Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы

 

 

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы (СДХЫ) Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының (ОҚМА) стратегиялық бағыттарын қалыптастыру, ОҚМА халықаралық қызметі мен сыртқы байланыстарын ұйымдастыру және нығайту, сондай-ақ ОҚМА-да білім беру жобаларын басқару және сапа саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиімді сапа менеджменті жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар кешенін өткізеді.


СДХЫ басқармасының тапсырмалары:

• ОҚМА стратегиялық бағыттарын, ОҚМА сапа саласындағы миссиясы мен саясатын әзірлеу;
• білім беру бағдарламаларын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру;
• білім, ғылым, визитинг-профессорлар саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын, шарттарды (келісімдерді) орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру, 
• ПОҚ мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру бойынша қызметті, инспекциялық және ресертификаттау аудит жұмыстарын, ЖОО-ның рейтингтерге қатысуы бойынша жұмысты үйлестіру. 
• стратегиялық әріптестік бағдарламасының іске асырылуын бақылау;
• ОҚМА сыртқы байланыстарын қамтамасыз етуге қажетті шығындарды болжау.

 

 

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы

Ахметова Алма Әбдікәрімқызы

 

 

СДХЫ басқармасының құрамына мыналар кіреді:

•    Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі;
•    Сапаны қамтамасыз ету және мониторинг бөлімі.

 

Бөлімнің байланыс деректері:
E-mail: alma_ukgma@mail.ru   
Жұмыс кестесі: 9:00-ден 18:00-ге дейін
Үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін

 

 

 

 

 

09.09.2022, 12:27
998 қаралым