Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасы

1237 3

Кафедра тарихы

2004 жылдың тамызында Ғылыми кеңестің шешімі бойынша, ОҚММА-да «Мейірбике ісі негіздері және анестезиология - реаниматология» кафедрасының негізі қаланды. Кафедраның меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Әлдешов Алмас Әлдешұлы бекітілді.
Кафедра базасы облыстық клиникалық ауруханада орналасты. Кафедра құрамына келесі қызметкерлер кірді: доцент, м.ғ. к. Н. А. Бубеев, ассистенттер Е. И. Милешина, Э. З. Баймуханбетова, оқытушылар Н. Р. Джуманкулова, Д. Д. Ешимбетова, М. А. Искакова, М. О. Канлибекова. Кафедра қызметкерлері кафедра базаларында науқасты емдеуде, тәжірибелік және консультативтік көмекте, сонымен қатар басқа медициналық ұйымдарда санавиация желісі бойынша үлкен көмек көрсетті. Кафедра қызметкерлері 200-ден астам мақала жариялап, 1 оқулық пен 6 оқу-әдістемелік құрал шығарды. 2009 жылы ОҚММА ОҚМФА болып қайта құрылуына байланысты, кафедра «№ 2 хирургиялық пәндер» кафедрасына «анестезиология-реаниматология және мейірбике ісі негіздері курсы» атауымен қосылды. 2010 жылдың тамыз айында 27.08.2010 ж. №108 бұйрығымен "Анестезиология және реаниматология курсымен мейірбике ісі" кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра атауы 2017 жылы «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі», 2023 жылы -  "Шұғыл медицина және мейіргер ісі" кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедра міндеті: "Жалпы медицина", "Ересектер және балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы", "Мейіргер ісі" (бакалаврлар мен магистранттар), "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Фармация" білім беру бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес келетін терең теориялық және практикалық дайындығы бар, берік кәсіби білімі мен дағдыларға ие мамандарды даярлау.
Кафедрада "Ересектер және балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы" білім беру бағдарламасының 1-3 курс резидент дәрігерлері, "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасының 5 курс студенттері, "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері, оның ішінде жеделдетілген оқу бағдарламасының (10 ай және 2,5 жыл), "Қоғамдық денсаулық сақтау","Фармация" білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері, "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының 1-2 жыл магистранттары білім алады. Пәндер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады.
Кафедраның ПОҚ оқу-әдістемелік, ғылыми, клиникалық, тәрбие жұмыстарын орындайды.
Кафедра қызметкерлері Erasmus+ бағдарламасының "AccelED - Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және Phd докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру" жобасы бойынша ОҚМА командасының мүшелері болып табылады. Erasmus + AccelEd жобасы ЕО-мен бірлесіп қаржыландырылады және жоғары білім берудің әлеуетін арттыру мен реформалау үшін инновациялық жобаларды іске асырады. Жоба аясында конференциялар, семинарлар, мастер-кластар өткізіледі. AccelED жобасының ОҚМА командасы барлық іс-шараларға белсене қатысып, халықаралық конференцияларда баяндамалар жасап отырады. Жоба аясында оқытушылар (Финляндия, Ювяскюля қаласы) мен магистранттардың (Литва, Каунас қаласы) тағылымдамалары ұйымдастырылды. 

 

"Ересектер және балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы" білім беру бағдарламасының миссиясы

Дәрігер-резиденттің оқу нәтижелеріне қол жеткізу барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, денсаулық сақтау жүйесі мен қоғамды жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігерлермен қамтамасыз ету.


6В10104 "Мейіргер ісі"білім беру бағдарламасының миссиясы

Халықаралық және заманауи қоғамның талаптарына сәйкес жаңа формациядағы жоғары білікті бәсекеге қабілетті мейіргер ісі мамандарын даярлау.


"Мейіргер ісі" магистратурасының білім беру бағдарламасының миссиясы

Қазіргі заманғы ғылым мен практика негізінде құзыреттілік пен шығармашылық бастаманы тұрақты дамыту арқасында оңтүстік өңір мен республика деңгейінде жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мейіргер ісінің магистрлерін дайындау.


 

1237 2

"Шұғыл медицина және мейіргер ісі" кафедрасының меңгерушісі
СЕЙДАХМЕТОВА АЙЗАТ ӘШІМХАНҚЫЗЫ

 

 

Сейдахметова Айзат Әшімханқызы – "Шұғыл медицина және мейіргер ісі" кафедрасының меңгерушісі (2015 жылдан бастап), м.ғ.к., жоғары санатты терапевт дәрігер.
250 - ден астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде - импакт фактормен, өнертабысқа патенталды мақалалар, 8 интеллектуалдық меншік туралы куәлік, 7 оқу құралы мен 3 электрондық оқулық, 2 типтік бағдарлама мен клиникалық жағдайдың бірлескен авторы.
"Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі» мен "Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігнің" ұлттық сарапшысы.
Мейіргер ісі мамандарын даярлау жүйесін дамыту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болып табылады, "Медициналық білім беруді жаңғырту", "ҚР-да мейіргер ісін дамытудың кешенді жоспары" атты жол карталарын іске асыру жөніндегі жобалау тобының, "Медициналық этиканы және медицина қызметкерлерінің коммуникативтік дағдыларын дамыту бағдарламасын әзірлеу және енгізу" жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіреді және тренер болып табылады. ЖОО ішіндегі сапа жөніндегі комиссияның сарапшысы, мейіргер ісі бойынша ЖБТ (жобаларды басқару тобы) төрағасының орынбасары, МІ БББК (Мейіргер ісі білім беру бағдарламаларының комитеті) төрағасы, бакалавриат, магистратура бойынша "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының эдвайзері. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша сарапшысы.
Эрасмус+ ModeHEd, AccelEd халықаралық бағдарламаларының жобасын әзірлеушісі және академиялық үйлестірушісі. Гранттық ҒТБ-ның аға ғылыми қызметкері.
Съездерде, конгрестерде, халықаралық конференцияларда, жұмыс берушілермен дөңгелек үстелдерде баяндама жасап отырады.
Марапаттары: «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгі, медицина қызметкерлері күніне орай алғыс хат, халық денсаулығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің алғыс хаты, JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің алғыс хаты (Финляндия). "Бұхара мемлекеттік медицина институтының" құрметті профессоры.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедра үздіксіз даму факультетінің тыңдаушылары, магистранттар, резиденттер, ОҚМА бакалавриат студенттері үшін білім беру бағдарламалары бойынша оқу үрдісін қамтамасыз етеді.
Кафедраның білім беру және оқу-әдістемелік жұмысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілеріне, білім алушылар мамандықтарының үлгілік бағдарламаларына, оқу жылының басында бекітілген дәрістердің, практикалық сабақтардың, СОӨЖ, СӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспарларына, жоспарлы педагогикалық жүктемеге, кафедраның әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Оқу үрдісінің сапасын арттыру мақсатында кафедрада студенттердің білім деңгейін және оқыту деңгейін тұрақты түрде арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Студенттердің білім деңгейін арттыру кафедраның материалдық-техникалық және клиникалық базасын жақсарту, оқыту барысында кафедраның ПОҚ-ның заманауи инновациялық технологияларды пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.
Оқыту деңгейін арттыру мақсатында кафедраның ПОҚ республикалық және халықаралық деңгейде клиникалық және педагогикалық біліктілікті арттырудан өтіп отырады.

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмысы барысындағы ғылыми басымдықтары мейіргер ісін жетілдіру және жаңғырту, анестезиология және реаниматология, ішкі медицина, жедел медициналық көмек мәселелері болып табылады.
Кафедрада профессор оқытушылар құрамы, "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының магистранттары, "Ересектер және балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы" білім беру бағдарламасының резиденттері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Орыс және мемлекеттік тілде 7 оқу құралы, 2 электронды оқулық шығарылды, әр түрлі басылымдар мен ғылыми конференциялар жинақтарында жүйелі түрде ПОҚ мақалалары мен тезистері жарияланады, студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді.
Кафедраның ПОҚ "Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы" проблемалық-мақсатты қаржыландырудың ғылыми бағдарламасындағы (ПЦФ) зерттеу тобының мүшелері болып табылады. ҒТБ 2021 - 2023 жылдарға арналған. Жетекші және ғылыми қызметкерлер ретінде 1.1-қосымша тапсырма бойынша жұмыс атқарады: "Әлеуметтік-экономикалық, психоәлеуметтік және мінез-құлық факторларының негізгі созылмалы инфекциялық емес аурулар мен COVID-19 қамтитын Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына әсерін кейіннен басқарушылық шешімдерді әзірлей отырып эпидемиологиялық зерттеу " тақырыбы бойынша: "Қазақстан Республикасында инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларының таралуы: көлденең зерттеу".

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:

Сейдахметова Айзат Әшімханқызы - кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент
Алдашев Алмас Алдешұлы - м. ғ. к., профессор м.а.
Жұмабаев Төлебай Жұмабайұлы – м. ғ. к., доцент м. а.
Султанова Жанат Сарсеновна - ассистент
Ходжакулова Умида Абдывалиевна - ассистент
Аблатаева Рашида Бахадыровна - ассистент
Ерімбет Бекзат Мыңбайұлы  - ассистент
Юсупова Шахназа Давранбековна - ассистент
Оспанбек Айгүл Кеңесқызы - ассистент
Жақанша Ләззат Жамурқызы - ассистент
Юнусметов Элдор Шавкатович - ассистент
Ауезханқызы Дана - ассистент
Сайтмуратов Хуршид Абдиманапович - ассистент
Жұманова Ақмаржан Тимурқызы - ассистент
Құлан Аңсаған Мухтарқызы - аға лаборант
Амангелді Гүлшат Артыққызы - аға лаборант


Және резиденттердің клиникалық тәлімгерлері болып табылатын Шымкент қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің анестезиолог-реаниматолог жетекші мамандары.

 

 

Кафедра келесі мекен-жайда орналасқан:

Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының №4 қосалқы бекеті, ШЖҚ №2 Қалалық клиникалық ауруханасы, мейіргерлік күтім ауруханасы (Водопьянова көшесі, 1).
Эл.мекен-жайы: sestrinskoe_delo@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

30.09.2020, 11:45
2536 қаралым