«Зорлық зомбылықсыз 16-күн акциясы» тақырыбында кездесу

2021 жылдың 25 қараша күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№-3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Зорлық зомбылықсыз 16-күн акциясы» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№-3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әлеуметтік маманы Г.С.Муталиева мен теолог маманы Б.Омарбаев және ОҚМА жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Аталған шараны Шымкент қаласы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№-3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Омарбаев бастап, іс-шара мақсатын атап өтті. Басты мақсат - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу үшін жұмыстар жасау керектігін айтты.

Сөз кезегін алған кездесу қонағы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№-3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әлеуметтік маманы Г.С.Муталиева бүгінгі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық болып тұр. Мамандардың айтуынша, отбасылық ұрысқа көбінесе жаман әдетке әуес болу, материалдық тапшылық, қызғаныш және бір-бірін кемсітушілік себеп болады. Осы ретте біздің орталық көмек сұрап келген жандарға психологиялық, моральдық, заңдық тұрғыда көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта осындай үкіметтік емес ұйымдар мен дағдарыс орталықтары Полиция департаменттерімен күш біріктірді. Осылайша олар әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға ниетті екендігін айтты.

Іс шараны қорытындылаған Шымкент қаласы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№-3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Омарбаев ислам дінінде қыз баланы аса кадірлегенін, сыйлау керектігін, ата аналарын сыйлап, сабақтарын жақсы оқуға шақырды.

26.11.2021, 23:35
841 қаралым