ОҚМА-ның даму бағдарламасы
2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
«ОҚМА» АҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ
ОҚМА миссиясы
Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау саласында көшбасшы болу!
ОҚМА білім беру жүйесіндегі орны
Халықаралық сапа стандарттарына сай мамандарды даярлауға бағытталған құзыреттілік тәсілдеріне және практикалық денсаулық сақтау мен фармацевтикалық өндірістердің қажеттіліктеріне негізделген медициналық және фармацевтикалық білім берудің тиімді жүйесі.
Құндылықтар мен этикалық қағидалар:
- ОҚМА профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилік қағидасы;
- ОҚМА-дағы сапа қағидасы;
- Бағытталған білім беру қағидасы.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ:
1. Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру
1.1 Мақсат. Жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілетті білім беру қызметін қамтамасыз ету
Міндеттер:
1. Оқыту түрлері бойынша медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды дайындау түрлері мен әдістерін жетілдіру
2. Барлық деңгейдегі қолданыстағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру. Еңбек нарығының қажеттілігіне және аймақтық басымдықтарға байланысты барлық деңгейдегі жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу
3. Халықаралық білім беру кеңістігіне кірігу
4. Білім алушыларға білім алуы мен тұлғалық дамуы үшін жағдай жасау
1.2 Мақсат. Академияның ғылыми әлеуетін дамыту
Міндет:
1. Медициналық, фармацевтикалық, биологиялық ғылыми зерттеулер спекртін ұлғайту және нәтижелерін білім беруге, тәжірибеге енгізу (ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерциализациялау)
1.3. Мақсат. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерін үздіксіз кәсіби дамыту білім беру бағдарламаларын жетілдіру
Міндет:
1. Қазақстанның оңтүстігінің және Орталық Азия аймағының денсаулық сақтау қажеттіліктерін ескере отырып, үздіксіз кәсіби даму бағдарламаларын әзірлеу
2. Адами ресурстарға қойылатын талаптардың ұдайы өсуі -оқытуға, кәсіптік даярлауға, біліктілікті жүйелі түрде арттыруға және уақтында қайта даярлауға инвестицияларды тартуға негізделеді
2.1. Мақсат. Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігі деңгейін арттыру және корпоративтік басқаруды дамыту
Міндет:
1. Профессор-оқытушылар құрамының әлеуетін арттыру
3. Ресурстарды басқару тиімділігін арттыру, білім беру бағдарламарарын дамытуға инвестициялар тарту
3.1. Мақсат. Академияның қаржылық тұрақтылығы мен қаржы тәуелсіздігін қамтамасыз ету
3.2. Мақсат. Білім беру және ғылыми қызметкерлер үшін заманауи инфрақұрылымды дамыту
Міндет:
1. Білім алуға жағдай жасау үшін ЖОО-ның заманауи медициналық технологиялық инфрақұрылымын құру
2023-2025 жылдардағы ОҚМА АҚ Даму Жоспары
2023-2025 жылдардағы ОҚМА АҚ Даму Жоспарының мақсатты индикаторлары
