Жұмыс берушілермен дөңгелек үстел
«Медициналық-профилактикалық іс» үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасын жетілдіру мақсатында 30.04.2024 ж Академиялық комитет төрағасы доцент м.а. Ескерова С.У. «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының оқытушыларымен және Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиоло гиялық бақылау саласындағы мамандармен бірлескен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Шымкент қаласы Дезинфекциялық станса басшысының орынбасары С.М.Сапарова, Тұран аудандық Санитариялық-эпидемиоло гиялық бақылау басқармасының бас маманы А.Жүнісбай , Шымкент қаласы Обаға қарсы стансаның дәрігер-бактериологы А.О. Жунисова, ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының эпидемиологы Ғ.Қ.Сыдықов, ОҚМА Медицина факультетінің декан орынбасары Г.З.Муталипова және «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі П.Д.Утепов оқытушылары – З.И.Бейсембаева, Ж.Б.Жаксыбаева және Л.О. Байконсовалар қатысты. Дөңгелек үстелде Ескерова С.У. «Медициналық-профилактикалық іс» үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасын жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар «Медициналық-профилактикалық іс» үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасының мазмұны, санитариялық-эпидемиологиялық бағыттағы базалық және кәсіби пәндерді, олардың модульдерге интеграциялануы туралы, сонымен қатар мамандықтың еңбек рыногындағы орны, практикалық қажеттілігі мен базалары жөніндегі мәселелерді талқылады.