Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасы

 

1210 1

 

 

Кафедра тарихы

 

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының неврология кафедрасы 1994 жылы құрылған. Кафедра құрылған күннен бастап Г.А. Дущанованың басқаруымен кафедрада ассистенттер Палачкина .Т.В., Пааль В.Э., Бекенов О.К., аспиранттар Тубанова М.А., Диханбаева Г.А. және клиникалық ординаторлар Туксанбаева Г.У., Байтуреева Г.С. қызмет атқарған.
Қазіргі таңда кафедрада бакалавриат студенттері, интерн- дәрігерлер және резиденттер білім алуда. Кафедра коллективі негізгі - оқу-әдістемелік, емдеу-диагностикалық (клиникалық), ғылыми-зерттеу және тәлім-тәрбиелік бағыттарда жұмыс атқаруда.
Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты-жоғары білікті дәрігер кадрларды дайындауға қатысу. Студенттер мен дәрігер-интерндер кафедрада өздерінің курсына тән пән бойынша білім алады. Жыл сайын кафедрада неврологияның өзекті мәселелері және дәрігер-невропатологтарды алғашқы дайындықтан өткізу бойынша циклдар жүргізіледі.
2005 жылдан бастап кафедрада медициналық кадрларды дайындауда халықаралық сапа стандарттары енгізілді. Жоғары білімге қойылатын замануи талаптарға сай кафедра оқу үрдісіне білім берудің инновациялық технологияларын енгізуде.
Кафедра үнемі оқу үрдісінің әдістемелік базасының нығаюына ат салысады, 25 оқу – әдістемесі жарияланды, неврология, инейрохирургия және аралық пәндер бойынша 12 типтік бағдарлама өңделіп шығарылды.
Кафедра өзінің құрылған уақытынан бері Қазақстан Республикасының неврология ғылымының дамуында өзінің үлесін қосып келеді.1 докторлық және 14 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Кафедраның ғылыми зерттеулерінің нәтижесі 400 отандық және шетелдік баспаларда жарияланды, оның ішінде 2 монография, қазақ және орыс тілдерінде 16 оқу-әдістемелік нұсқаулықтар және 1 оқулық жарияланды.
Кафедра үнемі оқу үрдісінің әдістемелік базасының нығаюына ат салысады, 25 оқу – әдістемесі жарияланды, неврология, инейрохирургия және аралық пәндер бойынша 12 типтік бағдарлама өңделіп шығарылды.
2018 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., профессор м.а. Н.А.Жаркинбекова тағайындалды.

 

 

1210 2

 

 

Кафедра міндеттеріне:

- бакалавриат,интернатура, резидентура және ҮДФ мамандарын дайындауда кафедраның негізгі міндеттерін орындауға бағытталған заманауи инновациялық технологияны қолдана отырып пәнді жоғарғы деңгейде меңгеруді қамтамасыз ету;
- оқу және көрнекті құралдарды өңдеп,енгізу,студенттердін білімін анықтауды қамтамасыз етуге арналған бақылау-анықтау жолдарын дайындау;
- мұғалімдердің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіру;
- дәріс оқу барысында,тәжірибелік сабақ және жатақханада кезекшілік барысында тәрбие жумыстарын жүргізу.

 

Негізгі оқу бағыттары:

- Бакалавриат

- Интернатура

- Резидентура

- ҮКДФ

 

Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының пәндері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.
Силлабустар, тест сұрақтары және дәріс кешендері жыл сайын жаңартылады.
Кафедра коллективі неврологияның өзекті мәселелерінің әр түрлі бағыттарында ғылыми іздену үстінде.
Кафедра мұғалімдері өздерінің кәсіби деңгейлерін үнемі жоғарлату үстінде, аймақтық-республикалық және халықаралық деңгейлердегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндама жасайды, республикалық және академияішілік семинарлардың жұмысына қатысады.
Кафедра коллективі неврологиядағы мәселелерді шешудегі дүниежүзілік тәжірибені қолдана отырып үнемі ғылыми ізденіс үстінде, өзіміздің ғылыми зерттеулеріміздің нәтижелері өз елімізді және шет елдерде бірнеше рет лайықты деңгейде көрсетілді. Кафедра қызметкерлері Ресейдің, Германияның, Швецияның, Венгрияның, Чехияның, Австрияның, Бельгияның, Испанияның көптеген халықаралық форумдарына қатысты.
Қазіргі таңда кафедрада ООО «НПФ Материя Медика Холдинг» біріге отырып, «Стресс және басқа да невротикалық бұзылыстармен байланысты науқастарды емдеуде препаратардың әр түрлі схемаларын эффективтілігі мен қауіпсіздігін параллельді топтарда халықаралық көпорталықтық қосарланған соқыр плацебо-бақыланатын рандомизирленген, клиникалық зерттеулер» жүргізу үстінде.
2017 жылдың ақпанында Мәскеу қаласында осы зерттеу бойынша тренинг жүргізілді., онда кафедраның 3 қызметкері қатысып, Good Clinical Practice (GCP) сертификатын алды.
Кафедра түрлі конференциялардың, семинарлардың, конгрестердің, үйірмелердің және шеберлік сыныптарының ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы болып табылады.
2018 жылғы 14-15 қыркүйекте Шымкентте біздің кафедра Халықаралық қатысуымен "Паркинсон ауруы және қозғалыс бұзылыстары бойынша I Орталық Азия конференциясы" халықаралық конференциясын ұйымдастырды, оған Лондон, Түркия, Испания, Эстония, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения профессорлары қатысты.

2019-2020 оқу жылының басынан бастап кафедра "Түркістан облысындағы Паркинсон, Хантингтон хореясы, атаксия және дистонияның эпидемиологиялық және клиникалық-генетикалық талдауы" тақырыбында ғылыми зерттеуге кірісті, сондай-ақ кафедра қызметкерлері "Көпсалалы ауруханалардың қарқынды терапия, нейрохирургия және неврология бөлімшелерінде ми өлімінің диагностикасын жақсарту және Оңтүстік Қазақстанда транспланттауды үйлестіру қызметін дамыту" тақырыбында ғылыми жобамен жұмыс істеуде.
Кафедра түрлі конференциялардың, семинарлардың, конгрестердің, қоғамдар мен шеберлік сыныптарының ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы болып табылады.
2021 жылғы 18-19 қарашада Шымкентте біздің кафедрамыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Пәнаралық неврология" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды, онда Жақын және Алыс шетелдерден спикерлер сөз сөйледі.
2022 жылғы 31 наурыз – 1 сәуір аралығында Шымкентте "Оңтүстік Қазақстандағы клиникалық неврология мектебі" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, онда қозғалыс бұзылыстарының, эпилепсияның, инсульттің өзекті мәселелері және балалар неврологиясының мәселелері талқыланды.

 

29.06.22 № 53 бұйрықпен кафедра атауы "Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия " кафедрасы болып өзгертілді.

 

Қазіргі таңдағы кафедра құрамы:
1 Жаркинбекова Н.А. - м.ғ.к., профессор
2 Туксанбаева Г.У. - м.ғ.к., профессор м.а.
3 Мустапаева Г.А. - м.ғ.к., доцент
4 Еркебаева С.К. - доктор PhD, доцент м.а.
5 Балтабаева Ш.А. -  доктор PhD, доцент м.а.
6 Бахтияров А.К. - доцент
7 Медетов Е.Ж. - доцент м.а
8 Кульмирзаев М.А. - доцент м.а
9 Чумаков С.А. - доцент м.а.
10 Қайыржанов Р.Б. - ассистент
11 Асылбек М.И. - ассистент
12 Токурзаева Р. С. - ассистент
13 Сулейменова З.С. - ассистент
14 Сулейменов М.А. - ассистент
15 Муминова Р.К. - ассистент
16 Есетова А.А. - ассистент
17 Мусаева С.К. ассистент
18 Аманова Э.О. ассистент
19 Сайтмуратов Х.А. ассистент
20 Шилменова Н.С. аға лаборант
21 Жакыпова С.М. аға лаборант
22 Жумабекова Ш.Д. лаборант

 

 

Мекен-жайы және байланыс ақпараттары:
Адрес: № 2 Қалалық ауруханасы, Жандосов көшесі 92
e-mail: кafedranevrologii@bk.ru

 

 

 

 

 

30.09.2020, 10:22
2049 қаралым