Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІ

 

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (әрі қарай - ҚҚЕБ) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның (әрі қарай - Академия) 07.11.2011 жылғы №110 бұйрығы негізінде құрылған.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» Академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Академияның құқықтық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады.
Академияның құқықтық қамтамасыз ету бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, нормативтік актілерін, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарын, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі мен Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің нормативтік құжаттары мен бұйрықтарын, Академияның Жарғысын, Академияның ішкі нормативтік құжаттарын, Академия ректоры мен проректорының бұйрықтары мен өкімдерін, сондай-ақ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің ережесін басшылыққа алады.

 

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

• Академияның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
• Академияның қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік билік және басқару органдарымен, контрагенттер және қызметкерлермен жасалатын келісім шарттар бойынша Академияның мүддесін қорғау және оны жүзеге асыру.
• Наразылық, талаптық жұмыстарды жүргізу және соттарда Академияның өкілдігін жүзеге асыру.

 

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің функциялары:

• Мемлекеттік органдарда, ведомстволар мен өзге де ұйымдарда, сондай-ақ соттарда Академияның өкілдігін жүзеге асырады.
• Академия басшылығының тапсырмасымен орталық және жергілікті органдармен, басқа да мемлекеттік органдармен құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қарым-қатынасты жүзеге асырады.
• Академияның құқықтық - шарттық және талап арыз жұмыстарын жүзеге асырады.

 

Құрамы: Әкімшілік және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы – Кабиштаев Орынбасар Абдукаримович


Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі - Кукеева Айгерим Бахытжановна


Байланыс үшін мәліметтері:

Негізгі корпус, 2 қабат, 209-кабинет.
Тел: +7(7252) 39-57-57(внут.: 1005)
e-mail: zanbolimi_ukma@bk.ru;
Жұмыс кестесі: 9:00-ден 18:00-ге дейін
Үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін
 

30.09.2020, 05:44
1898 қаралым