Мейіргер ісі - 1 кафедрасы

 

 

Кафедра тарихы

 

2020 жылдың тамызында Ғылыми кеңестің № 65 27.08.2010ж бұйрығы бойынша, ОҚМА АҚ-да «Мейіргер ісі» кафедрасының негізі қаланды. Кафедраның меңгерушісі болып «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі Серикова Багдат Джулдибаевна тағайындалды.

 

 

 

 

22.08.2023 жылдан бастап Ғылыми кеңестің № 77 бұйрығы бойынша кафедра «Мейіргер ісі-1» кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра медицина колледжінің базасында орналасқан.


«ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінің қолданбалы бакалавриат 09130100 «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының (ББ) миссиясы колледж миссиясын толықтырады және денсаулық сақтаудағы әлемдік және қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін, тәжірибелік қызметке бағдарланған, білікті мейіргер мамандарын даярлауға бағытталған.


Міндеттері:

• «Мейіргер ісі» мамандығының оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес студенттердің оқуын оқу, әдістемелік, клиникалық, тәрбие жұмысын, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру.
• Теориялық мәселелерді зерделеуді және практикалық қызметте қажетті практикалық дағдылар мен іскерліктерді меңгеруді қамтамасыз ету.
• Жоғары білікті мейіргер ісі мамандарын даярлау.
• Практикалық денсаулық сақтау үшін іргелі және басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық технологиялардың алынған нәтижелерін енгізу.


Кафедрада «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың 1-4 курс студенттері оқиды. Пәндер қазақ және орыс тілдерінде оқытылады. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми басымдықтары мейіргер ісіндегі ғылыми зерттеулерді дамыту болып табылады.


Негізгі оқу курстары:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргерлік мамандық
Мейіргер ісіндегі инфекциялық бақылау
Пациенттің жағдайын клиникалық бағалау
Геронтологиялық мейіргер ісі
Әлеуметтік маңызы бар аурулар
Паллиативтік көмек және онкологиялық бейіндегі пациенттерге күтім жасау
Үй жағдайындағы мейіргерлік күтім
Денсаулықты нығайту
Пациенттерді үйрету
Шұғыл көмек
Мейіргер ісі негіздері
Мейіргер ісіндегі жоспарлау принциптері мен зерттеулер жүргізу
Функционалды мүмкіндіктерін жақсарту
Мамандандырылған мейіргерлік күтім
Курстық жұмысты орындау
Мейіргерлік үрдіс
Мейіргер ісіндегі менеджмент
Дәлелді мейіргерлік практика
Коммуникативті дағдылар


Оқу-әдістемелік жұмыс.

Кафедраның оқу және оқу-әдістемелік жұмысы кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Кафедра мәжілістерінде КІБ жоспарына сәйкес студенттердің сабақ үлгерімі мен қатысуы, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарлары, ғылыми және тәрбие қызметі мәселелері қаралады.

Кафедрада оқытылатын пәндер бойынша ПОӘК-тің барлық кешені әзірленді. Емтихандарды өткізу үшін әрбір оқу жылында барлық тест сұрақтары, ОҚКЕ, ОҚТЕ үшін әдістемелік нұсқаулар жаңартылады және сараптама комиссиясынан өтеді. Оқу процесінде инновациялық интерактивті оқыту әдістері кеңінен қолданылады.

 

Қазіргі уақытта кафедрада жұмыс істейді:

 

Профессор-оқытушылар құрамы:

Шоланбаева Назерке Жорабекқызы – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша м.ғ.м.
Хайдаркулова Гулноза Ахмаджановна - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша м.ғ.м.
Кадырова Жанар Нұржауқызы - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша м.ғ.м.
Аман Балнұр Жақсымұратқызы - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша м.ғ.м.
Сапарова Гульсим Даулетовна – «Менеджмент» мамандығы бойынша м.ғ.м.
Жулбарисова Гулзада Уразқызы - оқытушы
Әбдіғани Алтынай Нұрбекқызы - оқытушы
Тоқбай Арайлым Әбдікерімқызы - оқытушы
Қуаныш Ақбота Бақытжанқызы – оқытушы
Бақтияр Айгуль Өтегеновна – оқытушы
Сейілхан Айдана Сейілханқызы – оқытушы
Құлжанова Жансұлу Еркінбекқызы – оқытушы

 

Оқу-көмекші персонал:

Есназарова Жанна Кадировна - аға лаборант
Абдраманова Салтанат Алимкуловна- аға лаборант
Тулаганова Закира Зулпикаровна- лаборант
Әміртай Сымбат Тимурқызы- лаборант

 


Мекен-жайы және байланыс деректері.
Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы, 3, корпус -2, 0-этаж, 13 кабинет
E-mail: sestrinskoedelo2020@mail.ru

 

 

 

 

13.08.2021, 02:16
3125 қаралым