«Зорлық зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында кездесу

2022 жылдың 13 қыркүйек күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Шымкент қаласының ішкі саясат және және жастар істері жөніндегі басқармасының қоғамдық келісім мекемесінің ұйымдастыруымен «Зорлық зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласының «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы С.М.Байзахова мен практик психолог А.П.Турсунбаева, Шымкент қаласының полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Б.Карбеков, психологиялық коуч тренер К.Ертаев және ОҚМА жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Аталған шараны Шымкент қаласының «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы С.М.Байзахова бастап, іс-шара мақсатын атап өтті. Басты мақсат - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу үшін жұмыстар жасау керектігін айтты.

Сөз кезегін алған кездесу қонағы практик психолог А.П.Турсунбаева бүгінгі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық болып тұр. Мамандардың айтуынша, отбасылық ұрысқа материалдық тапшылық, бір-бірін кемсітушілік себеп болады. Осы ретте біздің орталық көмек сұрап келген жандарға психологиялық, моральдық, заңдық тұрғыда көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта осындай үкіметтік емес ұйымдар мен дағдарыс орталықтары Полиция департаменттерімен күш біріктіріп жұмыс жасап жатқандығын айтты.
Іс шараны қорытындылаған психологиялық коуч тренер К.Ертаев ата аналарын сыйлап, сабақтарын жақсы оқуға шақырды.

13.09.2022, 12:57
453 қаралым