Морфофизиология кафедрасы

 Кафедра тарихы

 

1992 жылы Шымкент фармацевтика институтының негізінде жалпы медициналық (емдеу) факультеті ашылуына байланысты қалыпты анатомия, гистология, медицина тарихы кафедрасы ұйымдастырылып, сол жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастады.
1994 жылы ҚР Министрлер кабинетінің шешімімен Шымкент фармацевтика институты Шымкент медицина институты, ал 1997 жылы аталған институт Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы болып қайта құрылды.
Жаңадан ашылған (1992ж) анатомия, гистология кафедрасына сол кездегі институт ректоры профессор К.Ү.Үшбаев пен оқу ісі проректоры профессор К.Ә. Әділбековтың қолдауымен Алматыдан С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ медицина университетінен м.ғ.к., доцент Сақыпбаев Асылхан Сақыпбайұлы шақырылып, кафедра меңгерушілігіне бекітілді. Келген күннен бастап доцент Сақыпбаев А.С. кафедраның материалдық-техникалық базасын құруға, оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруға және оқытушы құрамын қамтамасыз етуіне үлкен еңбек етіп, көрнекті үлес қосты. Анатомия пәнінен алғашқы ассистент Юсупов Аманкелді Мамаевич, гистологиядан ассистент Рақымбердиев Төлеш Әдбіразақович жұмыс бастаған болатын.
Доцент Сақыпбаев А.С. кафедрада алғаш рет анатомиялық мұражай мен анатомиялық препараттар дайындайтын «анатомиялық кешен» ұйымдастыру жұмыстарын іске асырған болатын. Алғашқы жылдары кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының дамуына, жас мамандарға анатомия және гистология пәндерінен сабақ беруге машықтану, тәжірибе алмасу мақсатында Қазақ Ұлттық медицина университетінен білікті мамандар м.ғ.д., профессор Толыбеков А.С., м.ғ.д., проф. Мұсағалиева Ғ.М., м.ғ.к., доцент Сисабеков Қ.Е. т.б. арнайы шақырылып, дәрістер оқу, тәжірибелік сабақтарға анатомиялық, гистологиялық материалдар мен препараттар дайындау жағынан көп көмек көрсетті. Аталған мәселелердің ұйымдастырылуы тұңғыш кафедра меңгерушісі А.С. Сақыпбаевтың еңбегінің арқасында болған еді.
Доцент Сақыпбаев А.С. алғашқы күндерден бастап педагогикалық шеберлікке аса көңіл бөлді, әсіресе жас кадрлар даярлауда, олардың біліктілігін жетілдіруде, студенттердің жан-жақты білім алуына жағдай жасауға көп күш-қайрат жұмсады. Нәтижесінде жас кафедрада жаңа буын жас оқытушылар қалыптасып, оқу барысы іске аса бастады. Олардың қатарында ассистенттер Жақсыбергенов Абай Маратұлы, Танабаев Баймахан Дильбарханұлы, Орманов Марат Жаппарұлы, Қалымбетов Қайрат Жамбылбайұлы, Досыбаев Бақытжан Қырықбайұлы т.б. қызмет атқарған, өз білімдерін шыңдады.
1997 жылдың күзінде анатомия кафедрасынан бөлініп, жеке гистология кафедрасы құрылды.
1998 жылы доцент А.С. Сахыпбаев денсаулығына байланысты анатомия кафедрасының меңгерушісі міндетінен босатылып, кафедра доценті міндетін атқарды. 1998ж наурыз айынан 1999ж қыркүйекке дейін кафедра меңгерушісі болып, доцент Устинов В.В. бекітілді.
1999 жылы анатомия кафедрасы, гистология кафедрасымен бірігіп морфология кафедрасы деген атпен қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі болып доцент Сисабеков Қ.Е. бекітілді. Жаңа кафедрада оқу-тәрбие жұмыстарымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары да белсенді жүре бастады. Кафедра меңгерушісі доцент Сисабеков Қ.Е. және кафедра доценті Жұмашов С.Н. докторлық диссертация жұмыстарымен терең айналыса бастады.
Кафедрадан осы уақыт ішінде аға оқытушылар Жақсыбергенов А.М., Танабаев Б.Д. кандидаттық диссертация қорғап, доцент дәрежесіне жетті.
2001 жылдың күзінде морфология кафедрасынан гистология бөлініп, микробиология курсымен бірігіп жаңа кафедра болып құрылды. Анатомия кафедрасына топографиялық анатомия және операциялық хирургия курсы қосылып жаңа кафедра ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Сисабеков Қ.Е. бекітілді. Осы жылдарда кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу жұмысын жоғары деңгейге көтерді. Кафедра меңгерушісі Сисабеков Қ.Е., кафедра доценті Бекетов Ғ.И. докторлық диссертациялар қорғады, аға оқытушылар Шапамбаев Н.З., Оспанов Қ.Е., Қулаев Қ.Т., және ғылыми ізденушілер Алмабаев Ғ.Ы., Қамыспаев М.У. кандидаттық диссертацияларын ойдағыдай қорғап шықты. Академияда кафедра ұжымының және оқу орнының басшыларының еңбегі арқасында 2005 жылы Қазақстан морфологтарының ІІІ ғылыми-практикалық конференциясы, 2006 жылы анатомия кафедрасының тұңғыш меңгерушісі доцент А.С. Сақыпбаевтың 70 жылдығына арналған Республикалық ғылыми конференция өткізілді. Конференция материалдары «ОҚММА Хабаршысы» ғылыми журналында жарық көрді.
2008-2009 жылдарда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы Мемлекет басшысының шешімімен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы болып қайта құрылды. Академияда түбегейлі өзгерістер болып, көптеген кафедралар қысқарып, жаңа кафедралар құрылды. Анатомия кафедрасы, гистология және патологиялық анатомия кафедраларымен бірігіп морфологиялық пәндер кафедрасы болып жұмыс істей бастады. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д. профессор Сисабеков Қ.Е. тағайындалды.
№105п (б.2) бұйрығына сай 27.08.2015ж. өткен Ғылыми Кеңестің шешімі негізінде морфологиялық пәндер кафедрасы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасымен біріктіріліп, құрамына гигиена-1 кафедрасынан «Дене шынықтыру және валеологиямен» пәні қосылып, жаңа құрылған кафедра морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиясымен кафедрасы деп аталды. Кафедра меңгерушісі қызметіне м.ғ.к. Жолымбекова Л. Д. тағайындалды.
№71 п (б.2) бұйрығына сай (Хаттама №1) 31.08.2017ж өткен Ғылыми Кеңестің шешімі негізінде морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасы екі кафедраға бөлінді:
- физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы;
- морфологиялық пәндер кафедрасы.
Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., профессор м.а. Танабаев Б.Д. тағайындалды.
21.02.2018ж «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы» АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ болып қайта құрылды.
Қайта құрылуына байланысты № 58п бұйрығына сай (б.6) (Хаттама №3) 13.04.2018ж өткен «ОҚМА» АҚ Басқарма Кеңесінің шешімі негізінде морфологиялық пәндер кафедрасы екі кафедраға бөлінді:
- қалыпты анатомия кафедрасы;
- патологиялық анатомия және гистология кафедрасы.
Қалыпты анатомия кафедра меңгерушісі қызметіне м.ғ.к., профессор м.а. Танабаев Б.Д. тағайындалды.
№ 770 бұйрығына сәйкес ОҚМА Ғылыми кеңесінің 22.08. 2023 ж., № 1 пр., 2023-2024 оқу жылына арналған академияның құрылымы мен штаттық кестесіне өзгерістер енгізілді, қалыпты анатомия кафедрасына гистология және қалыпты физиология қосылды және морфофизиология кафедрасы деп
ұйымдастырылды.
Морфофизиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, м.а. профессор Танабаев Б.Д. тағайындалды.

 

 

1212 2

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., проф.м.а

Танабаев Баймахан Дильбарханович

 

 

Кафедраның міндеттері:
- бөлімнің құзыреті шегінде сапа саласындағы ОКМА - Саясатын және мақсаттарын жүзеге асыру;
- сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талаптарының орындалуы;
- кафедрада үнемі оқытушыларының біліктілігін арттыру;
- студенттердің оқу процесі кезінде және жатақханадағы кезекшілік кезінде жүйелі түрде тәрбие жұмысын жүргізу;


Морфофизиология кафедрасы оқу жұмыс жоспарына сәйкес оқу жұмысын жүргізеді. Кафедрада оқытылады:
- 1 курс бакалавриат білім алушылары БББ «Медицина», «Педиатрия», «Медициналық-профилактикалық іс», «Қоғамдық денсаулық»;
- 2 курс бакалавриат білім алушылары БББ «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология».


Кафедра қызметкерлері:


1 Танабаев Б.Д. - каф.меңг., м.ғ.к., проф.м.а.
2 Сисабеков Қ.Е. - м.ғ.д., профессор
3 Жумашов С.Н. - м.ғ.д., профессор
4 Мурзанова Д.А. - м.ғ.к., профессор м.а.
5 Жакипбекова Ғ.С.-  б.ғ.к., профессор м.а
6 Турекулова А.К. - магистр,аға оқытушы
7 Джубанишбаева Г.Н. - магистр, аға оқытушы
8 Избасарова М.С. - магистр, аға оқытушы
9 Сатыбалдиева Н.М.-  магистр, аға оқытушы
10 Сабит А.Е. - магистр, оқытушы
11 Мүсірова А.Е. - магистр, оқытушы
12 Сурачна Чандра - магистр, аға оқытушы
13 Юсупов Б.Х. - аға оқытушы
14 Оспанов Д.Т. - аға оқытушы
15 Тоймбетова Қ.А. - аға оқытушы
16 Мурина Н.М. - аға оқытушы
17 Murugesan Kuppusamy - аға оқытушы
18 Ashrap Faiza - аға оқытушы
19 Krishna Harshith - аға оқытушы
20 Krishna Hitesh - оқытушы
21 Қылышбекова Ж.Т. - оқытушы
22 Рұсқул Е.А - оқытушы
23 Кожабекова А.С. - оқытушы
24 Момбаева Д.К. - оқытушы
25 Инкарбекова А.К. - оқытушы
26 Ахмаджанова Д.Х. - оқытушы
27 Оразалы Ж.А. - оқытушы
28 Мехтиева Р.А. - оқытушы
29 Пернебеков Е.А. - оқытушы
30 Байболат Г.У. - оқытушы
31 Ауанасова А.Т. - оқытушы
32 Айтжанова Ж.С. - аға лаборант
33 Иманкулова Г.Х. - аға лаборант
34 Мейрбекова М.С. - аға лаборант
35 Аскербек Т. - аға лаборант
36 Ауезова М.К. - лаборант
37 Кошкарова Г.Е. - лаборант

 

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны:
Мекен-жайы: пл. Аль-Фараби, Бас ғимарат, төменгі қабат, 16 кабинет
Тел(ішкі): 263
e-mail:anatomia.2012@mail.ru
Ал-Фараби 3, 2 корпус,5 этаж,504- 508кабинет
Тел(внут): -
e-mail: nuraliyevaa7@mail.ru

 

 

 

 

30.09.2020, 12:50
2189 қаралым