Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында "Infections Stars" ғылыми-практикалық олимпиадасы

29.12.2023 ж. жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында "Жалпы медицина" мамандығының 4 курс студенттері арасында "Infections Stars" ғылыми-практикалық олимпиадасы өткізілді. "Infections Stars" олимпиадасына қазақ топтары қатысты: в-ЖМКА-03-20, В-ЖМКБ-03-20, В-ЖМКА-04-20, В-ЖМКБ-04-20. Олимпиада бірнеше сатыда өтті: команданың эмблемасы мен атауымен танысу (ауызша және бейнеролик); ситуациялық тапсырмаларға жауап; команда капитандарына арналған ойын түріндегі сұрақтар (экранда жауап нұсқалары бар жұқпалы аурулар туралы сұрақтар ); білім ағашы (команда стикер таңдайды, онда нозология жазылған, олар стикерлерде жазбаша түрде жауап береді және қағаз ағашына бекітеді); қазылар алқасының сұрақтары; еркін конкурс (әр команда өз өнерлерін көрсетеді).

Бұл олимпиадаға қазылар алқасының мүшелері: жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі м. ғ. к., профессор Абуова Г. Н., "МУА" КеАҚ жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі м. ғ. д., профессор Құлжанова Ш.А. (академиялық ұтқырлық бойынша келген), жұқпалы аурулар және дерамтовенерология кафедрасының доценті, PhD Бердалиева Ф. А., жұқпалы аурулар кафедрасының завучі Сарыпбекова Л.Л., 1 - оқу жылының резиденті А. Тұрғанбек. Бағалау объективті болу үшін, қазылар алқасының мүшелеріне осы топтарға сабақ берген ассистенттер қатыса алмайтынын атап өткен жөн.

Студенттер жарыстың барлық кезеңдеріне белсенді қатысып, белсенді студенттер, команданың ең ақылды капитаны, сондай-ақ командалар арасында жүлделі орындар бөлініп сертификатпен және сыйлықтармен марапатталды. Айта кету керек, бұл "Infections Stars" олимпиадасы кафедрадағы бакалаврлар арасында үнемі өткізіліп тұрады, бұл студенттерге жұқпалы ауруларды оқуға қосымша мотивация береді

09.01.2024, 17:29
620 қаралым