Қашықтан білім беру технологиялары

 

Жалпы сипаттамасы

Қашықтан білім беру технологиялары бөлімі (бұдан әрі − ҚБТ) қашықтан оқыту жүйесін қалыптастыру, оқу процесіне қашықтан білім беру технологияларын енгізу, білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту үшін құрылған, жаппай ашық онлайн курстарды (ЖАОК) әзірлеу және оларды платформада жариялау процесін үйлестіретін академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

 

Негізгі мақсаттары мен міндеттері

Бөлім қызметінің негізгі мақсаты максималды білім беру нәтижесін алу үшін дәстүрлі және электрондық оқыту түрлерін оңтайлы үйлестіру болып табылады.

 

Бөлім қызметінің негізгі міндеттері:

- цифрлық білім беру ресурстары мен цифрлық контенттерді әзірлеу және жаңарту үшін педагог қызметкерлерге жағдай жасау;
- оқу үрдісінде ҚБТ іске асыру бойынша оқытушыларға кеңес беруді және оқытуды ұйымдастыру;
- ҚБТ-мен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;
- media.skma.edu.kz сайтында ЖОО-дағы барлық ББ бойынша бейне контенттің (дәрістер, практикалық сабақтар және т. б.) жаңартылуын қамтамасыз ету;
- кафедралармен бірлесіп онлайн-курстарды әзірлеу және құру бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- ашық онлайн-курстарда бейінді және педагогикалық құзыреттерді арттыру бойынша ұсыныстар беру;
- кафедралармен бірлесіп ПОҚ әлеуетін арттыруды ұйымдастыру:
- ПОҚ ақпараттық сауаттылығын арттыру;
- кафедралармен бірлесіп электрондық оқулықтар, оқыту бағдарламалары, ақпараттық-анықтамалық жүйелер құру;
- 3D-де деңгейлерді модельдеу және визуализациялау;
- 3D визуализациясы бар мобильді қосымшаларды әзірлеу;
- фотореалистік сапаға жақын жоба дизайнын орындау;

 

 

 

Бөлім қызметкерлері туралы мәліметтер

Қашықтан білім беру технологиялары бөлімнің құрылымы мен штаттық құрамы функцияларымен анықталады және келесі мамандардан тұрады:

 

dot 1

Халметова Шахноза Абдулакимовна - меңгеруші

 

 

  

dot 2

Абдукаримова Малика Айбековна - әдіскер

 

 

 

dot 3

Аділбеков Руслан Сайнович -

бейнетүсірілім және бейнемонтаж бойынша маман

 

 

 

dot 3

Жанатов Ердауит Носерович -

3D визуализация және жобалау бойынша жетекші инженері

 

 

 

 

Байланыс ақпараты:

Мекен-жайы: Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы, 1/1 Оқу корпусы - 3, №132, 133
E-mail: dot_ukma@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

13.08.2021, 03:46
1789 қаралым