Химиялық пәндер, биология және биохимия кафедрасы

 

Кафедра тарихы

 

«Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасы «Химиялық пәндер» және «Биология және биохимия» кафедралары ОҚМА АҚ Ғылыми кеңесінің (28.08.2024ж. №1 хаттама) шешімімен бірігіп, қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметіне х.ғ.к., профессор м.а. - Дәуренбеков Қанат Нарбекұлы тағайындалды.

 

 

Кафедра меңгерушісі х.ғ.к., профессор м.а. - Дәуренбеков Қанат Нарбекұлы

 

 

Кафедра меңгерушісі Дәуренбеков Қанат Нарбекұлы - х.ғ.к., профессор м.а., ғылыми – педагогикалық стажы 33 жыл. 1990 жылдың тамыз айынан 1993 жылдың қыркүйек айына дейін А.Бектуров атындағы Химиялық институтта кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1993 жылдан 2007 жылдар аралығында ШМФИ ның қарамағындағы ҒЗЖО –да кіші ғылыми қызметкер болып, ОҚММА-да оқытушы, аға оқытушы, химия кафедрасының доценті, емдеу ісі факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды.
2007–2009 жылдар аралығында Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінде оқу-ісі жөніндегі проректоры, 2009–2014 жылдар аралығында АӘИУ-де оқу-ісі жөніндегі проректор, ректор қызметтерін атқарды. 2014 жылдан бастап химиялық пәндер кафедрасында профессор м.а. лауазымында жұмыс істеді, 2018 жылы конкурс негізінде химиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды және 2018–2021 жылдар аралығында ОҚМА-ның «Фармация» факультеті деканы қызметін қосымша атқарды. 6 оқулықтың, 12 әдістемелік жұмыстың, 100–ден аса ғылыми – әдістемелік мақалалардың авторы.


«Химиялық пәндер» кафедрасы алғашқы рет «Бейорганикалық химия» кафедрасы болып 1979 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтынының филиалы (АММИ филиалы) ашылған жылы құрылды. «Бейорганикалық химия» кафедрасының алғашқы кафедра меңгерушісі қызметін АММИ филиалының директоры, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент Тегісбаев Е.Т. атқарды.


1980 жылы басқада кафедралар ашылды:
– «Бейорганикалық және физколлоидты химия» – кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.к., доцент Тегисбаев Е.Т.
– «Аналитикалық және токсикологиялық химия» – кафедра меңгерушісі фарм.ғ.к., Байзолданов Т.Б.
– «Органикалық және биологиялық химия» – кафедра меңгерушісі, х.ғ.к., Патсаев Ә.К.
«Бейорганикалық және физколлоидты химия» кафедрасында алғашқы жылдары х.ғ.к., доц. Абдилаев Б.А., х.ғ.к. Алибаева Х.Б., х.ғ.к. Джасымбеков А.К., х.ғ.к. Патсаев Ә.К., тех..ғ.к. Пусурманова Т.Ж. жұмыс жасады.
1985 жылы «Бейорганикалық және физколлоидты химия» кафедрасының меңгерушісі болып конкурс бойынша х.ғ.к., доцент Ермекбаева А.Б., 1988 жылы осы кафедраның меңгерушілігіне конкурс бойынша х.ғ.к., доцент Швец И.С. сайланды. Кафедра ұжымы фармация және медицина факульттерін ұйымдастыру үшін өз үлесін қосты. Осы жылдары кафедрада доц. Швец И.С., пед.ғ.к. Ерімбетова С.К., пед.ғ.к. Чуйкова Н.А., Мамытова В.К., х.ғ.к., доц. Шитыбаев С.А., аға лаб. Есімбекова Е.Д. қызмет атқарады.
«Аналитикалық химия» кафедрасының алғашқы негізін қалаушылар: фарм. ғ.к. Байзолданов Т.Б., х.ғ.к. Құралова Н.Т., Сағындыкова Б.А., Сабыржанова Ә.П., Кульбаева Ұ.А., сонымен қатар кафедрада фарм. ғ.к. Бралинова К., Калелова Р, Мадыбекова Г.М., Тастемирова Д.Н. қызмет атқарды.
«Органикалық және биологиялық химия» кафедрасының меңгеруші қызметін х.ғ.д., проф. Патсаев А.К. атқарды. Кафедраның алғашқы оқытушылары: х.ғ.к., доц. Ильясова М.И., тех.ғ.к., доц. Пусурманова Т.Ж. болды. Биологиялық химия курсын б.ғ.к., доц. Аханов А.У. ұйымдастырды. Алғашқы оқытушылар қатарында Жайшибеков Б.С. және Сулейменова Р.Н., доц. Қымбатбеков Қ.Қ., Шарипов К.О., Кенжебеков К.П. болды.
1994 жылы бейорганикалық, физколлоидты, аналитикалық және органикалық химия курстары біріктіріліп «Химия» кафедрасы болып құрылды. Химия кафедрасының меңгерушісі болып конкурс бойынша х.ғ.к., доц. Патсаев Ә.Қ. тағайындалды.
Кафедраның қалыптасуына және кадрлар дайындауда х.ғ.к., доценттер Бақтыбаев О.Б., Садықова Ф.Ж.,Шитыбаев С.А., Ахметова А.А., Дауренбеков Қ.Н., Алиханова Х.Б., Туребекова Г.А., Дильдабекова Л.А. үлкен үлес қосты. 2007-2009 жылдар аралығында «Медбиология, ФГЗ және химия» кафедрасының меңгерушісі қызметін х.ғ.д., профессор Ә.Қ. Патсаев атқарды.
2009 жылы «Химия» және «Фармакогнозия» кафедралары бірігіп, жеке кафедра болып қайта құрылды, кафедра меңгерушісі х.ғ.д., профессор Ә.Қ. Патсаев болды. 2013 жылы «Фармакогнозия және химия» кафедрасы жанынан академияның Ғылыми кеңес шешімімен «Дәрілік өсімдіктер ғылыми зерттеу» зертханасы ашылды. Дәрілік өсімдіктер ғылыми – зерттеу зертханасының жұмысы Түркістан облысында өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеп, оның негізінде дәрілік препараттардың субстанциясын әзірлеу болды. 2018 жылы «Химия және фармакогнозия» кафедрасы жеке болып қайта құрылуына байланысты «Дәрілік өсімдіктер ғылыми зерттеу» зертханасы «Фармакогнозия» кафедрасына бекітілді.
«Химиялық пәндер» кафедрасы 2018 жылдың 14 сәуірінде қайта құрылды. Конкурс бойынша кафедра меңгерушісі х.ғ.к., профессор м.а. Дәуренбеков Қ.Н. тағайындалды. Кафедрадағы негізгі оқу курстары: «Фармация» мамандығы бойынша 1,2 курс студенттері келесі пәндерді: бейорганикалық химия; органикалық химия; аналитикалық химия; физколлоидтық химия, «Фармация өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша: бейорганикалық және физикалық химия; органикалық химия; аналитикалық химия. «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология» мамандығы бойынша 1 курс және алыс шетел студенттері «Адамның физиологиялық процестерін құрылымдық ұйымдастыру» модулі бойынша «Химия» және «Гендер және тұқымқуалаушылық» модулі бойынша «Биоорганикалық химия» пәндерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды. «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 1 курс студенттері «Химия» пәні оқытылады. Кафедрада оқытылатын жаңа элективті пәндер тізімі жыл сайын жаңартылып отырылады.
Соңғы 5 жылда кафедраның профессор оқытушылар құрамы «Органикалық химия» оқулығын (І,ІІ,ІІІ том), «Аналитикалық химия» оқу құралын, «Органикалық химия» оқу құралын, «Химия» оқу құралдарын қазақ және орыс тілдерінде және «Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер» монографиясын баспадан шығарды.
Кафедраның ҒЗЖ–сы біріккенге дейін екі бағыт бойынша жүзеге асырылды.
1) «Химиялық пәндерді оқытуда оқытудың белсенді әдістерін іздеу және енгізу»
2) «Түркістан облысы флорасында өсетін халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктерді зерттеу»
2019-2024 оқу жылдары арасығында Химиялық пәндер кафедрасында 70 астам ғылыми мақалалар мен тезис, баяндамалар баспадан шығарылды.
Кафедра меңгерушісі Дәуренбеков Қанат Нарбекұлы - х.ғ.к., профессор м.а., ғылыми – педагогикалық стажы 34 жыл. 1990 жылдың тамыз айынан 1993 жылдың қыркүйек айына дейін А.Бектуров атындағы «Химиялық ғылымдар институтында» ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1993 жылдан 2007 жылдар аралығында ШМФИ ның қарамағындағы ҒЗО –да ғылыми қызметкер болып, ОҚММА-ның «Химия» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, химия кафедрасының доценті және медицина факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды.
2007–2009 жылдар аралығында Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінде оқу-ісі жөніндегі проректоры, 2009–2013 жылдар аралығында Аймақтық әлеуметтік инновациялық универсітінің оқу-ісі жөніндегі проректоры және 2013-2014 жылдары ректор қызметін атқарды. 2014 жылдан бастап «Химия және ФГЗ» кафедрасында профессор м.а. лауазымында жұмыс істеді, 2018 жылы конкурс негізінде «Химиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды және 2018–2021 жылдар аралығында ОҚМА-ның «Фармация» факультеті деканы қызметін атқарды. Дауренбеков Қ.Н. 6 оқулық, 1 монография, 130 – дан астам ғылыми мақалалардың, 12 оқу құралдары мен 6 типтік бағдарламалардың авторы.


Кадрларды дайындау және жастарды тәрбиелеу ісінде елеулі жетістіктері үшін «Ы.Алтынсарин» атындағы (2010ж.) және «Денсаулық сақтау үздігі» (2019ж.) төсбелгілерімен және академияның бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталды.


Алиханова Халия Бакадирқызы – х.ғ.к., профессор м.а.
Педагогикалық стажы 23 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде «Медицина» және «Фармация» факультеттерінің студенттеріне дәрістер оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Сонымен қатар, «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Органикалық химия пәнінен оқу әдістемелік кешендер, күнделікті, ағымдағы, қорытынды бақылау үшін сұрақтар, тест тапсырмалары дайындалды. 118-ден аса ғылыми-әдістемелік мақалалары, 5-типтік бағдарламалары, 2–оқулықтың, 1-оқу құралының авторы.Білім беру үдерісінде инновациялық әдістер: мәселелі бағытталған оқыту, TBL, CBL, қолданады. Ерен енбегі медалінің иегері, «Денсаулық сақтау үздігі» (2024ж.) төсбелгісімен, ҚР ДСМ Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Академияда ішкі аудитор. Академияда Коррупцияға қарсы, Әдеп комиссиялары мүшесі.


Ахметова Алма Абдукаримовна – х.ғ.к., доцент
Педагогикалық стажы 42 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде «Медицина» және «Фармация» факультеттерінің студенттеріне дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Әр жылдары білім беру сапасын сыртқы және ішкі бағалау стандарттарын енгізу бойынша ЖОО жұмыстарын үйлестіреді. "Базалық медициналық білім беруді Аккредиттеу және аккредиттеудегі сарапшылардың рөлі" халықаралық семинарының қатысушысы Қарағанды, 2009 ж. маусым, Копенгаген, 2009 ж. Қараша, Гданьск медициналық университетінде тағылымдамадан өтті, 2013 ж. ақпан, 2016 ж. тамыз, Professional Development Program For Higher Education Leaders of бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті Kazakhstan, мамыр 2016ж., қыркүйек 2016ж., Nazarbayev University, "авторлық қашықтық курсын әзірлеу" біліктілігін арттыру, Бельгия, 2022ж. 2014 жылдан бастап ОҚМА-да Erasmus + бағдарламасының академиялық үйлестірушісі болып табылады. ҚР ДСМ Құрмет грамотасымен, 1999 ж., "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" және "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілермен марапатталған және 2015 ж.2004 ж., Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальінің иегері, 2012 ж


Туребекова Гульзахира Андасовна - п.ғ.к., доцент м.а.
Педагогикалық стажы 26 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде «Медицина» және «Фармация» факультеттерінің студенттеріне дәрістер оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді. 125 астам ғылыми және әдістемелік басылым, 3 оқулық, 2 оқу-әдістемелік нұсқаулары және 2 типтік бағдарламасының авторы.


Дильдабекова Лаззат Анаркуловна - п.ғ.к., доцент м.а.
Педагогикалық стажы 25 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде «Медицина» және «Фармация» факультеттерінің студенттеріне дәрістер оқиды және тәжірибелік сабақтар, жүргізеді. 9-оқу-әдістемелік құралдардың, 75-тен астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.


Есиркепова Марал Махмудовна – phD докторы, доцент м.а.
Педагогикалық стажы 10 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде «Медицина» және «Фармация» факультеттерінің студенттеріне тәжірибелік сабақтар, дәрістер жүргізеді. 100- ғылыми-әдістемелік мақалалардың, 5-оқу-әдістемелік құралдың авторы.


Рысымбетова Жансая Калдарбековна - аға оқытушы, химия магистрі.
Педагогикалық стажы 20 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде «Медицина» және «Фармация» факультеттерінің студенттеріне тәжірибелік сабақтар, дәрістер жүргізеді. 25- ғылыми-әдістемелік мақалалардың, 1-оқу-әдістемелік құралдың және 2 –оқулықтың авторы.


Құлбаева Мәдина Серікқызы – оқытушы, химия магистрі.
Педагогикалық стажы 3 жыл. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Медицина» және «Фармация» факультеттерінің студенттеріне тәжірибелік сабақтар жүргізеді. 11- ғылыми-әдістемелік мақалалары бар.


Ортай Салтанат Бахытжанқызы – оқытушы, химия магистрі.
Педагогикалық стажы 1 жыл. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Медицина» және «Фармация» факультеттерінің студенттеріне тәжірибелік сабақтар жүргізеді. 2- ғылыми-әдістемелік мақалалары бар.
«Биология және биохимия» кафедрасы 1979 жылдың тамыз айында Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалының фармацевтикалық факультеті болып ашылған кезде кафедра «Ботаника жалпы биология негіздері» деп аталды.


Кафедра құрамында профессор Куандыков Е.У., б.ғ.к, доценттер С.А.Абилаев және А.У.Аханов, Майсаров Д.А., Кульбаева Б.Ж., к.м.н. Есиркепов М.М., аға оқытушылар: Жолдасов К.Т. және Дюсенбаева Ф.Б., оқытушылар Дмитриева Р.А., Алипбаева Г.С., Конысова Х.С., Жазыкбаева Г.Т., Дарипбек А.Ж. және басқалар., аға лаборант Тасова Л.С жұмыс істеді.


1992 жылы АММИ-нің филиалы Шымкент фармацевтикалық институты болып қайта құрылғаннан кейін жалпы медицина факультеті ашылды. Ботаника және жалпы биология негіздері кафедрасы «Медициналық биология және генетика» кафедрасы болып қайта құрылды.
Әр жылдары кафедра меңгерушілері қызметтерін б.ғ.к., доцент Абилаев С А. (1979-1986, 2002-2007г.), б.ғ.к., доцент Майсаров Д.А. (1986 по 1992 г., 1997 - 2002 г.), медицина ғылымдарының докторы, ҚР МҒА корр. мүшесі, профессор Куандыков Е.У. (1992 - 1997 г.) басқарды.
Биохимия кафедрасы 15.09.1994 жылы Шымкент мемлекеттік медицина институты құрамында ұйымдастырылып - құрылды.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі міндетін химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Б.С. Жайшибеков атқарды.
1997-2002 жылдары кафедраны профессор А.Ю. Юлдашев, 2002-2011жылдары профессор Шарипов К.О. басқарды.
Биохимия кафедрасында профессорлар: Шарипов К.О., Юлдашев А.Ю., Кенжебеков П.К.; доценттер: Жұмабаев У.А, Кан А.М., Аблаева З.Ю., доцент м.а.Мамбеткулова К.К., аға оқытушылар Сулеймен Р.Н., Нурумбетова Э.М., Суранчиева А.С., Ордабекова А.Б., оқытушылар–Асилбекова Г.К.; аға лаборанттар: Ибрагимов К.К., Абетаева С.Б., Шортанова К.Т; лаборант – Кудайбергенова П.Б., Бекеева Р.П. жұмыс істеді.
2009 жылы медициналық биология, биохимия және микробиология курстары біріктіріліп, «Биохимия, биология және микробиология» кафедрасы болып аталды.
Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін профессор Шарипов К.О., м.ғ.к. Есиркепов М.М., б.ғ.к. Бурабаев А.А. басқарды.
«Биология және биохимия» кафедрасын 18.04.2018-08.07.2020ж аралығында кафедра меңгерушісі қызметін PhD Ташмухамбетов Б.Ғ. басқарды. «Биология және биохимия» кафедра құрамын 09.07.2020-31.08.2020ж аралығында уақытша кафедра меңгерушісі қызметін аға оқытушы Ордабекова А.Б. атқарды.
«Биология және биохимия» кафедра құрамын 01.09.2020 ж бастап «Химиялық пәндер» кафедрасымен бірікенге дейін кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.к., профессор Есиркепов М.М. басқарды.
Кафедраның оқу-әдістемелік базасын құру мен дамуына б.ғ.к., Кульбаева Б.Ж., м.ғ.к., профессор Есиркепов М.М., х.ғ.к., Аблаева З.Ю., аға оқытушылар Жолдасов К.Т., Ордабекова А.Б., Асилбекова Г.К. Дәріпбек А.Ж. белсенді атсалысты.
Кафедрада екі денсаулық сақтау үздіктері жұмыс атқарады, олар: профессор Кенжебеков П.К. және профессор м.а. Кульбаева Б.Ж. Профессор Есиркепов М.М. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
Кафедра оқытушылары үнемі өздерінің кәсіби деңгейлерін аймақтық, республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалармен шығу арқылы, сондай-ақ БЖФ өту, семинарларға қатысу арқылы жетілдіріп отырады.


Кафедра қызметкерлері (Куандыков Е.У., Абилаев С.А., Кульбаева Б.Ж., Темирбеков А.Н.) Қазақстан дәрігерлерінің І – ІІ съездеріне, бүкілодақтық КСРО медициналық ЖОО-ның биология кафедралары меңгерушілері кеңесіне (1982 ж., Суздаль), 11 Халықаралық өсімдіктер эмбриологы симпозиуымына (Ленинград, 1990 ж.), ІІ Халықаралық өсімдіктер анатомы (С-Петербург, 1996 г.) конференцияларына қатысты.
Биология және биохимия курстары бойынша келесі білім беру бағдарламалары оқытылады:
- бакалавриат бойынша биология курсынан модуль бойынша «Молекулалық биология» және «Медициналық генетика» пәнін «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология» БББ 1 курс, «Молекулалық биология медициналық генетика негіздерімен» «Фармация» БББ 1курс;
-биохимия курсынан ҮИМО бойынша «Биохимия» пәнін «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология» БББ 2 курс білім алушылары, «Биологиялық химия» пәнін «Фармация» БББ 2 курс, қысқартылған «Фармация» БББ 1 курс, «Медициналық биохимия» пәнін «Қоғамдық денсаулық» БББ 2 курс білім алушылары білім алады;
- магистратура БББ бойынша «Медицина» магистранттары «Биомедицинаның өзекті сұрақтары», «Зертханалық зерттеу әдістерінің интерпретациясы», «Заманауи клиникалық зерттеу әдістері»,«Медицинадағы ғылыми зерттеудің әдіснамасы» пәні бойынша оқиды;
-докторантура бойынша БББ докторанттары «Жобалық менеджмент», «Ғылыми зерттеудің заманауи әдістері мен принциптері», «Зерттеу этикасы», «Ғылыми қызметтегі этика», «Ғылыми коммуникация: ауызша және жазбаша» пәні бойынша оқиды.
- резидентура бойынша БББ резиденттері «Онгологиядағы медициналық генетика» пәнін оқиды.
«Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының міндеттері:
-бакалавриат, магистратура, резидентура және ҮКДФ мамандарын кәсіби дайындау үрдісінде қазіргі заманғы инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары деңгейде білім беруді қалыптастыру;
- оқулықтар мен көрнекі оқу құралдарын 3 тілде өңдеу және енгізу, студенттер білімін бақылауды қамтамасыз ету үшін бақылау-өлшеу құралдарын өңдеу;
- оқытушылардың кәсіби деңгейін жүйелі түрде жоғарлату;
- тәлімгерлік қызмет көлемінде, дәрістер оқу және тәжірибелік сабақтар барысында, жатақханадағы кезекшілік уақытында студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізу;
«Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының ғылыми бағыттары:
- химиялық пәндерді оқытуда оқытудың белсенді әдістерін іздеу және енгізу;
-Түркістан облысы флорасында өсетін халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктерді зерттеу;
- адамды цитогенетикалық әдіспен зерттеудің апробациясы (кариотипирование пациентов);
- адамдар мен жануарлар генін зерттеу үшін ДНҚ және РНҚ-ны бөлудің жаңа әдістерін енгізу;
- регенерациялық процесстерді оқып-үйрену;
- конституция типтерін анықтау мақсатында Түркістан облысының тұрғындарын антропометрикалық зерттеу;
- публикациялық этика мәселелері жұмыстарын жүргізу.


Қазіргі таңда «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасында 35 қызметкер жұмыс атқарады, соның ішінде 3 профессор, 7 профессор м.а., 6 доцент м.а., 9 аға оқытушы, 3 оқытушы, 7 аға лаборанттар.

 

Кафедра құрамы

1. Дауренбеков Канат Нарбекович – кафедра меңгерушісі, профессор м.а.
2. Есиркепов Марлен.Махмудович - профессор.м.ғ.к.
3. Нурмашев Бекайдар Калдыбаевич - профессор.м.ғ.к.
4. Кенжебеков Пернебек Кенжебекович - профессор
5. Темирбеков Анвар Низамидинович – профессор м.а.
6. Аблаева Захро Юлдашевна - профессор м.а.
7. Кан Аврора Михайловна - профессор м.а.
8. Кульбаева Ботакоз Жакупбеовна - профессор м.а.
9. Алиханова Халия Бакадировна - профессор м.а.
10. Туребекова Гульзахира Андасовна – доцента м.а.
11. Дильдабекова Лаззат Анаркуловна - доцента м.а.
12. Есиркепова Марал Махмудовна - доцента м.а.
13. Бурабаев Асилбек Амирбекович - доцента м.а.
14. Алипбаева Гулназия Сейдалиевна - аға. оқытушы
15. Ордабекова Асмира Балтабаевна - аға. оқытушы
16. Асилбекова Гулшахар Кенесбековна - аға. оқытушы
17. Бейсебаева Ляззат Мухтаровна - аға. оқытушы
18. Қанжігітова Мөлдір Жарқынбекқызы - аға. оқытушы
19. Еркекулова Калия Кудайкуловна - аға. оқытушы
20. Жиенбаева Алия Айтбаевна - аға. оқытушы
21. Құлбаева Мәдина Серікқызы – оқытушы
22. Ортай Салтанат Бақытжанқызы – оқытушы
23. Абдирова Тюльпан Орысбаевна - оқытушы

Лаборантттар:


1. Нәзікбаева Жазира Әбдіқалыққызы –аға. лаборант
2. Абетаева Салтанат Бекмаханбетқызы - аға. лаборант
3. Катчанова Айгерім Болатқызы - аға. лаборант
4. Стаева Гаухар Акилбековна - аға. лаборант
5. Сарсенова Галия Омаровна - аға. лаборант
6. Қасымбай Луиза Армановна - аға. лаборант

 

 

 

 

11.11.2024, 12:48
89 қаралым