйелер патологиялық физиологиясы
6. Патологиялық физиология


Пәндер 3 тілде өткізіледі, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
Оқытылатын пәндердің жаңартылуы жыл сайын қаралады және оқу-әдістемелік кешен,тәжірибелік сабақ материалдары,бақылау-өлшегіш құралдары жаңартылып отырады.


Тәжірибелер базасы
Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында кафедра үнемі клиникалық базалармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кафедраның клиникалық базалары: «Облыстық патологиялық анатомиялық бюро» Нұрсат м.а., Арғынбекова 125/4, «Шымкент қалалық сот экспертиза институты» Сман Азим 125 ғимаратындаорналасқан.
Кафедра ұжымымен оқу үрдісіне және тәжірибелік жұмысбарысында патологияларды анықтау мақсатындабілім алушылардың қатысуымен мәуіт аутопсиялары өткізіледі.


Кафедраның ғылыми жұмысы
Кафедра ПОҚ әр түрлі бағытта ғылыми ізденіс жұмыстары өткізіледі және оқу үрдісіне жаңа клиникалық және педагогикалық технологиялар енгізіледі. Кафедраның жүйелік профессорлық-оқытушылық құрамы баяндама және жарияланымдарымен республикалық,халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады. Білім алушылар ЖОО-аралық,аймақтық, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысады.


Ғылыми қызығушылықтар: мүшелер мен жүйелер патологиясы, сот медицинасы.


Кафедра құрамы:


1. Садыкова А.Ш.,каф.меңг.м.ғ.д.,профессор м.а.
2. Досыбаев Б.К., доцент м.а.
3. Бисимбаева С.Б., доцент м.а.
4. Кулбалиева Ж.Ж., доцент м.а.
5. Седых Е.П., м.ғ.к., доцент м.а.
6. Керимов Р.А., аға оқытушы
7. Бердалиева Г.Б., аға оқытушы
8. Игнатьева А.И., аға оқытушы
9. Абильдина Қ.Б.магистр, ассистент
10. Адильханова Р.А., оқытушы
11. Атенова Н.А.,ассистент
12. Құрымбаева А.Р.,ассистент
13. Едіге А. Ж.,магистр, ассистент
14. Дуйсембиева Д.М., оқытушы
15. Сартаева Ұ.С.,магистр, оқытушы
16. Керимбекова М.Ө., оқытушы
17. Сейдакбар А.У., оқытушы
18. Жумагул К.К., магистр,оқытушы
19. Кадирсизова К.С., аға лаборант
20. Шонбаева Ф.Қ., аға лаборант
21. Рүстем Е.Н., аға лаборант
22. Каленова Б.Б. лаборант

 


Кафедра орналасқан мекен-жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы 3, № 2 оқу ғимараты, 4 қабат;
Кафедраның электронды почтасы: patan.gisto@mail.ru

 

 

 

 

08.01.2024, 16:58
767 қаралым