Акушерия және и гинекология кафедрасы

 

Кафедра тарихы

Акушерия және гинекология кафедрасы 1995жылы ұйымдастырылды. Құрамында кафедра меңгерушісі медицина ғылымының кандидаты, доцент, Радько В.И. ассистенттер м.ғ.к. Темурян М.К., Калдыбекова Н.И., Ширгалиева Е. С. Кейінгі жылдары кафедра штаты кеңейіп, жаңа қызметкерлер қосылды: м.ғ.к. доцент Даниярова А.Ж., ассистенттер Исмаилова У.И., Нартаева М.М., Абдукасымова Э.А., Тажибаева М.С., Мамырбекова С.У., Джунусова Р.К., Акбердиева Г.У. 1999 жылы кафедраға м.ғ.к. Анартаева М.У. келді. 1995-1997, 1999-2001 жылдар аралығында кафедраны м.ғ.к. Радько В.И басқарды. 1998-1999 жылдары м.ғ.к. Нұрқасымова Р.Г. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2002-2012 жылдары кафедраны м.ғ.д. Малғаждарова Б.С. басқарды. 2012-2013 жылдары кафедраны м.ғ.к. Тлеужан Р.Т. басқарды. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра курс болып АМСЖ кафедрасына қосылды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Югай Н.В. 2017ж. бастап курс АМСЖ-2 кафедрасының құрамына кірді. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., проф.м.а. Досыбаева Г.Н. Академияның қайта құрылуына байланысты, 2018ж. акушерия және гинекология кафедрасы бөлініп шықты. 2018 ж. – 02.06.2019ж. аралығында кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.к. Тлеужан Р.Т. атқарды. 02.06.2019ж. бастап кафедра меңгерушісі қызметін PhD, қауымдастырылған профессор Кулбаева С.Н. атқарады.
Кафедраның клиникалық базалары болып: №1, 2 Облыстық Перинаталдық Орталықтар, Қалалық перинаталды орталық, қалалық презентхана, №1 ШҚКА-ның жедел гинекология бөлімшесі, ОКА гинекология бөлімшесі, ЭКО-Мед Шымкент клиникасы. Осы клиникалық базаларда кафедра қызметкерлері студенттердің тәжірбиелік дағдыларды меңгеруіне жәрдем берумен қатар, тәжірбиелік дәрігерлермен бірлесіп қала тұрғындарына емдік көмек көрсетуде.

 

 

Кулбаева Салтанат Налибеккызы
PhD докторы, қауымдастырылған профессор.

Жоғары санаттағы дәрігер акушер-гинеколог, тәуелсіз сарапшы.

 

 

Кафедра міндеттері
1. Кәсіби-лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті акушерия, гинекология және аралас пәндердегі жаңа теориялық ережелермен таныстыру.
2. Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшылық қасиеттерді бекіту.
3.Үздіксіз кәсіби оқуға және бүкіл кәсіби қызмет барысында өз білімі мен дағдыларын жетілдіруге деген қажеттілікті қалыптастыру.
4. Отбасын жоспарлау, балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеу мәселелері бойынша халықпен санитарлық-ағартушылық жұмыс дағдыларын үйрету.

 

Негізгі оқыту курстары
1. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавр, 4 курс, «Акушерия» - 5 кредит
2. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавр, 4 курс, «Гинекология» - 4 кредит
3. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавр, 2 курс, «Акушерия және гинекология негіздері» пәні - 5 кредит.
4. «Стоматология» мамандығы бойынша бакалавр, 4 курс, «Акушерия және гинекология» пәні - 3 кредит
5. «Акушерия және ересектер, балалар гинекологиясы» мамандығы бойынша резидентура -1, 2 және 3 оқу жылы.
6. ҮКДФ деканатының дәрігер тыңдаушылары.

 

Пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады
Оқылатын пәндердің жаңартылуы: жыл сайын оқылатын пәндердің 30% - ы жаңартылады.

 

Кафедраның ғылыми басымдықтары
Акушерлік қан кетулер, жүктілікті көтереалмаушылық, бедеулі неке.

 

Қазіргі уақытта кафедрада жұмыс жасайтын қызметкерлер:
Тлеужан Рената Тлеужановна – доцент м.а.
Задина Гульжан Жумабековна – доцент
Сагындыкова Аида Абдиманаповна – доцент м.а.
Ақбердиева Гульмира Урумбековна – ассистент
Джунусова Раушан Кульбаевна – ассистент
Салимбаева Балжан Тазабековна – ассистент
Мамырбекова Сауле Утебековна – ассистент
Тажибаева Мадина Сабировна – ассистент

 

Оқу-көмекші персонал:
Иса Арайлым Әбдіғалиқызы – аға лаборант
Смирнова Татьяна Николаевна – лаборант

 

 


Мекен-жайы және байланыс деректері:
Шымкент қ., Ғ.Ільяев көшесі 142а, «№1 Облыстық перинаталды орталық»
E-mail: saltanat_phd@mail.ru

 

 

 

 

 

30.09.2020, 11:08
2259 қаралым