Хирургия,онкология және травматология кафедрасы

 

Кафедра тарихы

 

1993 жылы Шымкент фармацевтикалық институтының негізінде емдеу факультеті құрылды, оның ішінде профессор Д.С. Сексенбаевтың жетекшілігімен Жалпы хирургия кафедрасы ұйымдастырылды, 1994 жылы факультеттік хирургия кафедрасы, ал 1995 жылы госпитальдық хирургия кафедрасы құрылды.
ОҚММА-ның ОҚМФА-ға қайта құрылуына байланысты 2009 жылы аталған кафедралар №1 және №2 хирургиялық пәндер кафедралары болып қайта құрылды, олар 2012 жылға дейін бөлек жұмыс істеді, 2009 жылы құрамына онкология және офтальмология курстары кірді. 2012 жылы екі кафедра бір хирургиялық пәндер кафедрасына біріктіріліп, 2020 жылдың шілдесіне дейін жұмыс істеді. Ал 2020 жылдың қыркүйек айында хирургиялық пәндер кафедрасы хирургия-1 және хирургия-2 кафедраларына бөлінді.Ал 2023 жылдың қыркүйек айында хирургия-2 кафедрасының атауы «Хирургия, онкология және травматология кафедрасы» болып өзгерді.
Кафедрада жалпы медицина мамандығы бакалавриат бойынша (4 курс Травматология), интернатура бойынша (7 курс ЖТД-дегі Онкология ) резидентура бойынша (онкология ересектердің , онкология радиациялық, травматология - ортопедия ересектердің, балалардың) мамандықтары. Пәндер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.
Сондай-ақ, дәрігерлерді хирургия, травматология, онкология бойынша мамандандыру және жетілдіру түрінде үздіксіз оқыту факультетінде жұмыс жүргізілуде.
2018 жылдан бастап ОҚМФА "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" болып қайта құрылды. Кафедраны басқарды: 1993-1996 жылдар аралығында – д.м.н., профессор, Д.С. Сексенбаев, және 1996-1998 жж. – д.м.н. О.С. Абдиев, 1998-2001 жж. профессор Б.Д. Сексенбаев, 2001-2002 жж. – профессор М.М. Рысбеков, 2002-2006 жж. – профессор Р.Т. Тажимуратов, 2007-2009 жж. профессор М.Х. Бигалиев, 2009-2012 жж. м.ғ.к., доцент м.а. Жумабаев T. Ж., 2013-2018 жж. Доцент К.Н. Жумагулов.
2018 жылдың маусым айынан бастап кафедраны м.ғ.д. Б.А. Абдурахманов басқарды.
Кафедрада және ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-да кафедраның бастамашыл ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілді: «Интервенциялық радиологияны, эндоваскулярлық онкологияны және эндовидеохирургиялық араласуды қолдана отырып, хирургиялық, онкологиялық және травматологиялық науқастарды емдеуде инновациялық, миниинвазивті технологияларды жетілдіру және әзірлеу».
Осы ғылыми бағыттың көлемінде 2018-2024 жылдар аралығында медициналық басылымдарда, ғылыми еңбектер жинақтарында 100-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жарияланымдар жарияланды, 2 монография жарық көрді, клиникалық практикаға енгізілді және ҚР мен РФ өнертабыстарына 30-дан астам патенттің нәтижелері сәтті қолданылды, 2 авторлық куәлік алынды, 12 авторлық куәлік орындалды және сәтті қорғалды магистрлік диссертациялар, 2 докторлық диссертация аяқталады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ҚР-да және шетелде өткізілген 20-дан астам конференцияларда баяндалды.
Интеграцияланған академиялық медициналық орталықтар Ташкент медициналық академиясымен, академик РУз. ДСМ В. Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған хирургия орталығымен (РМХО) қол қойылған меморандум мен шарттар негізінде құрылды. ҚР ДСМ А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының (ХҒО), ҚР ДСМ Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығы, ҚР ДСМ трансплантология республикалық орталығы, РФ ДСМ Башқұр мемлекеттік медицина университеті бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуіне және магистрлер мен докторанттарды дайындауына мақұлдау алынды.
Сондай-ақ, бұл орталықтарда резиденттерді академиялық ұтқырлық желісі бойынша және клиникалық тағылымдама көлемінде даярлау жүргізіледі.
Кафедра қызметкерлері 2022 жылы бірінші университетішілік, 2023 жылы хирургиялық пәндер бойынша бірінші Халықаралық Олимпиаданы сәтті өткізді. Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі тұрақты жұмыс істейді, оған қатысушылар 2024 жылы Бұхара қаласында өткен Халықаралық студенттер олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Кафедра қызметкерлерінің өткен кезеңдегі үйлесімді жұмысының арқасында «онкология ересектердің», «радиациялық онкология», «травматология-ортопедия ересектердің, балалардың» резидентура мамандықтары бойынша аккредиттеуде жақсы нәтижелер көрсетілді.

 

 


Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор м.а.
Абдурахманов Бабур Анварович

 

 

Қазіргі уақытта кафедрада 1 медицина ғылымдарының докторы, 1 медицина ғылымдарының кандидаты, доцент жұмыс істейді. Кафедраның штаттық қызметкерлері-5, негізгі ПОҚ арасында ғылыми дәрежелілік 40% құрайды.
Кафедраның клиникалық базалары облыстық клиникалық аурухана, №1 Қалалық клиникалық аурухана, қалалық онкологиялық орталық болып табылады.
Кафедра қызметкерлерінің қатысуымен клиникалық базаларда диагностика мен емдеудің заманауи инновациялық әдістері енгізілді: бейнеторакоскопиялық операциялар және бейнеторакоскопиялық әдістері, артроскопия, әртүрлі локализациялардағы ісіктерге эндоваскулярлық араласулар, ірі буындарға әртүрлі реконструктивті араласулар.

 

 


Кафедра қызметкерлерінің ота бөлмесіндегі жұмысы.


Кафедраның негізгі құрамы:
1. Абдурахманов Бабур Анварович – каф. меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а.
2. Есмембетов Избасар Нагашбаевич - доцент
3. Юсупов Амангельды Мамаевич - ассистент
4. Усманов Махмуд Арафович - ассистент
5. Абдраманова Аида Куралбаевна – ассистент
Қосымша жұмыс атқарушылар:
1. Орманов Нургали Керимбекович - м.ғ.к., доцент м.а.
2. Жантеев Мурат Ендибаевич - м.ғ.к., доцент м.а.
3. Бектаев Еркебай Талипбаевич - м.ғ.к., доцент м.а.
4. Исаметов Давран Рашидович - ассистент
5. Абдурасулов Рахим Равшанбекович - ассистент
6. Мухитдинова Ирина Николаевна - ассистент
7. Мусаев Султанбек Шоханович - ассистент
8. Туменбаева Жанар Сапархановна - ассистент, магистр
9. Алтынбекова Нурила Хамытовна - ассистент
10. Мауленов Жаксылык Оразбаевич – ассистент магистр
11. Авдаметов Акрам Атхамович – ассистент
12. Мирзаханова Акмарал Тастанбековна
13. Казыбеков Серик Елдарович
14. Дуйсебеков Мурат Тавбекович – ассистент
15. Байтөре Ғалым Пернебекұлы – ассистент
16. Смагулов Елдар Муханович – ассистент
17. Естемесов Нуржан Толегенович– ассистент
18. Усербаев Асхат Уразбаевич – ассистент
19. Абдрахманов Ерболат Абдрахманович – ассистент
20. Мирзаметов Зафар Сайдахметович - ассистент
21. Исаков Фархад Палахаевич - ассистент
22. Муминов Анвар Гафурович - ассистент
23. Алимханова Шахло Палахаевна - ассистент
24. Патен Серік Сулеиманұлы – ассистент
25. Данешов Олжас Бахытұлы - ассистент
26. Халходжаев Махмуджан Камилжанович - ассистент
27. Әбдешов Нұржан Орынбасарұлы - ассистент

 

 

 


Байланыс ақпараты:
Кафедрада 4 оқу бөлмесі бар. Кафедраның клиникалық базалары: Облыстық клиникалық аурухана (ОКА), мекен жайы Майлы Қожа ,4, Қалалық онкологиялық орталық (ҚҚО ) мекен жайы А.Байтұрсынов, 85, А, №1 Қалалық клиникалық аурухана (ҚКА1) мекенжайы Д.Құрманбеков 35, Металлистов көшесі, 16.

30.09.2020, 11:02
2154 қаралым