Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

 

Кафедра тарихы

 

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы 1982 жылы құрылып, құрылған алғашқы жылдардан бастап клиникалық және эксперименттік фармакология саласындағы жетекші ғылыми және оқу бөлімшелерінің біріне айналды.

Кафедраның негізін қалаушы және оның бірінші меңгерушісі профессор И.Ш. Забиров (1982–1993), Қазақстанда бірінші болып аурухана жағдайында «Клиникалық фармация» мамандығын енгізуге бастамашы болды. Оның ғылыми және оқытушылық қызметі клиникалық фармакологтардың жаңа мектебінің қалыптасуына және фармакотерапияның жетістіктерін аймақтағы практикалық денсаулық сақтау саласына енгізуге ықпал етті.

1994-2015 жылдар аралығында кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Ж. Орманов – белгілі ғалым, 600-ден астам ғылыми еңбектің, 12 патенттік өнертабыстың, 6 монография және 18 оқу құралының авторы. Оның жетекшілігімен фармацевтика факультетінің студенттеріне арналған фармакология бойынша алғашқы жұмыс бағдарламасы жасалды, фармакология және фармакотерапия бойынша қазақ тіліндегі алғашқы отандық оқулықтар, оның ішінде «Фармакология» (2 томда, 2009 ж.) және «Фармакотерапия» (2 томда, 2009) іргелі еңбектері жарық көрді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11 ғылыми-техникалық бағдарламасының басшысы профессор Н.Ж. Орманов ғалымдардың галактикасын дайындады. Оның жетекшілігімен 6 докторлық, 32 кандидаттық және 16 масгитрлік диссертациялар қорғалды. Оның фармакологияның дамуына қосқан үлесі жоғары мемлекеттік және облыстық наградалармен атап өтілді – «КСРО өнертапқышы», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі».

2015–2019 жылдары кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор З.А. Керімбаева басқарды, ол өзіне дейінгі ғылыми-педагогикалық даму дәстүрлерін жалғастырды.

 2019–2021 жылдары кафедраны клиникалық фармакология және фармакотерапия саласының маманы, м.ғ.к., доцент К.Е. Ахмадиева басқарды. Оның басшылығымен кафедрада практикалық денсаулық сақтаумен байланыстар белсенді түрде нығайтылды және дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен ұтымды қолданылуына байланысты ғылыми бағыт дамыды.

2021-2025 жылдар аралығында кафедраны фармацевтика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.С. Токсанбаева, оның жетекшілігімен кафедра клиникалық фармацевтика мен фармакологияның заманауи бағыттарын белсенді түрде дамытылды, инновациялық білім беру технологияларын енгізіліп, жаңа буын мамандарын даярлауға қатысты.

2025 жылдан бастап кафедраны фармацевтика ғылымдарының кандидаты, ғылыми-педагогикалық жұмыста үлкен тәжірибесі бар оқытушы А.Г. Ибрагимова басқарады. Оның кәсіби қызығушылықтары клиникалық фармакологияны, ұтымды фармакотерапияның заманауи тәсілдерін, фармакологиялық қадағалауды және дәрілік қауіпсіздікті қамтиды. Оның жетекшілігімен кафедра ғалымдарының алдыңғы буындары қалыптастырған дәстүрлерді жалғастырада, халықаралық білім беру стандарттарын белсенді түрде біріктіріп және клиникалық және эксперименттік фармакология саласындағы ғылыми зерттеулерді күшейтеді.

Бүгінгі таңда ОҚМА-ның фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы іргелі зерттеулерді, клиникалық тәжірибені және халықаралық стандарттарға сәйкес кадрларды даярлауды біріктіретін ғылыми-білім беру орталығы болып табылады.

 

Ибрагимова А.Г. фарм.ғ.к., доцент м.а, кафедра меңгерушісі

 

 

Негізгі мақсаттары мен міндеттер
Кафедраның мақсаты жоғары кәсіптік білімі бар, ғылыми дәрежесі бар білім алушыларды даярлау, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.
Кафедра қойылған мақсаттарды келесі міндеттерді орындау арқылы іске асырады:
- кафедраның құзыреті шегінде сапа саласындағы «ОҚМА» АҚ Саясатының және міндеттерін жүзеге асыру;
- сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талаптарына сәйкестігі;
- стратегияны анықтау және оның жұмысын бағдарламалық жоспарлау туралы шешім қабылдау;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МББС) талаптарын іске асыратын, еңбек нарығында сұранысқа ие терең теориялық және қажетті практикалық білімі бар жоғары кәсіптік білімнің негізгі білім беру бағдарламалары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау және шығару;
- жоғары кәсіптік білімнің заңнамалық және нормативтік актілеріне, бекітілген оқу жоспарларына, пәндер бағдарламаларына сәйкес бекітілген пәндер бойынша оқу процесін жүзеге асыру;
- оқу және ғылым қызмет процесінде студенттердің интеллектуалдық, мәдени және адамгершілік дамуына қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау;
- негізгі білім беру бағдарламаларын ұйымдастырушылық, ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;
- оқытудың жаңа инновациялық технологияларын дамыту;
- кафедра бейіні бойынша Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен, кәсіпорындармен және ұйымдармен серіктестікті нығайту.

 

Негізгі оқу курстары

6В10106 - «Жалпы тәжірибелі фармацевт» траекториясы бойынша «Фармация» - Модуль «Фармакология және фармакотерапия» - 3-5 курс.
6В10105- «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша «Фармакология» - 2 курс.
6В10104 - «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша «Фармакология» - 2 курс.
6В10103 - Стоматология мамандығы бойынша «Фармакология» - 3 курс.
6В10101- «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Фармакология» және «Клиникалық фармакология»- 3 ,5 курстар.
Сонымен қатар, кафедрада 6 курс интернатура студенттеріне және 7R01142 Резидентура 1-2 курстарына арналған «Клиникалық фармакология» пәні оқытылады.
Кафедраның барлық пәндері қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, пәннің ОӘК әзірленген. Кафедрада көптілділік саясаты жүргізіледі (қазақ, орыс, ағылшын тілі), қосымша «Фармакология» және «Фармацевтикалық демеу», «Дәрілік заттарды тиімді қолдану» пәні бакалавриатқа және «Клиникалық фармакология» пәні интернатура бойынша ОӘК үш тілде даярланған.
Жұмыс бағдарламалары мемлекеттік стандарттар мен стандарттық бағдарламалар бойынша әзірленіп, жүйелі түрде жаңартылып отырады, сонымен қатар бакалавриат, интернатура, магистратура және резидентура деңгейлерінде элективті пәндер каталогы жыл сайын қайта қаралады. Жыл сайын пәндерге толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Кафедрада оқытылатын пәндерінің әдебиеттері үнемі жаңартылып отырады.

 

Кафедраның ғылыми артықшылықтары

Кафедрада ғылыми жұмыстар белсенді жүргізіліп жатады. Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедраның ғылыми бағыттары:
1.«Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерді фармакологиялық зерттеу және отандық дәрілік заттарды дамытуға алғышарттар жасау»
2. «Дәрілік заттарды қолданудың ұтымдылығын фармакоэпидемиологиялық және фармакоэкономикалық талдау»
Кафедрада студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді , оның құрамында барлық факультеттер, соның ішінде шетелдік студенттері бар. Ғылыми уйірменің студенттері кафедраның ғылыми өміріне, студенттік конференцияларға СҒЗЖ–ның жеке фрагменттерде белсене қатысады.
Профессор, оқытушылар құрамы ОҚМА –да және басқа да ұйымдарда өткізілетін конференцияларға,семинарларға, дөңгелек үстелдерде белсенді қатысады.

 

Казіргі уақытта жұмыс істейтін қызметкерлер тізімі:

1.Ибрагимова А.Г. - фарм.ғ.к., доцент м.а, кафедра меңгерушісі
2. Орманов Н.Ж.- м.ғ.д., профессор;
3. Ташимова С.А. - м.ғ.к., доцент м.а;
4. Абуова Г.Т.- б.ғ.к., доцент м.а;
5. Ибрагимова А.Г. - фарм.ғ.к., доцент м.а;
6. Қорғанбаева З.С. - б.ғ.к., доцент м.а;
7. Сырманова Н.Р.- м.ғ.магистрі, аға оқытушы;
8. Муютова М.Н. - м.ғ.магистрі, аға оқытушы;
9. Дустанова Ж.Т. - аға оқытушы;
10. Сейдалиева С.К. – фарм.ғ. магистрі, аға оқытушы;
11. Азизова А.А. - ассистент;
12. Дауренбекова Ш.М. - м.ғ.магистрі, ассистент;
13. Әбшайық М.С. - ассистент;
14. Заварницына Е.В. - ассистент;
15. Султанбекова А.Н.- резидент;
16. Ниязова Г.Н. - аға лаборант;
17. Саналы А.С - аға лаборант;

 

 

Байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Аль-Фараби алаңы 1, бас ғимарат, 4 қабат.
Кафедраның электронды мекен-жайы: zhanat_2701@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

30.09.2020, 12:02
4416 қаралым