ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС

Академияның тәрбие жұмысы төмендегі бөлімдер мен ұйымдардың қызметтерімен жүзеге асырылады

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы,

”Болашақ” АЖО;

«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсе;

”Зиялы Қазақ” Дебат клубы;

”Жас Отан” жастар қанаты ұйымы;

Қазақстан студенттерінің Альянсы;

”Айкөркем” қыздар кеңесі;

“Бірлесу” ұлттар бірлестік ұйымы;

”Шабыт” өнер ұйымы;

”Барыс” спорт клубы;

ОҚМА Еріктілер Лигасы клубы;

Қазақстанның медициналық студенттерінің тәуелсіз қауымдастығы (KazMSA);

”Достық” жайдарман тобы;

Студенттердің этикалық кодексі;

 


Патриоттық сананы қалыптастыру бойынша 6 іс-шара

 


 

Рухани - адамгершілік даму бойынша

 


 

Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу бойынша

 


 

Құқықтық тәрбие бойынша

 


 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша

 


 

Жастар бастамаларын қолдау бойынша

 


 

Тәрбие жүйесін жетілдіру бойынша

 


 

Шетел студенттерімен жұмыс бойынша

 


 

2022 жылдың 12 сәуір «Ғылым күніне» орай Семей медициналық университеті ұйымдастырған «Ғылым және денсаулық» атты 64-ші ғылыми практикалық конференцияға білім ордамыздың студенттері қатысып, жүлделі орындар мен номинацияларды иеленіп қайтты

 


 

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 28 наурыздағы №292 және 29 наурыздағы №295 Өкімдеріне сәйкес 28-29 сәуір аралығында «Ел бірлігі- жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен Қазақстан халқы АссемблеясыныңXXXI сессиясына академиямыздың ЖМОБ-10-20 тобының 2 курс студенті, «Оқу-тәрбие жұмыстары бойынша студенттік проректор» Мейрбеков Нурболат шақырту алып, президентімізден ассамблеяның төсбелгісін тағып қайтты

 


 

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Тілдарын - 2022» байқауында академиямыздың педиатрия факультетінің ПО-03-21 1 курс студенті

Рустамжанов Сардорбек бас жүлдені ұтып алды

 


 

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған медицина саласындағы өзге ұлт өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты Қарағанды қаласында өткізілген республикалық байқауда медицина факультетінің 2 курс В-ПО-03-21 тобының студенті Рустамжанов Сардорбек Тахиржанович 1 орын иеленіп қайтты

 


 

25 қазан «Республика күні» қарсаңында өзінің ерен еңбегі үшін Шымкент қалалық «Ассамблея жастарының» төрағасы, ЖМО-09-20 тобының 3 курс студенті Мейірбеков Нұрболат Нұрғалиұлы Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан берілген алғыс хатымен марапатталды

 


 

«Бірлік» халықаралық жастар лагеріне қатысып өз үлесін қосқан ЖМҚБ-01-20 тобының 3 курс студенті Нышан Мағжан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» КММ-нен алғыс хатымен марапатталды

 


 

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген, қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты қалалық байқауы өткізілді. Байқауға ОҚМА медицина факультетінің 1 курс В-ПО-02-22 тобының студенттері Кураева Арзу Руслановна мен Аманова Ирода Мирмаксудқызы қатысып, І орынды Аманова Ирода, ІІІ орын Кураева Арзу иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды

 


 

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген, қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру мақсатында «Жаңғырған жыр арқауы» атты қалалық байқауы өткізілді. Байқауға ОҚМА атынан халықаралық факультетінің 2 курс 29-21 және 24-21 топтарының студенттері Dar Faizan Gul мен Muhammad Farhan Ayoub қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша І орынды «Үш бақытым» өлеңін оқыған Muhammad Farhan Ayoub иеленді

 


 

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен студенттік өзін өзі басқару жүйесін дамыту бойынша конференция өткізілді. Конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министірінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Айсұлу Ерниязова және Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратжан Шотаев қатысты. Мұратжан Шотанов жоғары оқу орындары арасында өткен «Smart Student» интеллектуалды сайысында алғырлық танытып II орын алғаны үшін Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясын марапаттады

 


 

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М.Шотанов Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қызметкерлерін «Ұстаздар күнімен» құттықтады

 


 

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғыс хатымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі

Тасжанов Берік Рахманәліұлын құттықтады

 

29.09.2020, 09:33
2288 қаралым