ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН ЖӘРМЕҢКЕ
2024 жылғы 30 сәуір күні «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ-да «Жұмыс берушілермен жәрмеңке» тақырыбында жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңке ұйымдастырушылары: интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканы, медицина факультетінің деканы, резидентура бөлімі, ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы және "ОҚМА"АҚ басшылығы.
Жәрмеңке жиынына қатысушылар саны 42-ден асты. Олардың ішінде: Шымкент қаласы, Түркістан облысы практикалық денсаулық сақтау басшылары, "ОҚМА" АҚ басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы (оффлайн) және Павлодар, Қызылорда, СҚО, Атырау, Абай, Талдықорған, Жамбыл облыстарының тәжірибелік денсаулық сақтау басшылары болды.
Жәрмеңкенің мақсаты - қазіргі жағдайда жұмыс берушілердің сұраныстары мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
ЖОО мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылы ЖОО қызметінің сапасы мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші, оның білім беру нарығы мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды критерийлерінің бірі болып табылады.
Дөңгелек үстел-бұл мүмкіндіктерді іске асыруға арналған алаң:
• жұмыс берушілер үшін: тәжірибелік қызметке даярланған жас мамандарды алу;
• ЖОО үшін: бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы көрсеткіштерін арттыру.
Жәрмеңкенің модераторы интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының деканы, PhD К.С.Кемельбеков болды. Алдымен жәрмеңкені салтанатты түрде ашу үшін сөз кезегі «ОҚМА» АҚ ректоры, профессор М.М.рысбековке берілді.
Ректор, профессор М.М.рысбеков өз сөзінде тәжірибелік денсаулық сақтау үшін әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлау бойынша түлектердің сәтті жұмыс істеуі үшін қажетті құзыреттер, сондай-ақ тәжірибелік денсаулық сақтау саласы мен академияның оларды дамытуға болатын өзара іс-қимыл форматтары талқыланды.
Онлайн және оффлайн қатысушы жұмыс берушілер кезегімен сөз сөйледі. Жәрмеңкеге қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігі мен маңыздылығын растады, жоғарыда аталған мәселелерді әрі қарай талқылауға жоғары қызығушылық танытты және Академиямен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Ары қарай, жәрмеңкенің екінші бөліміне сәйкес жұмыс берушілер өз орындарына жайғасып, бітіруші түлектермен өз жұмыс орындарына жұмысқа тарту бойынша талқылаумен мен кездесулер жүргізілді.
Жәрмеңке соңында қорытынды жасалды және жұмыс берушілердің ұсыныстары тыңдалды.