«Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру – білікті маманды дайындаудың кепілі» ғылыми-әдістемелік семинар

24.04.2024 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру – білікті маманды дайындаудың кепілі» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. 
Семинардың алғы сөзін ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Қ.Сәлім ашып, тілдік құзыреттілікті қалыптастырудағы ағылшын, орыс тілдерінің әдістерінің көп екенін және қазақ тілінің соңғы уақыттарда әдістемесінің қарқынды даму үстінде екенін айтты. 

Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі доцент м.а., пед.ғыл.кандидаты Л.Б. Ибраева, доцент м.а., А.Н.Қасымбекова, ф.ғ.к., доцент м.а. Г.К.Темірбекова, мен кафедраның аға оқытушылары А.Т.Абдуллабекова, А.Д.Саимкулова, Д.Ж.Кемелхан, Ф.А.Каспанова, Г.М.Утегенова және шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары И.Б.Абдухакова, А.Ө.Кадирбергенова, Г.Ө.Алипбаева тыңдаушыларға өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, баяндамаларын оқыды. 

Құзыреттілікті қалыптастыратын әдіс-тәсілдері мен технологиялар өздерінің ары қарай жетілдіруі мен дамытуын талап етеді, сонымен бірге білім алушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. 
Семинарға белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.

02.05.2024, 12:17
59 қаралым