Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

 

соц.гум.дисп 1

 

Кафедра тарихы: Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының тарихы 1979 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалының құрылуынан басталады, оның құрылымында «КОКП тарихы» кафедрасы ашылды. Кафедра қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 2015 жылдан бері өз тарихын жүргізіп келеді. Кафедрада барлық мамандықтардың бакалавриат студенттері, магистранттар үшін оқыту жүргізіледі. Оқыту үш тілде жүргізіледі: мемлекеттік, орыс, ағылшын. Қазіргі уақытта кафедра штатында 11 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 3 оқытушы қос қызметтілік бойынша және 2 аға зертханашы жұмыс жасауда. Оқытушылардың ішінде: 5 ғылым кандидаты, 1 PhD кандидаты, 3 магистр дәрежесіндегі оқытушылар студенттерге білім беруде.

 

 

соц.гум.дисп 2

Кафедра меңгерушісі тарих ғылымы кандидаты, доцент м.а. Аширов Шадияр Алдиярұлы.

 

 

Кафедраның міндеттері: Кафедраның міндеттері: Құзыреттілікті үздіксіз арттыру және шығармашылық бастаманы дамыту жолымен медициналық және фармацевтикалық саладағы тез өзгеретін жағдайларға бейімделуге дайын қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде Оңтүстік өңір мен жалпы ел үшін медициналық және фармацевтикалық бейіндегі жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Студенттерді қазіргі қоғамның философиялық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құбылыстары мен процестерін талдауға үйрету, дүниетанымдық, әдіснамалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал ету және алған білімдерін кәсіби салада іс жүзінде сауатты қолдана білуге үйрету.

 

Негізгі оқу курстары

Бакалавриат:

- Философия

- Әлеуметтану және саясаттану

- Құқықтық, экономикалық, экологиялық және ғылыми білімдер

Магистратура:

- Ғылым тарихы мен философиясы

- Басқару психологиясы

 

Барлық мамандықтардың бакалавриат және магистратура студенттері үшін пәндер қазақ, орыс тілдерінде, сондай-ақ «Жалпы медицина» мамандығының студенттері үшін ағылшын тілінде оқытылады.

 

Оқылатын пәндердің жаңартылуы: Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы студенттермен барлық мамандықтарда қазақ, орыс тілдерінде, сондай-ақ «Медицина» мамандығының студенттері үшін ағылшын тілінде сабақ жүргізеді.

 

Кафедрадағы әдістемелік жұмыстар оқытылатын пәндердің қажет материалдармен толық қамтамасыз етілу мақсатында жүргізіледі. Кафедра оқытушылары ОҚМА кітапхана қорында бар оқу-әдістемелік басылымдардың авторлары болып табылады:
1. С.М. Тасқымбаева «Экономикалық теория негіздері» оқу құралы. Шымкент, 2011ж. 220 к.
2. Таскымбаева С.М., Каратаева Ф.М. «Основы экономической теории» уч. пособие.- Караганда. Изд. «Акнур» - 2017 г. 90 к.
3. Қ.Б Кемельбеков, З.Ш Оразымбетова., А.С. Еркинбекова, М.Т. Дүйсебаев «Дінтану» уч. пособие. - Алматы: «Эверо» 2017г. 100 к.
4. Ш.А. Аширов Философия: оқу құралы / Қарағанды: Medet Group, 2023. - 284 б. 1 к.
5. Қ.Б Кемелбеков, З.Ш. Оразымбетова Философия: оқу құралы. Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, 2021-260 бет. 1 к.
6. Әлеуметтану: оқу құралы / М.А. Ертаев, С.М. Тасқынбаева, Ф.М. Қаратаева. - Қарағанды: ЖШС «Medet Group», 2020. - 330 б. 1 к.
7. Ертаев М.А. Социология [Текст]: учебное пособие / Караганда: Medet Group, 2021. - 260 с. 2 к.
8. Sabitov T.Zh. Sociology: textbook / Karaganda: LLP. «Medet Group», 2020. - 310 p. 1 к.
9. М.А. Жанысбеков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері: дәрістер кешені / ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі». ОҚМФА. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер». - Шымкент: [б. и.], 2015. - 101 б. 40 к.
10. Жанысбеков М.А. Основы антикоррупционной культуры: учебно-методическое пособие / - Караганда: АҚНҰР, 2016. – 198. 40 к.
11. Аширов Ш.А. «Философия» учебное пособие - Караганда: Medet Group, 2023. - 260 с. 1 к.
12. Таскымбаева С.М., Қаратаева Ф.М. «Основы экономической теории» учебное пособие. Караганда: Medet Group, 2023. - 240 с. 1 к.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «Рухани Жаңғыру – Қазақстанды арманға бастайтын жол» атты ғылыми бағытымен жұмыс атқарады. Кафедра оқытушылары жыл бойына республикалық және халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция деңгейінде мақалаларын жариялап отырады. Үстіміздегі жылы 2 оқу құралы және 20 дан астам ғылыми мақалалар жарияланды. Кафедра оқытушылар құрамы студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысуға тартып отырады.

 

Кафедраның ғылыми басымдықтары:

Кафедрада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғылыми жобамен жұмыс атқарылады.

1. Оңтүстіктің киелі орындары.

2. Туған жерге тағзым.

3. Тұлға ескерткіштері – рухани дамуымыздың негізі ретінде.

4.Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет.

 

Қазіргі уақытта кафедрада жұмыс істейді:

1. Аширов Ш.А. - т.ғ.к., доцент м.а., кафедра меңгерушісі;
2. Ертаев М.А. - социол.ғ.к., профессор м.а.;
3. Жанысбеков М.А. - т.ғ.к., доцент м.а.;
4. Курманбаев У.Т. - т.ғ.к., доцент м.а.;
5. Туребаев О.А. – ф.ғ.н., доцент м.а (совм.);
6. Қорғанова С.С. – ф.ғ.н., доцент м.а (совм.);
7. Джумагулова Г.Ш. – п.ғ.н., и.о. доцента (совм.);
8. Қаратаева Ф.М. - э.ғ. магистрі, аға оқытушы;
9. Сабитов Т.Ж. - т.ғ.магистрі, PhD кандидаты, аға оқытушы;
10. Абдрасилова С.Т. - саясаттану магистрі, аға оқытушы;
11. Бұрхан М.А. - әлеуметтік ғ. магистрі, аға оқытушы;
12. Турматова А.Б. - аға зертханашы;
13. Серікпай Б.М. - аға зертханашы.

 

 

Мекен-жайы және байланыс ақпараты:

Түркістан көш., 10

Телефон (АТС): +77252536782

E-mail: sh.ashirov@skma.kz

 

 

 

 

30.09.2020, 12:12
1940 қаралым