Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы
Үздіксіз кәсіби дамыту факультеті (ҮКДФ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1998 жылғы 20 қарашадағы №574 бұйрығына сәйкес құрылды. Факультет 1999 жылдың қазан айынан бастап терапевтік, хирургиялық, педиатриялық, фармацевтикалық бейіндегі кафедралар, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау кафедралары базасында жұмыс істейді. Оқу сабақтары бекітілген Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес тиісті кафедраларда оқытушылар, штаттық ПОҚ қатарынан және қоса атқарушы ретінде практикалық денсаулық сақтау мамандарын тарта отырып жүргізіледі. 2013 жылғы 28 тамызда ОҚМА ректорының №80п бұйрығы негізінде «дәрігерлер мен фармацевтерді жетілдіру факультеті» «Үздіксіз кәсіби дамыту факультеті» болып өзгертілді.
2024 жылғы 29 қарашада ОҚМА ректорының №1410 бұйрығы негізінде «Үздіксіз кәсіби дамыту факультеті» «Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы» болып өзгертілді.
ОҚМА-да жоғары және бірінші санаттары бар, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттерінде маманданған кандидаттар мен ғылым докторлары ғылыми дәрежелері бар жоғары білікті профессор-оқытушылар ұжымы жұмыс істейді.
Курсанттарды оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Орталықтың мақсаты және міндеттері
1.Біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны. Біліктілікті арттыру бағдарламаларының ұзақтығы 2 кредиттен (60 сағат) 9 кредитке (270 сағат)дейін.
2. Сертификаттау курсы – негізгі білім шеңберінде тар мамандану бойынша қосымша кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны. Сертификаттау курстарына арналған бағдарламалардың ұзақтығы 10 кредиттен (300 сағат) басталады. Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең. Бір академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
3.Формальды емес білім беру бағдарламалары шеңберінде ғылыми-ақпараттық алмасу бойынша іс-шаралар, семинарлар, тренингтер (мастер-кластар) және т. б. өткізіледі.
1).Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру бөлімі:
Бөлімнің негізгі мақсаты – Шымкент қаласындағы, Түркістан облысы және басқа аймақтардағы медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын, дәріханалар мен химия және фармацевтикалық кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз ету үшін оқытудың инновациялық әдістерін, оның ішінде қашықтықтан оқытуды қолдана отырып, біліктілікті арттыру циклдері мен сертификаттау курстарын, семинарлар, тренингтер, мастер класстар ұйымдастыру. Кәсіби даму бағдарламалары, кәсіби құзыреттіліктерді тереңдетуге және жетілдіруге, біліктілік талаптарына сәйкес салалық біліктілік шеңбері және денсаулық сақтау саласындағы кәсіби стандарттарын қолдауға бағытталған.
Бөлімнің міндеттеріне төмендегілер жатады:
- бөлімнің құзыреті шеңберінде «ОҚМА» АҚ сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру;
- сапа менеджмент жүйесінің (СМЖ) талаптарын орындау;
- стратегияны анықтау және оның жұмысын бағдарламалық жоспарлау туралы шешімдер қабылдау;
- оқу процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- медициналық және фармацевтикалық бейіндегі жоғары және орта біліктілікті мамандарға қосымша үздіксіз кәсіби дамыту қызметін іске асыруға қатысатын кафедралардың қызметін үйлестіру;
- республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша және ақылы негізінде қосымша кәсіби білім беру шеңберінде келісім-шарттар жасау;
- күнтізбелік-тақырыптық жоспарды өңдеу және бекіту;
- барлық медициналық ұйымдар мен мекемелерді күнтізбелік-тақырыптық жоспардың бекітілгендігімен ақпараттандыру.
2).ПОҚ-ның кәсіби біліктілігін арттыру бөлімі.
6.2.1. Бөлімнің негізгі мақсаты «ОҚМА» АҚ-ның ПОҚ үшін біліктілікті арттыру циклдерін және сертификаттау курстарын, семинарларды, тренингтерді, мастер-класстарды ұйымдастыру.
6.2.2. Бөлімнің міндеттеріне төмендегілер жатады:
- бөлімнің құзыреті шеңберінде «ОҚМА» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру;
- сапа менеджмент жүйесінің (СМЖ) стандарттарына қойылатын талаптарды орындау;
- стратегияны анықтау және оның қызметін бағдарламалық жоспарлау туралы шешім қабылдау;
- ПОҚ үшін біліктітілік арттыру циклдерін ұйымдастыру және жоспарлау;
- біліктілік арттыру шеңберінде басқа ұйымдармен шарттар жасау;
- ПОҚ біліктілігін арттыру жоспарын әзірлеу және бекіту;
- «ОҚМА» АҚ барлық кафедралары мен бөлімшелерінің ПОҚ біліктілігін арттырудың бекітілген жоспары туралы хабардар ету;
- нәтижелерді талдай отырып және алған білімдерін практикалық қызметке енгізе отырып, сыртқы ұйымдарда да, ішкі іс-шаралар шеңберінде ПОҚ оқытудың тиімділігін бағалау және мониторинг жасау
Білім беруді цифрлық қолдау және педагогикалық құзыреттілігін арттыру бөлімі:
Бөлімнің мақсаты цифрлық технологиялардың білім беру үдерісіне интеграциялануын қамтамасыз ету және оқытушылар құрамының педагогикалық құзыреттілігін арттыру болып табылады. Бұған оқыту сапасын жақсарту үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануды қолдау, сондай-ақ оқу қызметінде цифрлық шешімдерді тиімді қолдану үшін оқытушылардың кәсіби педагогикалық дағдыларын дамыту кіреді.
Бөлімнің міндеттеріне төмендегілер жатады:
- бөлімнің құзыреті шеңберінде «ОҚМА» АҚ сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру;
- СМЖ стандарттарының талаптарын орындау;
- барлық БББ бойынша бейнеконтенттің (дәрістер, практикалық сабақтар және т.б.) жаңартылуын қамтамасыз ету «ОҚМА» АҚ media.skma.edu.kz медиатека сайтында;
- кафедралармен бірлесіп онлайн-курстарды құру және әзірлеу бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- бейіндік және педагогикалық құзыреттілікті арттыру бойынша ашық онлайн-курстарға ұсынымдар;
- кафедралармен бірлесіп ПОҚ әлеуетін арттыруды ұйымдастыру:
- ПОҚ ақпараттық-цифрлық сауаттылығын арттыру;
- кафедралармен бірлесіп электрондық оқулықтар, оқыту бағдарламалары, ақпараттық-анықтамалық жүйелер құру;
- оқытушылардың әдістемелік және педагогикалық дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ жаңа білім беру технологияларын игеруге бағытталған педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру үшін курстар мен тренингтер ұйымдастыру;
- білім беру жүйесінің өзекті талаптарына және оқытушылардың кәсіби қажеттіліктеріне сәйкес келетін педагогикалық құзыреттілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
- педагогикалық дағдыларды дамытуға және оқытудың заманауи әдістемелерін енгізуге бағытталған мамандандырылған мастер-класстар, семинарлар мен тренингтер өткізу үшін жетекші сарапшылар мен жаттықтырушыларды тарту;
- педагогикалық құзыреттілік бойынша ПОҚ біліктілігін арттыру жоспарын әзірлеу және бекіту;
- «ОҚМА» АҚ барлық кафедралары мен бөлімшелерінің бекітілген ПОҚ жоспары туралы хабардар ету.
Кенесова Кульжамила Жумановна
Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы басшысы
Деканның орынбасары
Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы басшысының орынбасары
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру бөлімінің меңгерушісі
– Бегабат Ардақ Тоқмырзақызы
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру бөлімінің әдіскері
– Ишанкулова Лаура Исакул кизи
Профессорлық- оқытушылық құрамының кәсіби біліктілігін арттыру бөлімінің меңгерушісі -
Лесбек Сания Умирзакқызы
Профессорлық- оқытушылық құрамының кәсіби біліктілігін арттыру бөлімінің әдіскері -
Байназарова Айгерим Рысбайқызы
Білім берудегі цифрлық қолдау және педагогикалық құзіреттілігін арттыру бөлімінің меңгерушісі -
Наралиева Малика Айбекқызы
Білім берудегі цифрлық қолдау және педагогикалық құзіреттілігін арттыру бөлімінің әдіскері -
Әбілда Дана Бекжігітқызы
Білім берудегі цифрлық қолдау және педагогикалық құзіреттілігін арттыру бөлімінің бейнетүсірілім және бейнемонтаж бойынша маман -
Әділбеков Руслан Сайнұлы
Деканаттың орналасқан жері:
Шымкент қаласы Аль-Фараби №3 алаңы, 1 этаж, кабинет №104
Телефон: 8(7252)39-57-57 (ішкі нөмір 1054)
Эл. адрес: fnpr.ukma@bk.ru
