Білім беруді цифрлық қолдау және педагогикалық құзыреттілігін арттыру бөлімі

 
Білім беруді цифрлық қолдау және педагогикалық құзыреттілігін арттыру бөлімі (бұдан әрі – ББЦҚПҚАБ) оқу үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу және педагогтардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру мақсатында құрылған. ББЦҚПҚАБ сонымен қатар педагогикалық құзіреттілікті дамытуға ықпал ететін заманауи цифрлық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша «ОҚМА» АҚ кафедралары мен бөлімдерінің қызметін үйлестіруге қатысады.
 
Оқу үшін сізге:
• жеке компьютер/ноутбук немесе сандық гаджетке үнемі қол жеткізу мүмкіндігі;
• компьютерлік мультимедиялық жабдықтың болуы: веб-камера, құлаққап және / немесе гарнитура;
• интернет желісіне кіру;
• электрондық құжаттарды жасау және редакциялау үшін электрондық пошта және кеңсе бағдарламалық пакеттерімен жұмыс істеу дағдысы.
 
ОҚУ ПРОЦЕСІ
Оқыту ZOOM, WebEx, Bigbluebutton, Google Class room және т. б. платформаларда қашықтықтан өтеді Платонус ААЖ-да білім алушыға Оқу материалдары (дәрістер конспектілері, бейне дәрістер, презентациялар), тапсырмалар (тесттер, жазбаша тапсырмалар, ұжымдық талқылаулар) ұсынылды, сондай-ақ online консультациялармен  (чат, аудио-бейне конференциялар) және оқытушылармен offline консультацияларды (хат алмасу, пікірталас форумы) өткізу мүмкіндігі іске асырылды .
 
  
 
 
 

Нормативтік құжаттар

 

Нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстар

 

Қосымша материалдар

 

Онлайн курс

 

Сұрақтар мен жауаптар

 

 

 

 

 

 

  

03.09.2021, 09:52
2894 қаралым