Фармакогнозия кафедрасы

 

Кафедра тарихы

 

1981 жылы АММИ Шымкент фармацевтикалық филиалында алғашқы болып бейіндік кафедрадан фармакогнозия кафдрасы ашылды. Кафедраның негізін қалаушы фарм. ғ.д., профессор Баймухамбетов Марат Аблакимович (1981-2004жж) болды. АММИ-тың фармацевтикалық факультетін бітірген соң (1968г) ол Ленинградтық химия-токсикалық институтқа аспирантураға түсті. Аспирантураны бітірген соң 1978жылы «Фитохимическое исследование остролодочника Комарова» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.
1996 жылы «Фитохимическое исследование растений родов Бессмертник, Тысячелистник, Пижма, Ханделия семейства Астровых» тақырыбына докторлық диссертация қорғады.
Кафедра ұжымымен бірге оқу лабораторияларын жабдықтармен, микроскоптармен, кестелермен жабдықтады. Гербарий және шикізат қоры дайындалды.
Баймухамбетов М.А. 160 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы болып келеді.
2004-2005 жылы кафедраны фарм.ғ.к. Ташменов Рахим Сарсенұлы басқарды.
2005 жылы бірнеше кафедра біріктірілді және 2005-2007 жылдар аралығында медициналық биология, генетика, фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі биологиялық ғылым кандидаты Абилаев С.А. болды.
2007-2018 жылдар аралығында фармакогнозия және химия кафедрасын химия ғылымдарының докторы, профессор Патсаев Анапия Каныбекұлы басқарды. 2012 жылы оның жетекшілігімен дәрілік өсімдіктер зертханасы және ОҚО әртүрлі аудандарына халық медицинасында қолданылатын маңызды дәрілік өсімдіктерді зерттеу мақсатында көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Кафедраның ғылыми жұмысының тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан дәрілік өсімдігінен биологиялық белсенді заттарды бөліп алу және зерттеу және оның негізінде жаңа кең спектрлі фитопрепараттар құру».
Экспедиция барысында жиналған дәрілік өсімдіктерге фармакогностикалық, фитохимиялық және фармакологиялық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері импкт-факторлы журналдарда, халықаралық конференциялар жинақтарында жарыққа шықты.
Жергілікті флораның болашағы бар шикізат түрлеріне ғылыми-техникалық жобалар құрылды.
2018 жылдан 2021 жылға дейін фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Өмірәлі Мұрат Адіханұлы болды.
2021 жылдан бастап кафедраны фармацевтика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Орынбасарова Кульпан Кенжебаевна басқарады.

 

 

Орынбасарова Кульпан Кенжебаевна

фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі,

фармацевтика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

 

 

Кафедраның негізгі мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі заманғы маман-фармацевт дайындауда кафедраның негізгі міндеттерінің бірі-оқытудың оның практикалық қызметінің мазмұнына барынша сәйкес келуі.
Кафедра профильді, бітіруші болып табылады, онда 6В10106 - «Фармация» және 6В07201 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде фармация факультетінің 1, 2, 3, 4, 5 курс студенттері білім алады.
М142 «Фармация» және D140 «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша I, II жылдық магистранттар мен PhD докторларын даярлау екі бағытта жүргізіледі: ғылыми -педагогикалық және бейіндік.

 

Негізгі оқу курстары
ЖОО компоненттері:

1. 6В10106 - «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттеріне арналған «Ботаника»;
2. 6В10106 - «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс және 2-курс студенттеріне арналған «Фармакогнозия»;
3. 6В07201 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Табиғи дәрілік қосылыстар химиясы».

 

Таңдау компоненттері:
1. 2В курс студенттеріне арналған 6В10106 - «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша «Фармакогнозия негіздері»;
2. 4В курс студенттеріне арналған 6В10106 - «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша «Дәрілік шикізатты талдау және стандарттау»;
3. 6В10106 - «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша «Дәрілік өсімдіктердің ресурстану мен экологиясы» 5 курс студенттері мен 3 -ші жеделдетілген курс.

 

2010 жылдан бастап кафедра М142 «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарды екі бағытта дайындайды »:
• ғылыми -педагогикалық;
• профиль.
2021 жылдан бастап кафедра D140 «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторын дайындайды.

 

Көптілділік бағдарламасы бойынша оқытылатын пәндер:
1. «Фармакогнозия негіздері»;
2. «Дәрілік шикізатты талдау және стандарттау»;
3. «Дәрілік өсімдіктердің ресурстану және экологиясы».
Жұмыс бағдарламалары Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес әзірленеді және үнемі жаңартылып отырады, бакалавриат пен магистратурадағы және докторантурадағы элективті пәндердің каталогы жыл сайын қаралып отырады. Пәндер бойынша жыл сайын толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Кафедраның оқытылатын пәндерінің әдеби қамтамасыз етілуі үнемі жаңартылып отырады.
2018 жылы ботаника және фармакогнозия оқу және өндірістік практикасын өту жөнінде Қасқасуда дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау және өңдеу бойынша оқу-өндірістік база қайтадан жаңартылды. 2021 жылы "Ынтымақ" базасы құрылып, көктемде бірнеше дәрілік өсімдіктер отырғызылды.
Кафедрада оқу және өндірістік практиканы өту бойынша Ресейдің жоғары оқу орындарымен шет ел студенттеріне арналған бірлескен жұмыс бағдарламасы түзілген: Түмен қ., ТюмГМА; Өфе қ., БГМУ; Пятигорск қ., ПМФИ, Ташкент, ТашФарМи, Душанбе, ТГМУ.
Кафедра фармакогнозия бойынша ғалымдар мен оқытушыларды дайындау жөнінде ғылыми әдістемелік орталық болып саналады. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Кафедрада студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды.
Кафеда шет ел - Польша, Чехия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан ЖОО-мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.
Кафедраға академиялық ұтқырлық аясында әр кезеңде Ресейдің атақты ғалымдары шақырылды: ПМФИ профессоры, фарм.ғ.д. Коновалов Д.А.; БГМУ профессоры фарм.ғ.д. Пупыкина К.А.
 

Фармакогнозия кафедрасының қызметкерлері дайындаған оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар:
• Патсаев А.К., Жайлау С.Ж., Шыназбекова Ш.С., Махатов Б.Қ. «Аналитикалық химия». Оқулық. Каз. Шымкент -2007г.
• Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. «Фармакогнозия» Оқулық, Шымкент, - 2011ж.
• Патсаев А.К., Кадишаева Ж.А., Тоқсанбаева Ж.С., Орынбасарова К.К., Өмирбаева А.Е. «Ботаника пәні бойынша тестілер» каз., рус, Шымкент, -2011ж.
• Махатов Б.К., Патсаев Ә.Қ., Орынбасарова К.К. «Өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясы» Учебное пособие. Шымкент, - 2011ж.
• Махатов Б.К., Патсаев Ә.Қ., Қадишаева Ж.А. «Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер» Учебное пособие. Шымкент, - 2011ж.
• Патсаев А.К., Махатов Б.К., Тоқсанбаева Ж.С., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. «Фармакогнозия пәнінен тесттік тапсырмалар» каз., рус, Шымкент, -2013ж.
• Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Тоқсанбаева Ж.С., Кадишаева Ж.А. «Ботаника» Учебник, Шымкент, -2013ж.
• Махатов Б.К., Патсаев А.К., Кадишаева Ж.А., Серикбаева Т.С., Оразбеков Е.К. «Фармакогнозия пәнінің зертханалық-тәжірибелік сабақтарына арналған қолданба». Учебное пособие. Шымкент, -2013ж.
• Токсанбаева Ж.С., Патсаев А.К., Серикбаева Т.С. «Дәрілік ресурстану» Учебное пособие. Шымкент, - 2015ж.
• Токсанбаева Ж.С., Патсаев А.К., Сейдалиева Ж.С. - «Лекарственное ресурсоведение» Учебное пособие. Шымкент, - 2015г.
• Орынбасарова К.К. - «Дәрілік өсімдік шикізаттарын фармакогностикалық талдау» Учебное пособие. Шымкент, - 2021г.
• Патсаев Ә.Қ., Махатов Б.К., Кадишаева Ж.А. «Дәрілік өсімдік жинақтары» Оқу құралы, Шымкент, -2017ж.
• Патсаев Ә.Қ., Махатов Б.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. «Фармакогнозия» Оқулық, Екінші басылым, Шымкент, -2018ж.
•   Орынбасарова К.К., Рахманова Г.С. «Табиғи дәрілік қосылыстардың химиясы пәнінің зертханалық сабақтарына арналған қолданба» Оқу құралы, Шымкент, -2022ж.
•   Орынбасарова К.К., Ибрагимов Т.С., Ибрагимова З.Е. «Дәрілік өсімдік шикізатының атласы» Оқу құралы, Шымкент, -2022ж.

 

Кафедрада тәрбие жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: қоғамдық –саясат және құқықтық, адамгершілік, мәдени-эстетикалық және этномәдени, экологиялық, әлеуметтік, физикалық және салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалын дамыту, діни экстремизмнің алдын-алу, құқық бұзушылықтың, есірткі қолданудың алдын-алу, және жатаққанада тәрбие жұмысын жүргізу. Сонымен қатар кафедрада кейбір дәстүр қалыптасқан: интернат-үйлерге, музейлерге бару, атаулы күндер мен ұлттық мерекелерге іс-шаралар жүргізу.

 

Фармакогнозия кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары:
Фармакогнозия кафедрасында әртүрлі дәрілік өсімдік шикізаттарын өндірістік меңгеру және отандық фитопрепараттар ассортиментін кеңейту мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
 

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: дәрілік өсімдік шикізаттың өзіндік шикізат базасын іздеу және құру, оның негізінде жоғары эффектілі және эколгиялық таза әсері кең спектрлі фитопрепараттар алу және енгізу.
 

Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысының бағыты: Оңтүстік Қазақстан дәрілік өсімдіктерінен биологиялық белсенді заттарды бөліп алу және зерттеу және оның негізінде әсері кең спектрлі жаңа фитопрепараттар алу. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін ғылыми-техникалық жобалар дайындалды және іске асырылды:
• «Фитохимическое и фармакогностическое изучение лекарственных растений флоры Южного Казахстана, применяемых в народной медицине» УДК 615.322(574,5), ГРНТИ 76.31.31, № гос.регистрации 0112РК01295.
• «Изучение Котовника мелкоцветкового, Зизифоры тонкой, Зопника иволистного, Мяты азиатской и Шалфея мускатного семейства Яснотковые флоры Южного Казахстана» № гос. регистрации 0115РК02131.
• «Фитохимические исследования растений родов Тысячелистник и Василек семейства Астровые» № гос. регистрации 0115РК02129.
Білікті ғылыми кадрларды дайындау магистратура арқылы жүзеге асады. Бүгінгі таңда кафедра 21 фармация магистрін дайындады, 3 - оқу сатысында.
Қазіргі уақытта 7 магистрант М142 «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада оқиды (ғылыми -педагогикалық бағыт). PhD докторантурада D140 «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 1 докторант оқиды.

 

Студенттік ғылыми үйірме
Кафедрада 3-5 курс студенттері арасынан «Фитохимик» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Әр студентке кафедраның ғылыми -зерттеу жұмысының күрделі тақырыбының белгілі бір бөлімі мен ғылыми жетекшісі тағайындалады. Студенттер жыл сайынғы ғылыми -практикалық, халықаралық, республикалық конференцияларға, облыстық олимпиадаларға, жас ғалымдар мен студент жастардың форумдары мен симпозиумдарына белсенді қатысады.

 

Қазіргі уақытта кафедрада:
1. Орынбасарова Кульпан Кенжебаевна - фарм.ғ.к., проф м.а. кафедра меңгерушісі.
2. Омірәлі Мұрат Әдіханұлы - фарм.ғ.к., доцент м.а.
3. Оразбеков Оразебұлан Қуандықұлы - PhD, доцент м. а.
4. Қозыкеева Раушан Айдарбекқызы - PhD, доцент м. а.
5. Ибрагимова Зауре Ергараевна - аға оқытушы
6. Рахманова Гульнар Саттархановна - магистр, аға оқытушы
7. Таскынбаева Нуржамила Муратовна - оқытушы
8. Қаржаубаева Айшабиби Дүйсенбекқызы - магистр, оқытушы
9. Жәнібек Мәлік Серікжанқызы - оқытушы
10. Увалиева Рахима Ильясовна - аға лаборант
11. Жетаева Майра Қайратқызы - аға лаборант
12. Кемелбеков Ұлан Сатыбалдыұлы-ДӨҒЗ аға ғылыми қызметкері
13. Асан Бақтыбай Мұратұлы - ДӨҒЗ аға лаборант

 


Кафедраның адресі:
Шымкент қ., Аль-Фараби алаңы, 1, №1-корпус, 5-этаж, 516-кабинет
Эл.почта: fgz_skma@mail.ru

 

 

 

 

 

01.10.2020, 10:24
1839 қаралым