Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы

1227 1

 

Кафедра тарихы

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы 1981 жылы құрылды.Кафедраны 1981-1989 ж.ж. АММИ филиалының директоры, фарм.ғ.к., доцент Е.Т. Тегісбаев басқарды. 1989-2012жж. кафедраны ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, фарм.ғ.д., профессор Т.Ә. Арыстанова басқарды. 2012ж. бастап кафедраны фарм.ғ.д., профессор С.Қ. Ордабаева басқарады.

1227 2

Ордабаева Сауле Кутымқызы - фарм.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі

 

Кафедраның құрылуы мен дамуына Б.Х. Рахимова, Н.В. Меркушева, Б.Т. Мендібаев, Р.Д. Кадырова, Р.М. Мырзабаева, Е.В. Задорожная, Т.А. Арыстанова, А.Б.Шүкірбекова, Г.А. Маралбаева, Е.Г. Махова және бүгінгі таңға дейін қызмет жасап жүрген А.О.Сопбекова, С.К. Ордабаевалар орасан зор үлестерін қосты.
Е.Т. Тегісбаев АММИ ШФ құрылуына, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының материальды-техникалық базасын құруға, кадрлық әлеуетпен қамтамасыз етуге үлкен үлесін қосты. Тек қана фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасына мақсатты аспирантура арқылы КСРО-дің алдыңғы қатарлы ЖОО және ғылыми-зерттеу институттарында 9 фармацевтикалық ғылым кандидаттарын дайындатып берді.
Кафедраның құрылуы мен дамуына ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, фарм.ғ.д., профессор Т.Ә. Арыстанова үлкен үлес қосты. Ол 2 доктор, 14 фармацевтикалық ғылым кандидаттары дайындады. Оның жетекшілігімен ҚР ДСМ, ҚР БҒМ, ҚР ИСМ қаржыландырған 1 халықаралық және 3 республикалық ғылыми-техникалық жобалар орындалған.


Кафедра жұмысының мақсаты фармацевтикалық және химия-токсикологиялық талдау аймағында терең теориялық және тәжірибелік дайындығы мен кәсіби біліктілігі жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады.


Кафедраның негізгі міндеттері:
• мамандықтардың мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес терең теориялық және тәжірибелік дайындыққа ие, дағдылар мен кәсіби біліктілігі бар мамандар дайындау.
• алдыңғы жылдардан жинақталған әдістемелік және кадрлық ресурстарды барынша пайдалану және дамыту.
• білім алушылар мен оқытушылар құрамының шығармашылық бастамаларын дамыту.


Кафедра 3,4,5 курс фармация факультеті білім алушыларын 6В10106 - «Фармация» және 6В07201 - «Фармацевттік өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде оқытатын бейінді және бітіртуші кафедра болып табылады. I және II жыл магистранттарын 7М10142 – «Фармация» мамандығы бойынша оқыту екі бағытта жүргізіледі: ғылыми-педагогикалық және бейінді, сонымен қатар магистранттар И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университетімен бірлесіп жүзеге асырылған 7М10143 «Фармацевтикалық экология» ББББ (СОП) білім алады. Докторанттар 8D10140 «Фармация» БББ (ОП) бойынша білім алады.
Кафедра «Фармация» мамандығы аясында бакалаврларды келесі траекториялар бойынша даярлайды: жалпы тәжірибелі фармацевт, фармация менеджері, клиникалық фармацевт; «Фармацевттік өндіріс технологиясы» бойынша құрал-жабдықтарға қызмет көрсету бойынша инженер-технолог, инженер-жобалаушы – конструктор.


Кафедрада 6М10106 «Фармация» (бакалавриат) БББ сәйкес келесі міндетті пәндер оқытылады:


1. Дәрілік заттарды талдау және зерттеудің жалпы әдістері мен тәсілдері, 150 сағат (5 кредит), 3 курс, 5 семестр, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.
2. Табиғи дәрілік заттарды талдау, 120 сағат (4 кредит), 3 курс, 6 семестр, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.
3. Фармацевтикалық химия-1,2, 150 сағаттан (5+5 кредит), 4 курс, 7,8 семестр, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.
4. Токсикологиялық химия-1,2, 120 сағаттан (4+4 кредит), 5 курс, 9,10 семестр, мемлекеттік, орыс тілдерінде оқытылады.


Таңдау бойынша компоненттер (элективті пәндер) қатарына келесі пәндер жатады:


1. Дәрілік заттарды стандарттау 150 сағат (5 кредит), 5 курс, 9 семестр, мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады.
4. Биоаналитикалық химия и токсикология, 150 сағат (5 кредит), 5 курс, 10 семестр, мемлекеттік, орыс, тілдерінде оқытылады.


Өндірістік тәжірибені жүргізу жүзеге асады: «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» 60 сағат (2 кредит); «Токсикологиялық химия», 60 сағат (2 кредит).


Кафедрада 6В07201 - «Фармацевттік өндіріс технологиясы» БББ бойынша бейіндік пәндер:
1. Жалпы химиялық технология, 150 сағат (5 кредит), 3 курс, 6 семестр, мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады.
Таңдау бойынша компоненттер (элективті пәндер) қатарына келесі пәндер жатады:
1. Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы, 120 сағат (4 кредит), 4 курс, мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылады;
2. Фармацевтикалық талдаудың әдістері мен құралдары, 120 сағат (4 кредит), 4 курс, мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылады.


Магистратура деңгейінде 7М10142 «Фармация» БББ бойынша келесі пәндер оқытылады: «Талдаудың инструментальды әдістері», «Дәрілік заттардың құрылымдық талдауы», «Ғылыми жұмыстарды орындау методологиясы», «Дәрілік заттардың өндірістік жағдайы мен сапасын бағалау», «Жаңа дәрілік заттарды жасауда GLP ережелері». 7М10143 «Фармацевтикалық экология» БББ аясында келесі пәндер өтіледі: «Талдаудың физика-химиялық әдістері», «Фармацевтикалық химия», «Токсикология» және «Биоаналитикалық химия және токсикология». Бүгінгі күнге дейін кафедрада 16 фармация магистрлері дайындалды, 2 дайындау сатысында.
8D10140 «Фармация» БББ бойынша ЖОО және таңдау компоненттері бойынша пәндер оқытылады: «Фармациядағы ғылыми зерттеулер методологиясы», «Сапа көрсеткіштерін сынаудың физика-химиялық әдістері», «Химия-токсикологиялық зерттеулерді жүргізу методологиясы».
Кафедра оқытушылары «Отандық өсімдік шикізаты негізінде алынатын дәрілік препараттарды іздестіру, жасау және ендіру» ғылыми-зерттеу бағытында мақсатты бағытталған жұмыстар жасауда.


Кафедраның приоритетті ғылыми бағыттары:


1. Мия тамыры, дермене жусан компоненттерінің биологиялық белсенді қосылыстары негізінде бағытталған ізденістер мен жаңа модифицирленген субстанциялар алу;
2. Отандық өсімдік шикізаты негізінде эффективті және қауіпсіз дәрілік препараттар жасау және стандарттау;
3. Физика-химиялық әдістерді қолданып дәрілік препараттарды талдау әдістерін өңдеу мен жетілдіру;
4. Уытты және күшті әсерлі заттардың химия-токсикологиялық талдауы.


Кафедра қызметкерлері ғылыми-техникалық жоба орындауда:


1. «Отандық өсімдік шикізаты негізінде эффективті және қауіпсіз дәрілік препараттар жасау». Орындалу уақыты: 2018 –2024 жж.


Кафедра қызметкерлері келесі мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарының (ҚРМЖББС) авторлары болып табылады: 0902 – «Әлеуметтік саладағы менеджмент (фармация)» (ҚРМЖББС, 1998ж.); 0409 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (ҚРМЖББС, 1998ж.); 051103– «Фармация» («Бакалавриат» ҚРМЖББС, 2006ж.); 7.09.111 - «Фармация» («Магистратура» ҚРМЖББС, 2009ж.); 5В110300 «Фармация» («Бакалавриат» ҚРМЖББС, 2017ж. толықтырулар мен өзгерістер енгізілген).
Кафедра қызметкерлері «Әлеуметтік саладағы менеджмент (фармация)», «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары пәндері бойынша 16 типтік оқу бағдарламаларының бірлескен авторлары болып табылады.


Кафедра оқытушыларымен бірге ҚР алдын-ала патенттері - 24, пайдалы модельге патенттер – 4, авторлық куәліктер – 30 астам, препараттарға тіркеу куәліктері – 5, уақытша фармакопеялық мақалалар – 5, ҚР ЮМ сот сараптама Орталығы жанындағы сот сарамтамасы реестріне енгізілген стандартты операциялық процедуралар (СОП) – 2, 650-ден астам ғылыми мақалалар, оның ішінде халықаралық басылымдар, ғылыми форумдар материалдарында – 200-ге жуық (АҚШ, Ресей, Австрия, Италия, Финляндия, Таиланд, Чехия, Болгария, Украина және т.б.), республикалық – 400-ден астам, 5 монография, 9 шолу, 16 оқу құралдары, 2 лабораториялық практикум жарық көрген.


Кафедра білім беру үдерісі және ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында халықаралық ынтымақтастық бойынша нақты жұмыстар жүргізеді.
Кафедраның дамуына И.М. Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің фармацевтика факультетін басқарған МҒРА Академигі А.П. Арзамасцев аталған ЖОО профессорларын біздің ЖОО шақыртумен дәрістер, семинарлар, кеңес берулерді ұйымдастыру арқылы үлкен қолдау көрсеткен. А.П. Арзамасцевтің жетекшілігімен кафедра үшін 3 фармацевтикалық ғылымдар кандидатын дайындаған.


Шетелдік ЖОО-серіктестерімен бірлескен білім бағдарламасы жасалды: ОҚМА Ғылыми кеңесімен және Сеченов атындағы I Мәскеу мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп (2014 ж.) бекітілген «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесінің жұмыс бағдарламасы, ОҚМА Ғылыми Кеңесімен және БММУ (2016 ж., 2018ж) бекіткен «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесінің жұмыс бағдарламасы.
Магистратура деңгейінде 7М10143 «Фармацевтикалық экология» БББ бойынша ОҚМА Ғылыми кеңесімен және Сеченов атындағы I Мәскеу мемлекеттік медицина университетімен бірлескен білім беру бағдарламасы (2022 ж.) бекітіліп, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Бірыңғай білім беру платформасына енгізілген.
I Мәскеу мемлекеттік медицина университеті және ОҚМА Ғылыми кеңесімен (2014 ж.) бекітілген «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» атты бірлескен әдістемелік құрал шығарылды, ол 2018 жылы толықтырылып, қайта жарық көрді (Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа).


С 2013 г. в рамках реализации программы МОН РК по привлечению зарубежных препо-давателей в учебный процесс «Академическая мобильность» осуществляется визитинг веду-щих ученых вузов-партнеров: профессора Раменской Г.В., доцентов Печенникова В.М., Власова А.М., Смирнова В.В. (I МГМУ, Москва, Российская Федерация); доцента Бевз Н.Ю. (НФАУ, Харьков, Украина); профессора Халиуллина Ф.А. (БГМУ, Уфа, Россия); профессора Й.Ямпилек (Университет ветеринарных и фармацевтических наук, Брно, Чешская Республика); асс. профессора Б.Вельгомас (ГМУ, Гданьск, Польская Республика); профессора Шукирбековой А.Б. (МУ «Астана», Республика Казахстан) и др.
Профессор С.К. Ордабаеваның сыртқы шақыртуы БММУ және ГМУ базасында мастер-кластар, практикалық сабақтар өткізу және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында жүзеге асты.
Кафедра 2015 жылдан бастап жыл сайын оқу-ғылыми зертхана базасында «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін өту мақсатында И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті және Башқұрт Мемлекеттік медицина университетінің студенттерін қабылдайды.
Дуальды білім беру кафедрада 5 курс білім алушыларымен «Дәрілік заттарды стандарттау» пәні бойынша «Химфарм» АҚ - Santo Member of Рolpharma Group» өндірістік базасында теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында жүзеге асырылды.
3-5 курс білім алушыларынан құралған «Фармация болашағы» атты студенттік ғылыми үйірме ұйымдастырылған, онда жыл сайын ғылыми-практикалық конференцияларға, форумдарға және жас ғалымдар мен студенттік жастар симпозиумына белсенді қатысады. 20 аса білім алушылар жыл сайын өтетін жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларының жеңімпаздары болып табылады.


Бүгінгі таңда кафедрада 13 оқытушы, оның ішінде 1 доктор, 6 фармацевтикалық ғылымдарының кандидаттары, 2 – фармация магистрлері, 1 – аға оқытушы, 3 докторанттар (қосымша қызметкер) жұмыс жасайды:


1. Ордабаева Сауле Кутымқызы - фарм.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі;
2. Сопбекова Анаркул Онлабекқызы - фарм.ғ.к., профессор м.а.;
3. Асильбекова Акмарал Джиенбекқызы - техн.ғ.к., профессор м.а.;
4. Серикбаева Айгуль Джумадуллақызы - фарм.ғ.к., доцент м.а.;
5. Турсубекова Баян Изтелеуқызы - фарм.ғ.к., доцент м.а;
6. Өнербай Бек Ақылбекұлы - фарм.ғ.к., доцент;
7. Кадеева Мансия Садилқызы - фарм.ғ.к, доцент;
8. Каракулова Айжан Ширинбекқызы - фармация магистрі, аға оқытушы;
9. Джанаралиева Каха Саидқызы - аға оқытушы;
10. Алтынбек Дана Турганкулқызы - фармация магистрі, аға оқытушы;
11. Бидайбек Рамазан Нұрғазыұлы - III оқу жылы докторанты;
12. Қарабаева Айнур Нысанбекқызы - I оқу жылы докторанты;
13. Мұсабеков Жанкелді Түймебекұлы - I оқу жылы докторанты;
14. Жорабекова Райхан Алмаханқызы - аға лаборант;
15. Рысбекова Мейрамкуль Абдрахманқызы - лаборант;
16. Мамирова Улбану Турысбекқызы – лаборант.

 


Кафедра мекен-жайы: Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы-1.
Е-mail: phamchim@mail.ru
Сымтетік: 408-222 (ішкі 226)

 

 

 

 

30.09.2020, 12:08
2659 қаралым