12 Сәуір – Ғылым күні

2024 жылдың 12 сәуірінде Ғылым күніне орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Менің кафедрамның ғылыми қызметі» атты ғылыми сайыс өтті. 
Бұл сайыстың мақсаты - жас ғалымдар мен білім алушылардың ғылыми шығармашылығы мен интеллектуалдық дамуын ынталандыру болып табылады.
Ғылыми байқауға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары мен 1 курс білім алушыларынан құралған «Парасат» командасы қатысты. «Парасат» командасының құрамында кафедраның аға оқытушылары: М.У.Тұрадилов, А.А.Беккулова, Л.Т.Махатова, А.Ж.Ибраимова, сондай-ақ ВМ-МА-01-23 тобының білім алушылары болды.
«Парасат» командасы кафедраның ғылыми-зерттеу қызметіне арналған бейнероликті таныстырып, викториналық сайыста білімдерін шыңдады.

Нәтижесінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының «Парасат» командасы аталмыш ғылыми байқауда алғашқы төрттікке еніп, сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

17.04.2024, 17:47
99 қаралым