СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ (СҚКО)

 

Жалпы ережелер:
Студенттерге қызмет көрсету орталығы (әрі қарай - СҚКО) өз қызметінде Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларды, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарын, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ (әрі қарай - ОҚМА) Жарғысын, ішкі нормативтік құжаттарды, Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңдарын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдерін; сондай-ақ «СҚКО туралы» Ережені басшылыққа алады.
СҚКО «ОҚМА» АҚ Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасына қарасты құрылымдық бөлімше болып табылады және ӘМжЖС басқармасы басшысына тікелей бағынады.
СҚКО мамандары ректордың бұйрығымен техникалық, бағдарламашы немесе тәжірибелік қызметте кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер арасынан тағайындалады.
Орталық меңгерушісі уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттерін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға атқарады.

 

СҚКО негізгі мақсаттары мен міндеттері
- Студенттерге уақытылы және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- Студенттерге жеке куәлігі мен студенттік билеттері негізінде ақпарат беру;
- Ұсынылатын қызметтердің мәдениеті мен сапасын арттыру;
- Сапа менеджмент жүйесінің талаптарын орындау;
- Қағаз құжаттарының барлық түрлеріне өтініш қабылдау (оқу орнынан анықтама, белгіленген нысандағы органдарға әлеуметтік төлемдер туралы анықтама (4-қосымша), белгіленген нысандағы органдарға әлеуметтік төлемдерді ұсыну туралы анықтама (6-қосымша) беру;
- Орталыққа жүгінген кезде студенттерге ақпараттық көмек көрсету;
- Оқу үдерісі мәселелері бойынша қиын және даулы жағдайларда білім алушыға кеңес беру;
- Академия басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау.

 

 

Студенттерге қызмет көрсету орталығының операторы:
Жұматов Нұрсұлтан Бағдатұлы
e-mail:nurik_kz_1394@mail.ru

 

 

Мекен–жайымыз:
Бас ғимарат, 1 қабат
Тел: 8(7252)39-57-57 (*1045)

 

 

 

 

 

01.10.2021, 09:36
1217 қаралым