С.Асфендияровтың – 135 жылдығына арналған дөнгелек үстел

2024 жылы 17 сәуірде Ғылым апталығына арналған С.Ж.Асфендияровтың 135 жылдығына орай ОҚМА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, педагог, медицина профессоры С.Ж.Асфендияровтың қызмет жолын танып білу, жастарды отансүйгіштікке және қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нұржанбаева, т.ғ.к., доцент С.М.Сахов, т.ғ.к. М.У.Турадилов С.Ж.Асфендияровтың отандық медицина және тарих ғылымдарына қосқан үлесіне тоқталса, аға оқытушы Ә.С.Еркінбекова «Алаштың асыл перзенті» тақырыбында баяндама жасап, С.Асфендияровтың өмірі мен қызметіне қатысты Түркістан облыстық мемлекеттік мұрағаттық құнды құжаттармен таныстырды.
Дөңгелек үстелге медицина факультеті бойынша 1,2 курс білім алушылары белсенді қатысып, Н.Ерден «С.Асфендияровтың тарихи мұралары» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. А.Әмзе М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқыды.
Іс-шара тақырып аясындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу үдерісінде өтті. Медицина факультетінің білім алушылары Р. Аккошов, Э.Хасан, И.Раджабов, Н.Адхамбек пікірталасқа белсенді қатысты.
Дөңгелек үстел соңында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нұржанбаева қорытынды жасап, оқытушылар мен білім алушыларға рақмет айта отырып, білім алушыларды белсенділігі мен өнерлері үшін алғыс хатпен марапаттады.

19.04.2024, 17:35
78 қаралым