Жұмыс берушімен бинарлы дәріс
2024 жылғы 14 мамырда ОҚМА-да фармакогнозия кафедрасында жұмыс берушімен «Зерде-Фито» ЖШС-мен 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Табиғи дәрілік қосылыстар химиясы" пәні бойынша «Құрамында флавоноидтары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар» тақырыбында ашық бинарлы дәріс өтті. Дәрісті фарм.ғ.к., профессор м.а. К.К.Орынбасаровамен бірге «Зерде-Фито» ЖШС сапаны бақылау қызметінің жетекші маманы-Тореханова Н. М. оқыды.
К.К. Орынбасарова флавоноидтарды өсімдіктердің биологиялық белсенді қосылыстар тобы ретінде, олардың жіктелуі, флавоноидтардың әртүрлі топтарының физика-химиялық қасиеттері, флавоноидтарды алу сатысы, құрамында флавоноидтары бар шикізаттың сапалық және сандық талдауы, флавоноидтарды анықтаудың храматографиялық әдісі, флавоноидтардың өсімдіктер әлеміндегі таралуы және биологиялық рөлі туралы толық материал ұсынды. Флавоноидтардың өсімдіктер әлеміндегі таралуы және биологиялық рөлі.
Со-лектор М.Н. Төреханова құрамында флавоноидтары бар «Фламин», «Аренарин», «Танацехол», «Новоимаин», «Кардиовален» сияқты фитопрепараттар, олардың фармакологиялық қасиеттері туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ флавоноидтардың құрамына байланысты фармакологиялық әсері бар және медицинада қолданылатын өсімдіктермен таныстырды.
Студенттер «Зерде-Фито» өндірісіндегі процесстерді көрсететін бейнероликтерге ерекше назар аударды. Осылайша, Корсар-190 аппаратында құрамында флавоноидтары бар құмды салаубас гүлдерін ұнтақтау процесі; қырмызыгүл гүлдерін дірілдеткішке елеу, фракцияларға бөлу; фильтр пакеттік аппаратта орамдау; әр түрлі мөлшерлі дозаторда орамдау процестерін анық көрсетті.
Дәріс барысында алған білімдерін бекіту мақсатында, студенттерге сұрақ-жауап түрінде кері байланыс жүргізілді.
Бинарлы дәріс-бұл студенттерге теорияда ғана емес, сонымен қатар практикада қажетті материалды тікелей білуге мүмкіндік беретін оқытудың интерактивті тәсілі.