«Жалпы тәжірибелік дәрігер – 2» кафедрасы

 

1235 1 2

«Алғашқы медико-санитарлық жәрдем №2 акушерлік және гинекологиялық курсымен» кафедрасы 2017 жылдың 31 тамыз айында, ОҚМА Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша ашылды. № 58 қаулы бойынша 13.04.2018 жылдан бастап кафедра аты «Жалпы тәжірибелік дәрігер№ 2» деп өзгертілді.

Кафедра меңгерушісі - медицина ғылымдарының докторы, профессор м.а Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызы.

 

1235 2

Кафедра жұмысының негізгі мақсаты: интернатурада - Жалпы тәжірибелік дәрігер мамандарын алғашқы медико-санитарлык жәрдем жүйесінде дайындау. 

 

Кафедраның негізгі міндеті: 

• ОҚМА-ның мақсаты мен саясатын сапа төңірегінде кафедра құзіреттілігі шеңберінде жүзеге асыру. 

• Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау. (СМК)

• Оқу үрдісін тәртіп жүйесі оқу жоспарымен бекітілген жоғары кәсіби білім нормативті және заңды актілеріне сәйкес бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асыру. 

• Білім алушылардың білім алу және ғылыми салада қажеттілігін өтеу үшін жағдай жасау. 

• Негізгі білім беру бағдарламасының ұйымдастырушылық, ғылыми және оқу-әдістемелік қамтылуын жетілдіру. 

• Білім берудің жаңа технологиясын жасау. 

 

Негізгі оқу курстары – Жалпы тәжірибелік дәрігерлерді 6-7 курста оқыту.

3 тілде оқытылатын пәндер (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) – «Ішкі аурулар», «Педиатрия» орыс тілі және қазақ тілінде. 

Кафедра жалпы тәжірибе дәрігерлеріне мемлекеттік білім беру стандарттарымен және бітірушілерді даярлаудың оқу жоспарларымен қарастырылған «Ішкі аурулар», «Педиатрия» пәндерін оқытуды ұсынады.

Кафедраның жұмысының мазмұны білім беру, оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар студенттермен тәрбие жұмысын жүргізу және кафедра оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыруды қамтиды.

Кафедраның жұмысы оқу-әдістемелік, клиникалық және ғылыми-ізденушілік жұмыстары мен тәрбие беру шараларын қамтитын кафедра жұмысының жоспарымен сәйкес құрылған. 

Оқу әдістемелік жұмысы: Кафедраның жұмысы оқу-әдістемелік, клиникалық және ғылыми-ізденушілік жұмыстары мен тәрбие беру шараларын қамтитын кафедра жұмысының жоспарымен сәйкес құрылған. Кафедралықта білім алушылардың оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарын, ДКК жоспарына сәйкес ғылыми және тәрбиелеушілік жұмыстарын және ағымдағы сұрақтарды қарастырады. Кафедрадағы оқу-әдістемелік, тәрбиелеушілік және ғылыми құжаттар ISO- 9000-2001 талаптарына сай енгізіледі. 

Кафедрада модульді оқу бағдарламасы 2015 жылғы 31 шілдедегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуы және Денсаулық сақтау Министрінің №647 бұйрығы 4 тармағы 5В130100 «Жалпы медицина» мамандыы бойынша ГОСО және ТУП, ағымдағы ГОСО-17 сәйкес, 20.04.2011 жылғы №152 ҚР БҒМ бұйрығы және 2017 жылғы 17 шілдедегі №530 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен, 2009 жылғы 18 қыркүйектегі ҚР «Халық денсулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 175 қаулысы, 3 тармағына сәйкес жасалған. 

Әр оқу жылында емтихан өткізу үшін барлық тестілеу сұрақтары, ОСПЭ, ОСКЭ үшін әдістемелік нұсқаулықтар жаңартылып, эксперттік талдаудан өтеді.

Оқу үрдісінде инновациялық белменді технология (CBL, TBL, RBL) қолданылады; білім беру клиникалық ойлау мен науқастарды клиникалық талдауға бағытталған. 

 

Кафедраның клиникалық жұмысы:

Кафедра ұжымы әр түрлі саладағы мамандармен толықтырылған – жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт, педиатр. Кафедраның клиникалық базалары болып табылады: №1 қалалық емхана, «Сұңқар» МО, «Айнұры» МО, Облыстық кардиологиялық орталық (ОКО), Шымкент қалалық жедел жәрдем бекеті ауруханасы (ШҚЖЖБА), Облыстық балалар ауруханасы (ОБА), Қалалық балалар ауруханасы (ҚБА). 

Кафедра ұжымымен оқу үрдісіне және тәжірибелік денсаулық сақтау жұмысына белсенді түрде ішкі патологияларды диагностикалау мен емдеудің тиімді технологиясы енгізіледі, интерндер мен дәрігерлер үшін білім беру семинарлары мен шебер-сыныптары өткізіледі. Меңгеруші мен кафедра ұжымы облыс және қала науқастарына тұрақты арнайы кеңестік көмек көрсетеді. 

 

Кафедраның ғылыми жұмысы:

Жалпы тәжірибелік дәрігер – 2 кафедрасының ассистенттерімен әр түрлі бағытта ғылыми ізденіс жұмыстапы өткізіледі және оқу үрдісіне жаңа клиникалық және педагогикалық технологиялар енгізіледі. 

Кафедраның жүйелік профессорлық-оқытушылық құрамы баяндама және жарияланымдарымен республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады. Интерндер студенттік ЖОО-аралық, аймақтық, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысады. 

 

Кафедраның ғылыми приоритеті- 

Кафедраның ғылыми тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан денсаулық сақтау саласының біріншілік деңгейдегі ұйымының заманауи үлгісінің шарттарымен Артериальды гипертонияның профилактикасы». 

Ғылыми қызығушылықтар: терапия, педиатрия, гастроэнтерология, профпатология, ревматология, психосоматикалық аурулар, коммуникативті дағдылар.

 

Қазіргі таңда кафедрада жұмыс істейді:

1.                

Досыбаева Гүлжан Нурбекқызы

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д.  және профессор

Терапевт,профпатолог,гастроэнтеролог,

Жоғары санатты дәрігер,тәуелсіз эксперт, ЖТД (қайта даярлау)

2.                

Латыева Марьям Шамильқызы

ассистент, кафедраның оқу жөнін.орынбасары

Терапевт, ЖТД (қайта даярлау), тәуелсіз эксперт, жоғары санатты дәрігер

3.                

Биболова Алия Сейсенбайқызы.

к.м.н.,доцент

Педиатр, психотерапевт

4.                

Сартаева Каламкас Алмешқызы

к.м.н.,и.о.доц

Жоғары санатты терапевт

5.                

Ботабекова Алия Кадиржанқызы

ассистент

Магистр ОМ, Жоғары санатты терапевт

6.                

Сметова Раушан Аманбайқызы

ассистент

Магистр ОМ, Жоғары санатты терапевт

7.                

Тулеева Тоғжан Икрамқызы

ассистент

 Резидент , педиатр

8.                

Баймұратова Бахытжамал Назарбекқызы

ассистент

Жоғары санатты терапевт, аккредитация бойынша ҚР тәуелсіз эксперті

9.                

Сүгірова Данагүл Ануарбекқызы

ассистент

Жоғары санатты педиатр

10.            

Ахметова Лейла Валиханқызы

ассистент

Жоғары санатты педиатр

Орын басушылар:

 

11

Ербозова Мадина Куанышқызы (сов)

ассистент

Педиатр

12

Юльчиева Клара Ирисметовна (сов)

ассистент

Педиатр 1 санатты

13

Канлибекова Маржан Орынбасарқызы (сов)

ассистент

Жоғары санатты ЖТД, педиатр

14.

Баймуханов Шохан Тілеуқұлұлы (сов)

ассистент

Жоғары санатты ревматолог

Лаборанттар

 

1.                

Жүрсінбек Гүлжазира Ділдабекқызы

ст. лаборант

 

2.                

Балқашбек Жанна Балқашбекқызы

лаборант

 

 

 

ЖТД-2 кафедрасы мына мекен-жайдағы клиникалық базасында орналасқан: 

Шымкент қ, Б. Момышұлы к. 21 « Айнуры» МО, эл. Мекен-жай: vop2-18@mail.ru

 

 

 

 

01.10.2020, 10:38
1901 қаралым