« Зорлық - зомбылықсыз Қазақстан»
28 қараша 2017 ж. ОҚМФА-ның медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында «Зорлық - зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында жатақхананың акт залында студенттермен заң қорғау ұйымдарының өкілдері арасында кездесу өткізілді.
Кездесуге:
- Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының ЖПҚ «Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау» бөлімінің инспекторы М.Чекерова;
- Әл Фараби ШҚІІБ ПБ ЖПҚБ әйелдерге зорлық зомбылыққа қарсы бөлімінің бас маманы, полиция майоры Г.О. Моминова;
- Абай аудандық ШҚІІБ ПБ ЖПҚБ әйелдерге зорлық зомбылыққа қарсы бөлімінің бас маманы, полиция капитаны Г.Т.Бектемисова;
- Еңбекші аудандық ішкі істер басқармасының «Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау» бөлімінің бас маманы, полиция майоры А.Т. Төреханова;
- Қаратау аудандық ішкі істер басқармасының «Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау» бөлімінің бас маманы, полиция капитаны Қ.А. Семжанова;
- ОҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі А.М. Молдабаева;
- ОҚМФА-ның жастар саясат секторының меңгерушісі Ғ.Д. Оразымбетова;
- қалалық әкімшілік және жастар ресурсты орталығының өкілдері;
- кафедра оқытушылары және студенттер қатысты.
Кездесу барысында мамандар әйелдерге қатысты зорлық зомбылық туралы және қазіргі күні бұл сұрақтың өзекті мәселе екенін айтты. Зорлықтың себептеріне күнделікті тіршіліктен мысал келтірілді, статистикалық мәліметтер көрсетілді, сонымен қатар осы мәселелерді шешу жолдары айтылды. Студенттер сұрақтар қойды және сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарын алды. Студенттер мен оқытушыларға ақпараттық парақтар таратылып, жастар ресурсты орталығы ұсынған «Бойжеткен» фильмі көрсетілді.
Кездесу соңы студенттердің концерттік бағдарламасымен ұласты.
Осы тектес заң қорғаушы органдарымен кездесу жыл сайын 5 жыл көлемінде жүргізілуде.
Оқытушылар кездесу кезінде студенттердің алған ақпараттары оларға өте пайдалы және өздерінің құқықтарын қорғай білуге, заң қорғаушы органдармен ынтымақтаста болып болашақта әйелдерге қатысты зорлық зомбылықпен бірге күресуге көп әсерін тигізеді деп үміттенеді.